Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 24 жыл»
Мақсаты:
-
Оқушыларды халықтың өткен тарихын құрметтей білуге
-
туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін және патриотизм қасиетін арттыру,
-
Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.
Көрнекілігі: «Тәуелсіз ел» плакаты, Елтаңба, Жалау, 1986 ж. Желтоқсан құрбандарының суреттері, буклет, ҚР Конституциясы
Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Мұғалім.Салеметсіздерме құрметті ұстаздар , оқушылар. Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік танып аңсап келген. олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Қазақстан Республиканың тәуелсіздігіне 20 жыл» атты ашық сынып сағатын өткізіп отырмыз.
Өту барысы:
Жүргізуші. Қазақстан тәуелсіздік алғанына 24 жыл. 24 жылдың ішінде Қазақстандағы 120-дан астам ел танып, 131 ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін ерікті, тату- тәтті өмір сүруде.
Бірақ біздің Республикамыз бірден қазіргідей мемлекет болған жоқ қой.
Тарихымызға қысқаша тоқталып өтейік:
ХV ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық, алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрлікке ел шұбыра көшіп «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.
2 жүргізуші.ХVІІІ –ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады.Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.
ХХ ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қаншасы өз жерінде қырғын көрді.
1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды.
1932-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз. ашаршылықта 9 млн халықтың 2,2 млн-ы опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық,тағы өлім.
Зиялы қауымды қынадай қырған 1937-38 жылдар...
1941-45 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.
жүргізуші Иә, Адамзаттың жылдар бойы даму тарихында жер үшін, тәуелсіздік болған қантөгіс соғыстар көп болды. Соның нәтижесінде талай мемлекекеттің аумағында әлем картасына түзетулер енгені белгілі. XX ғасырдың соңында әлем картасы тағыда өзгеріске түсті. Оған алып империя ҚСРО-ның күйреуі себеп болды, осы қираған жұртта тәуелсіз жаңа 15 мемлекет орнады. Солардың бірі Еуразия құрлығының орталығында орналасқан Қазақстан Республикасы Қазақстан компартиясының орталық комитетінің V пленумында соншама қысқа, бар болғаны 18 минуттың ішінде Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевты орнынан алу мәселесі шешіліп, оның орнына бұрын-сонды Қазақстанда қызмет атқармаған және республика тұрғындарының көпшілігіне беймәлім Генадий Васильевич Колбин сайланды. Соған байланысты 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты Олар «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.
___________
Жетоқсан- заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік, наланың.
Желтоқсан-Қайрат, Ляззат пенен Сәбира
Желтоқсанда құрбаны болған жаланың
Қақап күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қаркөз қара қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн
Тәуелсіздік қаһармандардың рухтарына бас иіп, ұмытпайық
жүргізуші. АЛ Бүгін міне қазақхалқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді , қош айтысты сан ғасырлық шежіремен.
Қаһарман:
Азапты ауыр күндер артта қалды,
Еркіндік ернеуінен таптық балды.
Тізгінін тәуелсіздік қолға ұстап,
Шаттанып шаңырақта жақтық шамды.
Тәуелсіздік-ардақты асыл ұғым,
Тәуелсіздік-қасиетті ұқсаң сырын.
Тәуелсіздік алған ел бақытты ғой,
Тәуелсіздік жайында осы жырым.
Тәуелсіздік келген жоқ оңайлықпен,
Бүгінгі жарқыраған келбетімен.
Тарихты сараласаң көзің жетер,
Қатпарын жаза біліп рет-ретімен.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»
- деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.
1оқушы:
1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
2оқушы:
4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.
3 оқушы:
1995 жылдың тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды.
1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілді.
1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» 1 жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
4 оқушы:
1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
5 оқушы:
2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
7оқушы:
2001 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды.
2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.
6 оқушы:
2003-2005 жыл «Ауыл жылдары» болып жарияланды
2006 жылы «Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы» болып жарияланды
2007 жылы «Қазақстандағы Германия жылы» болып жарияланды
2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды
1 жүргізуші. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды. Қазақстан Республикасы ТМД елдер бойынша экономикалық даму жағынан 1-ші орында.
Және 50 мемлекет қатарына қосылу үшін бәсекеге қабілетті мемлекет
Олимпиада ойындарында бідің туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады.
Биыл ЕҚЫҰ саммиті өтті Онда 55 мемлекет пен 12 серіктес елдің басшылары мен үкімет жетекшілері, 69 халықаралық ұйым жетекшілері, 500-ге тарта үкіметтік емес ұйым өкілдері мен 1000-нан аса журналистер келді.
Мұндай Саммит Азияда бірінші рет өткізілді.
2011 жылы «Қысқы Азиада атты олимпиада ойындыры өткізіліп жатайын деп жатыр
Білім жетістіктері «Болашақ» бағдарламасы.
Жүргізуші:
Үлкен жетістіктердің бірі-Отанымыздың жүрегі тәуелсіздіктің тірегі, жеріміздің кіндігі, халқымыздың бірлігі-Астана-Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті. Дүние жүзіндегі астаналардың ішіндегі ең жас Астана –халқымыздың болашаққа деген үмітінің сенімді кепілі.
1 оқушы.
Тамаша Бәйтерегі Астананың
Айықты белгісі сол жас қаланың
Жер шары сыйып дос құшаққа
Аспалы бесігіндей жас баланың
2 оқушы
Жаңа мешіт мен көрген
Бар қазақ діни ордасы
Тәуелсіздік дем берген
Елбасының қолдасы
3 оқушы
Көргенде жираф қой деп ой туатын
Дәл қойған ұзынтұра жойқын атын
Зәулім үй «Зажигалка атағы бар,
«Күн салғыш» кем-кетігін толтыратын.
4 оқушы
Сан түрлі сәулет гүлін түсірлі атқа,
Қиын-ау, жазып алмай сақтау жатқа
МГУ-дей «Астананың триумфы»
Жарқырап жалт қаратар Мәскеу жаққа
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.» дегендей
Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық. Қорғауға әрқашан да дайын тұрайық. Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы болайық
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кеңеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгін де бір әлемге даңқың жетті.
Жайнай бер, Ұлы Отаным-қазақ елім! бітіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |