«Бекітемін»
______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Атыс жүргізу
-
Сабақтың мақсаты:
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.
-
Өткізілетін күні:
-
Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.
-
Винтовкадан ату қандай жағдайларда жүргізілуі мүмкін?
-
Жатып атуға орналасу қалай жүргізіледі?
-
Тізерлеп атуға орналасу қалай жүргізіледі?
-
Отырып атуға орналасу қалай жүргізіледі?
-
Ату үшін мергеннің жасайтын іс - әрекеті?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Винтовкадана атыс пәрмен бойынша немесе алға қойылған міндеттер мен жағдайға орай өз бетінше жүргізіледі.
Атыс жүргізуге берілетін Пәрмендер: мергеннің аты-жөні,нысана, көздеуіш, бүйірлік түзеткіші мен көздеу нүктесі атап айтылады: «Мерген Әлімов, пулемет бойынша - 5,солға-1, нысанаға - ат!»
Көздеуіш, бүйір түзеткіші мен көздеу нүктесі мергенге атап көрсетілмеуі де мүмкін,мысалы: «Мерген Мұратов, атыс ойығы бойынша – ат!» Бұл кезде мерген өз бетінше анықталған қондырғылар бойынша атыс жүргізіледі.
Атыс жүргізуге: көздеуішті қою,бүйірлік түзеткішті енгізу,дүмді,көздеуішті қалыпқа келтіріп,ұрыстық қайырымдағы шүріппені ағыту кіреді.
Көздеуішті қою мен оптикалық көздеуіштің бүйірлік түзеткішін енгізу үшін винтовканы өзіне,жақындатады:жоғарғы бұраманы айналдыра отырып,көздеуіштің қажет бөлінісін көрсеткішке қарсы қояды;бұйірлік бұраманы айналдыра отырып, көрсеткішке қарсы бүйірлік түзеткішшкаласының талап етілген бөлінісіне қояды.
Бүйірлік түзеткішті енгізерде: оңға бұру үшін ортаңғы нүктеге қою кезінде қара санды шкаланы,оны соға бұру үшін қызыл санды шкаланы қолданады.
Ашық көздеуішті қою кезінде винтовканы өзіне жақындатып, бас бармақ және сұқ саусақпен қамыт ілгешегін қысып,оны көздеуіш тақтайшасы бойымен алға, оның алдыңғы шеті көздеуіш тақтайшасының керекті бөлінісіне жеткенше жылжытады.
Винтовканы қою үшін оны тежегіштен ағытып тастау керек, ол үшін сол қолмен ұңғы жабуынан немесе оқжатардан,ал оң қолмен дүмді ұстап,нысананы көз алдынан жоғалтпай,винтовканың дүмін артқы иыққа толлық тіреу керек;басты алға иіп,мойынға көп күш түсірмей,оң бетті дүм жағына тигізу қажет;оң қолдың сұқ саусағын шүріппеге салу қажет.
Шынтақты қою төмендегідей жүргізіледі:
-
Жатып ату , оқпанадан ату,тізерлеп және тұрып ату кезінде шынтақ ыңғайлы жағдайда иық кеңдігіне мөлшерлеп жерге қойылады;
-
Тізерлеп оқпанадан тыс ату кезіндесол қол шынтағы сол аяқ тізесінің етті жеріне немесе одан біраз жылжытылып қойылады;
-
Тұрып оқпанадан тыс ату кезіндеоң қол шынтағы иық биіктігіне мөлшерлеп көтеру керек;
-
Отырып ату кезінде екі қол шынтақтары тізеге тіреліп немесе мергенге ыңғайлы болса,тізеден төмен түсіре қойып атуға ьолады.
Егер винтовканынық ұстап тұру үшін атыс кезінде бау қолданылатын болса , бауды сол қолсаусақтарының астына,ұңғы жабуына қысылып тұратындай етіп орналастырған жөн.
Оптикалық көздеуіштің көмегімен көздеу үшін оң көзді көздеуіштің оптикалық осінің бойымен көз қалқанында ұстау керек, ал сол көзді қысуға болады: шынтақты ауыстыра отырып, егер қажет болса дене мен аяқты көздеу нүктесіндегі тор бұрышының ұшына келтіру керек,дәл осы сәтте оң қолдың сұқ саусағының алғашқы буыны мен ағытқыш ілмекті түзету шкаласына көлденең орналасу және мерген көздеуіш маңындағының бәрін көруі қажет.Егер мергеннің көзі оптикалық остен жоғары не төмен жаққа ауысқан болса, көзщ бағытталған көздеуіштің көру алаңында ай тәрізді көлеңке пайда болады.Ай тәрізді көлеңке болған жағдайда оқ көлеңкеге қарсы жаққа ауытқиды.
Ашық көздеуіштің көмегімен көздеу кезінде сол көзді қысып, оң көзбен көздеу тақтайшасының ойығы арқылы қарауылдың төбесіне қарайотырып қарацуыл көздуіш ойығының ортасында , ал оның ұшты көздеуіш тақтайшасындағы белгілердің үстіңге шетімен бірдей болатындай етіп келтіру қажет,яғни «тегіс қарауылға» алу керек; «тегіс қарауылды » көздеуіш нүктесіне келтіріп,онымен бір мезгілде ағытқыш шүріппені басу керек.
Көдеу кезінде көздеуіш тақтайшасы көлденең жағдайда тұруын бақылау керек.
Шүріппені ағыту үшін демді ішке тартып, мерген елеусіз ұрыстық қайырмадан шүріппе шығып кеткенше жайлап басу керек.Егер көздеу кезінде тор бұрышы тегіс қарауыл көздеу нүктесінен едәуір ауытқыған болса немесе көз алдында ай тәрізді көлеңке пайда болса,ағытқыш шүріппені басуды тоқтатпастан,көздеуді нақтылай түсіп,атыс болмайынша,ағытқыш шүріппеге түсетінқысымды күшейте түсу керек.
Шүріппені ағыту кезінде тор бұрышының жеңіл тербелісіне мән бермеу керек.Тор бұрышы көздеу нүктесіне дәл келген сәтте шүріппені басып қалуға ұмтылу,әдетте,шүріппені қозғап жіберіп,атыстың дәл болмауына әкеліп соғады.Егер мерген,шүріппені басқанда дем алмау мүмкіндігін сезсе,онда ол шүріппені басуды күшейтпестен де,бәсеңдетпестен де,дем алуды қалпына келтіріп,содан кейін демді шығармастан,көздеуін нақтылапалып,шүріппені басуды жалғастырған жөн.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Атыс жүргізу үшін берілетін пәрменде нелер аталып айтылады?
-
Атысты жүргізуге не кіреді?
-
Көздеуішті қою мен оптикалық көздеуіштің бүйірлік түзеткішін енгізу үшін не істеледі?
-
Ашық көздеуіштің көмегімен көздеу қалай жүргізіледі?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________
Достарыңызбен бөлісу: |