Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет10/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып табылады. Семасиология лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі мағынаны әрбір сөздің "жаны" десе болады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы-ономасиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі неліктен екендігі қарастаырлады. Ономасиологияның диалектологияға қатысы бар. Ономасиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикология картасы ономасиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілеріндегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.
Ономасиологияның айырықша бір саласы-ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі антропонимика кісі аттарын зерттеу обьектісі етіп алса, екіншісі топонимика географиялық атауларды зерттеу обьектісі етіп қарастырады. Лексикология сөздерді тілдің сөздік құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар ретінде қарастырады. Лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.
Лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады.
тілдің әр түрлі жақтары бір - бірімен (фонетикалық, лексикалық,грамматикалық) жақтан бір - бірімен байланыста болатыны сияқты оларды зерттейтін тіл білімінің әр түрлі салалары да бір – бірімен үнемі байланыста болады.
Тарихи дамудың барысында дербес (атауыш) сөздер көмекші сөздерге айналу құбылысы грамматиканың қызметінің күшеюі кездесіп отырады.(грамматикалық) екінші жағынан сөз тіркестерінің бір бүтін лексиканың единицаға (сөзге) айналып, лексикологиялық процесі жүріп жатады.
Сонымен лексикология сөзді, біріншіден – мағынасы жағынан, екіншіден – шығушығу тегі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-стильдік сипатымен қызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты қарастырып зерттейді. Лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және барлық сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып қалыптасуы және дамуы туралы ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет