Сабақтың тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты



Дата25.06.2016
өлшемі47.95 Kb.
#158573
түріСабақ
Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты:

а) Шығармашылық жұмыстар орындату арқылы мағыналары бір — біріне қарама қарсы сөздердің антоним болатындықтарын ұғындыру,функционалдық сауаттылығын арттыру.
ә) Сыныпта ынтымақтастық орната отырып, ауызбіршілікке, бір — бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
б) Өз ойларын еркін айтуға, оқушының тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: дәстүрден тыс сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, «Қызығушылықты ояту»,
Көрнекілігі: флипчарт, стикер,суреттер, тапсырмалар
Техникалық құрал: интерактивті тақта
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
— Оқушылармен амандасу;
— Сыныпты түгелдеу;
— Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.
ІІ.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

Психологиялық ахуал. Қане балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір – бірімізге қарап жымиып, сәттілік пен жақсы көңіл күй тілейік.

Миға шабуыл. Өткен сабақ бойынша үй жұмысын сұрау. 5 синоним сөз жазып келу.


Омоним сөздер

Синоним сөздер



















Әдемі, жар, көрікті,сұлу, жүз, қара, ғажайып, айт, оқушы, шәкірт, керемет, түс

Сабағымызды бастамас бұрын шежіремен таныстырып өтейін. Ерте, ерте, ертеде Лексика деген қарт өмір сүріпті. Қарттың үш баласы болыпты. Үлкен ұлы «Омоним», ортаншы ұлы «Синоним» кіші ұлы «Антоним» болыпты. Әкесі үш ұлын шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты. Ұлдары ойланыпты. Омоним айтыпты: Түс

Синоним айтыпты: Бал, шекер, қант

Антоним жауап бермепті.

Енді балалар антоним дегеніміз не?

Мағыналары қарама – қарсы сөздер антоним деп аталады.

Жақсы олай болса мына суреттерге назар аударыңыздаршы.


  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Олар қандай сөздер?

  • Суретті салыстырыңдар.



Қадыр Мырза Әлінің «Қырсық» өлеңімен ашу

Сен оған:- Аласа — десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді…

Өлеңде қандай сөздер кездеседі?

—  Антоним дегеніміз не?

Антонимдер

  Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.



Сен білесің бе? Антонимдер — грек тілінде   anti –қарсы, onota — атау

дегенді білдіреді.

Қандай пәндерде антонимдер кездеседі? Мысалы:

Математика сабағында:

Қосу – алу

Көбейту – бөлу

Үлкен – кіші

 Биология сабағында:

Өлі және тірі табиғат

 Әдебиет сабағында:

Мақал – мәтелдерде:

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.



Жұмбақтарда:

Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас (таба нан) т.б

 №1 Тапсырма

Мақал-мәтелдерді сәйкестендір.

Ақыл — дос, ашу — дұшпан

 Көп сөз — күміс.  Аз сөз-алтын.

 Қыс азығын  жаз жина.

Қыс арбаңды сайла,

Жаз   шанаңды сайла.

Дос жылатып айтар

Дұшпан күлдіріп айтар

2 Тапсырма.

Берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңдар

Жақсы —  …                                     Ұзын — …

Үлкен — …                                       Арық — …

Биік —  …                                         Қара — …

Дос —  …                                          Ерте — …

Ақылды —  …                                  Татулық — …

Жоғары —  …                                 Қуану — …

Асты —  …                                    Жылдам -…

Көп —  …                                       Кедей — …



3 Тапсырма.

Сергіту сәті «Қара жорға» биі

4 Кітаппен жұмыс. 93 жаттығу

5Тапсырма.Үлестірме қағаздармен жұмыс.

Төмендегі антоним сөздерді жұп – жұбымен жаз

Қара, бар, қол, семіз,  жоғары, жақсы, кіші,  төмен, аяқ, алыс, үлкен, кеш,  арық, жақын,  жаз,   ерте, жоқ, нашар,қыс, ақ.

Қара  — ақ                                                        жақсы – нашар

алыс – жақын                                                 кіші – үлкен

кеш – ерте                                                      жаз — қыс

бар – жоқ                                                       қол – аяқ

семіз – арық                                                  жоғары – төмен

6 Тапсырма. Бекіту. Тест тапсырмасы

1. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.

А) Мықты

В) Атақ

С) Дәулет

2. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына

жатады?


А) Сын есім

В) Зат есім

С) Үстеу

3. «Адам» сөзінің синонимін тап.

А) Шәкірт

В) Дос


С) Кісі

4. Синонимдік қатардың дұрысын тап.

А) Күлу, сықылықтау, жылау

В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым

С) Көне, жаңа, ескі



5.Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

A) Қара.
B) Ірі.
C) Сары
.
D) Осал.
E) Қас.


6.Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Тыным, тыныштық таппаған.
B) Бұраң бел, алма мойын.
C) Ара гүлге қонды.
D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
E) Сөз ағасы – құлақ.


7.Омоним болатын  сөзді атаңдар.

 А) секіру      Ә) ою         Б) жүгіру



Үйге тапсырма. 95 жаттығу. Ереже жаттау.

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет