Бағалау критерийі:
Мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды.
Дескриптор
-мәтінді мұқият тыңдайды;
-негізгі ойды білдіретін бір сөйлем жазады;
- бірнеше тірек сөздер жазады.
Ғалымдар аспан әлемін арнайы телескоптың көмегімен зерттейді.
Өзіңді тексер!
телескоп
ғарыш
ғалым
Білгенге маржан айдары
Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар. Соның бірі сан есім. Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Неше? Қанша? Нешенші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді. Олар:
Есептік сан есім
|
Реттік сан есім
|
Жинақтық
сан есім
|
Болжалдық
сан есім
|
Топтау сан есім
|
Бөлшектік сан есім
|
Заттың нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.
|
Заттың реттік қатарын білдіріп, нешенші? деген сұраққа жауап береді. - ыншы, - інші, - ншы, - нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
|
Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.
-ау, еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
|
Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжап көрсетеді. Қанша? неше? қай шамада? деген сұрақтарға жауап береді.
|
Нешеден? Деген сұраққа жауап беріп, заттың санын топтап көрсетеді.
|
Заттың бөлшектік санын білдіреді. Қанша? Неше? Деген сұраққа жауап береді.
|
Жазылым
Берілген сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыздар
40-50 – дей, 15- тен, алтау, бесінші, жиырма екі, жүз шақты, 30-30- дан, 25- ке, жетеу, алтыншы, бір мың он төрт, екі-екіден.
Достарыңызбен бөлісу: |