Сабақтың тақырыбы: Аспан денелері қалай зерттеледі? Оқу мақсаттары



бет1/3
Дата29.04.2024
өлшемі159.24 Kb.
#500139
түріСабақ
  1   2   3
13-сабақ. Аспан денелері қалай зерттеледі (копия) (копия)





Мұғалімнің аты-жөні:

Галимова Мөлдір

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 5-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

Төртінші тоқсан, 3-апта, №8сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

7-бөлім: Аспан әлемінің құпиялары

Сабақтың тақырыбы:

Аспан денелері қалай зерттеледі?

Оқу мақсаттары:

5.1.4.1 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
5. ӘТН 4 Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу.

Сабақ мақсаты:

1. Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды, аспан денелерінің қалай зерттелетіні туралы толық мәлімет алады.
2.Жазба жұмыстарында сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, қолдана алады.

Бағалау критериі:

  • Мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды;

  • Сан есімнің мағыналық түрлерін тапсырма орындау барысында қолданады.

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

3 мин



Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Қазақ тілі мен әдебиет сабағына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Аспан денелерінің қалай зерттелетіні туралы білесің.
Сенің меңгеретінің:

  • Мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайсың;

  • Жазба жұмыстарында сан есімнің мағыналық түрлерін қолданасың, ажырата аласың.

Оқушылардың сабаққа назарын аударту

Сабақта не меңгеретіні туралы айту






5 мин

Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді




Презентация




І. Кіріспе



«Галереяға саяхат» әдісі бойынша төмендегі сұрақтарға ойланып, жауап беріп көрейік.

  1. Суретте не көріп тұрсыздар?

  2. Бұл құралдарды қай кезде, неге қолданады деп ойлайсыздар?

  3. Телескоп, радиотелескоп, күн телескопы терминдерін естулеріңіз бар ма?


Бағалау критерийі

  • суретке назар аудара отырып, сұрақтарға жауап береді.

Суретке назар аудару,

Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді



Презентация
Аспан әлемі, телескоптардың суреті

5 мин



ІІ. Негізгі бөлім
А) Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.



2-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Ғалымдар жұлдыздарды зерттеу жұмысын обсерватория деп аталатын ерекше жабдықталған астрономиялық ғимараттарда жүргізеді. Обсерваториялар қала сыртында, зауыт мұржаларының түтіні мен шаңынан аулақта, тіпті ауасы айрықша таза әрі тұнық таулы жерде орналасады. Аспан ашық болған жағдайда ғана жұлдыздарды анық бақылауға болады.
Астрономдардың көмекші «көзі» - телескоп арнайы салынған, төбесі күмбезді, мұнарлы ғимараттарға орнатылады. Кеш батысымен күмбез шатырлар жылжып ашылады да, телескоп аспанға бағытталып, ғарышқа жамырай жымыңдап, өзіне шақырып тұрған беймәлім әлемді нысанаға алады.
Алыстағы нәрселерді жақындатып, үлкейтетін алғашқы дүрбіні 1609 жылы Италия ғалымы Галилей ойлап тапты. Тынбай ізденудің арқасында ол жасаған дүрбі денені үш есе үлкейтіп көрсете алатын дәрежеге жетті. Ғалым денені 1000 еседен жоғары үлкейтіп көрсете алатын дүрбі жасауға бел буады. Осылайша, Галилей астрономия ғылымы үшін әлемді аспаппен бақылауға болатын жаңа дәуір ашты.
1668 жылы Искак Ньютон айналы телескоп ойлап шығарды. Ол линзаларды айнамен алмастырды, соның нәтижесінде кескін айқын көріне түсті. Қазіргі жұлдыздарды бақылауға арналған телескоптардың барлығы - айналы телескоптар.
Тапсырма
«Бұйра бұлттар» әдісі бойынша мәтіннен негізгі ойды білдіретін бір сөйлем және бірнеше тірек сөздер жазып шығыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет