Сабақтың тақырыбы Блок: «Бізді қоршаған әлем» Бөлім



Дата18.02.2024
өлшемі5.03 Mb.
#492307
түріСабақ
20-сабақ бейнелеу


Бекітемін:________________ Оқу ісінің меңгерушісі: _______________ 20-сабақ


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
«Торсық» түрлі-түсті қағаздан аппликация жасау.
(Сабақтың тақырыбы)



Блок:

«Бізді қоршаған әлем»

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер.

Мұғалімнің аты- жөні




Күні:

16.02.24

Сынып: 1 а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Торсық» түрлі-түсті қағаздан аппликация жасау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.5.3 Жұмысты орындау үшін сәндік-қолданбалы өнер түрлерін және кейбір техниканы білу.

Сабақтың мақсаты

Сәндік қолданбалы өнерді түсінеді, торсықтың жасалу алгоритмін құрастырады және сипаттайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

2 мин


18 мин


15 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Күлімде, күн, күлімде, Күлсін барлық бала шат. Берекелі бүгіндей, Бейбіт болсын болашақ.
Жаңа сабақ.
Тақтада «Сәндік қолданбалы өнер» деп жазулы тұрады.
Оқушыларға тақырыпқа сай видео көрсету.
https://youtu.be/Eq6cCrdSqmg
-Балалар, мына бейне жазбадан не түсіндіңдер?
-Үйлеріңде оюлы не бар? Оқушылардың жауаптары.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар сабақтың мақсаттарын түсіндіреді:
– біз енді сәндік қолданбалы өнер туралы білеміз;
Қазір біз сабақта торсықты түрлі-түсті қағаздан жасайтын боламыз.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» биін билеу.
Жасаған торсыққа бастырған оюларын желімдейді.
Торсық – Орталық Азиядағы түркі
халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы.
Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған.
Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:
шимайторсық, өркешторсық, жанторсық,
мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды



Ширату жаттығуын орындайды.
Бейне жазбаны көргеннен соң, тақырыпты шығарады.
Сұрақтарға жауап береді.

Билеп сергиді.



Тамаша!
Жарайсыңдар!



Бейне жазба

Сурет дәптер


Интерактивті тақта.

Сабақтың соңы 5 мин

Рефлексия:
«Алтын балық» әдісі. Оқушыларға жасырын сурттер таратылады. Кімге алтын балық түссе, сол оқушы ортаға шығады. Балалар сол оқушыға сұрақтар қояды. Жауап бере алмаса, басқа оқушыларға көмектесуге болады.

«Алтын балық» әдісі бойынша ой қорытып, сабаққа рефлексия жасайды.












































.


























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет