бжб. «Спорт және денсаулық күтімі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата18.01.2024
өлшемі18.4 Kb.
#489402
4-БЖБ. 7Т2


4-БЖБ. 7Т2.
«Спорт және денсаулық күтімі» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты

7.4.5.1 -тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер);
оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
7.5.1.1 -сан есімдерді жазба,ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы
Мәтін мазмұнын түсініп жазады;
Сан есімдерді қолданады.

Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут


1-тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, түсінгеніңді жаз.


Қажымұқан Мұңайтпасұлы
Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысы, Жәдік ауылында дүниеге келген. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, «бала балуан» атанады.
Қажымұқан - әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Ол күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгерген. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, қоржынына 56 медаль салған. Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан болмаған. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сияқты әгілі балуандарды жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан - қазақ жерінің нағыз мақтанышы.
1906 ж. Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста Қажымұқан бәсекелестерін жеңіп, әлем чемпионы атанады. Ресейліктер қазақ батырына «Иван Чёрный» деген лақап ат қойып, азан шақырылып қойған есімін жариялауға тыйым салған.
1909 жылы өткен Халықаралық жарыста Мұқан жарыс алаңына «Қара Мұстафа» деген атпен шығады. 1910 жылы Оңтүстік Америкаға келіп, Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен жарыста Америка чемпионы атанады.
Ұлы Отан соғысы бас­талған кезде ол екі жыл бойы өз өнерін халыққа та­ны­тып, цирк өнерімен ел аралап тапқан ақ­шасына ұшақ жасатып, оны майдан­ға сыйға тартты. Қажымұқан 1948 жылы Шымкент облысы, Бөген деген жерде қайтыс болған. Қажымұқан атамызға арнап Темірлан ауылында ескерткіш орнатылған. (190 сөз)



Бағалау критерийі

тапсыр.

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін мазмұнын жазады

1


мәтін мазмұнын түсініп жазады

2

жүйелі баяндайды

2

орфографиялық норма

2

тыныс белгі

2

Жазба жұмысында сан есімдерді дұрыс қолданады

сан есімдерді дұрыс қолданады

2



Барлығы

10





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет