Пән аты: Физиология, анатомия
Сабақтың тақырыбы: Жүрек құрылысы (камералар,қабықтар, клапандар) орналасқан жері және қызметтері.Үлкен және кіші қанайналым шеңбері.Қанайналым шеңберінің артерия және вена қантамырлары.Үлкен қанайналым артерия тамырлары
Сабақтың мақсаты:
1.Білім алушылардың анатомия пәнінен алып жатқан білімдерін жүйелеу.
2. Білім алушылардың анатомия пәні бойынша білімдерін кеңейту
Білімділік: студенттерді жүректің анатомиясымен таныстыру. Үлкен және кіші қан айналым жүйесінің құрылысы мен қызметін ұғыну.
Тәрбиелік: студенттердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан логикалық және клиникалық ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету. Түрлі жағдаяттар мен қосымша сұрақтар арқылы студенттердің нақты білімділігін айқындау.
Сабақты оқыту әдісі: (лекция,семинар,практикалық сабақ, лабораториялық сабақ, өз бетімен жұмыс істеу,бақылау жұмысы,экскурсия т.б)
Сабақ типі: (жаңа сабақ,қайталау сабақ, аралас сабақ,дәстүрлі емес сабақ, біріктірілген сабақ т.б)
Cабақтың көрнекілігі: жұмыс бағдарламасынан көшірме, дәріс, тесттер,оқулықтар, презентациялар, бейнетаспалар, компьютер, проектор, электронды оқулық.
Пән аралық байланыс: жұқпалы аурулар, жұқпалы аурулардағы медбике ісі, биология, хирургия
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі (5 минут) Сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа катысуын тізім бойынша тексеру,сабаққа назарларын аударту.
II.Үй тапсырмасын тексеру(20минут)
Бақылау сұрақтары арқылы білімдерін тексеру.
III.Жаңа сабақты түсіндіру ( 35 минут)
Дәріс жоспары:
1.Жүректің бөлімдері мен анатомиясы
2. Үлкен және кіші қанайналым жүйесі туралы түсінік
3. Артерия және вена қан тамырларының құрылысы мен қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |