Сабақтың тақырыбы: Атом ядросының физикасы тарауы бойынша қорытынды қайталау. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата17.09.2023
өлшемі46.37 Kb.
#477767
түріСабақ
  1   2   3
атом ядросы


Қосарал орта мектебі


Ашық сабақтың тақырыбы:



Физика пәні мұғалімі: Азиғалиева Ж.С.


2015 жыл


Сабақтың тақырыбы: Атом ядросының физикасы тарауы бойынша
қорытынды қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың атом ядросының физикасы тарауы бойынша
білімдерін қорытындылап, жинақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, түсініктерін ғылыми тұрғыда
дамыту.
Тәрбиелік: Тарау бойынша қосымша материалдар табуға, ізденімпаздыққа
баулу.
Сабақтың түрі – сабақ-фрейм
Қоданылатын әдістер: Блум таксономиясы. Әңгімелеу, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд, тест, тақырыптық видеолар,
деңгейлік есептер
Пәнаралық байланыс: математика, химия

Фрейма ағылшын тілінен аударғанда рама дегенді білдіреді


Тақтада рама берілген. Сабақтың әр кезеңінде алынған ақпарат арқылы біздің рамамыз үлкейіп кеңи береді.
Оқытушы Фрейм-сабақ туралы мағлұмат береді.


1. Білім: Білгенге маржан ( әзір жауап )
2.Түсіну: Көзбен көріп, зердеңе тоқы
/Видео арқылы сұрақтарға жауап беру/
3. Қолдану: Талаптансаң - жетесің. Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушы
білімдерін тексеру. /деңгейлік есептер /
4. Талдау: Өзің ойлап, өзің тап, өзің ізден
/ ядролық реакциялардың теңдеулерін жазу /
5. Жинақтау: Ізденіс - білімге бастама
Өткен сабақтарда алған білімдерді жинақтаймыз. Тест.
6. Бағалау, үйге тапсырма


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аудару.



  • ІІ. Білім: Білгенге маржан ( әзір жауап )


1.«Физикалық тілде» мәтін бойынша жұмыс
Резерфорд тәжірибелерінен тікелей атомның ... моделі келіп шығады.
(планетарлық)
Центрінде массасы түгелдей жинақталған ... зарядталған атом ядросы орналасқан.
(оң)
Ядроны айнала, белгілі орбиталармен ... қозғалып жүреді. (электрондар)
Электрондардың мұндай қозғалысы ядро тарапынан болатын ... күштің әсерінен туады. (ядролық)
Протондар мен нейтрондарды жалпы түрде ... деп атауға келісілген .(нуклондар)
Протон – бұл заряды оң және модулі бойынша ... зарядына тең бөлшек. (электронның)
Электрон – бұл заряды теріс және модулі бойынша элементарлық ... Кл зарядқа, ал массасы ... кг – ға тең бөлшек. (е=1,6*10-19, mе= 9,1*10-31)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет