Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Borland C++ Builder ортасында жұмыс
Модуль /пән атауы: Бағдарламаның құрылымын, барысын, әр бағдарламалық модуль үшін тілдік кітапханаларды анықтау
Педагог: Абсаматова Құндыз Абдрайымқызы
2023 жыл 21 қыркүйек
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 3-курс, БҚҚ 21-9
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
2. Мақсаты:
Пәндік сала моделі ұғымымен таныстыру
Пәндік сала моделінің талаптарымен таныстыру
Студенттерді мәтінді форматтаудың негізгі әдістерімен таныстыру;
3. Міндеттері:
1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:
4. Қажетті ресурстар:
Слайд, ноутбук, интерактивті тақта
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
5. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
С++ Builder ортасында жобалар (бағдарламалар) құру
С++ Builder ортасында жұмыс жасаудың бірінші қадамы бұл – жоба құру болып табылады. Жаңа жоба құру үшін меню мәзіріндегі File/New Application батырмаларын қолданасыз.
C++ Builder әдепкі аты Project1.cpp жобаның файлын және Project1.mak make-файлын құрады. Жобаға өзгерістер енгізілген жағдайда, мысалға жаңа форма қоссаңыз, C++ Builder файлды жаңартады.
Жобада әдетте бірнеше форма бар. Жобаға форманы қосу мынадай қосымша файлдарды жасайды: DFM, .CPP, .H файлдары.
Жобаға бір немесе бірнеше форма қосу үшін тармағын таңдаңыз File / New Form тармағын таңдаңыз. Жобаның жаңа формасы пайда болады. Жобаны компиляцияға жіберу үшін менюдегі Compile батырмасын басыңыз. Жоба орындалу кезінде қате жұмыс істейтін болса, C ++ Builder бағдарламаның коды редакторы қате көзін көрсетеді.
C ++ Builderтілінде программаны орындау үшін алты кезеңнен өту қажет: түзету, препроцессорлық (яғни алдын-ала) өңдеу, компиляция, біріктіру, жүктеу және орындау. [2]
Бірінші кезең программаның бастапқы мәтіні бар файлды құру және түзету болып табылады. Ол қарапайым программа мәтінін түзеткіштердің көмегімен орындала береді. Программалаушы осы түзеткіште өзінің С++ программасын тереді. Қажет болған жағдайда ол оған қайтадан қатынас жасап, осы түзеткіштің көмегімен программаның бастапқы мәтініне өзгерістер енгізеді. Содан кейін программа дискте сақталады. С/С++ программаларының файлдарының атаулары "c" немесе "cpp" деп аяқталады. Алайда, Borland C++ v 5.0 (5.2) программалар пакетінің өз түзеткіші де бар, соны да қолданса болады.
Екінші программа мәтінін препроцессорлық өңдеуді бастайды. Компилятордың қызметі – ол программаны машиналық кодқа көшіреді. Яғни ол программаның объектілік коды болып табылады.
С++ программалау жүйесінде трансляция кезеңін бастаудың алдында әрқашан алдын-ала өңдеу программасы орындалады. Ол программаның бастапқы мәтінін трансляциялау алдында қандай түрлендірулерді орындау керектігін көрсететін «трансляция директиваларын» немесе «препроцессор директиваларын» іздеп табады. Әдетте бұл басқа мәтіндік файлдарды компиляцияланатын файлға қосу болып табылады. Препроцессорлық өңдеуді компилятор программа машиналық кодқа түрлендірілмей тұрып жүзеге асырады. Бұл біріктіру процесі басталмай тұрып қажетті функция-программаларды компиляцияланатын программаның мәтініне алып алуға мүмкіндік береді.
Үшінші кезең–компиляция. С++ тіліндегі программаларда программаның сыртында баяндалған түрлі функцияларға сілтемелер болады. Мысалы, стандартты кітапханаларда немесе программалаушылардың жеке кітапханаларында болады. Компилятор құрған объектілік кодтың ішінде осы жоқ болған бөліктердің орнында ойықтар болады.
Төртінші кезең – біріктіру. Біріктіруші объектілік кодты жоқ болған функциялардың кодтарымен байланыстырады да, осылайша орындалатын жүктемелік модульді құрады («ойықтарсыз»).
Бесінші кезең – жүктеу. Орындалу алдында программа жадыға орналастырылуы қажет. Бұл жүктеушінің көмегімен жүзеге асырылады, ол программаның жүктеуші модулін дисктен алып, оны жадыға көшіреді.
Алтыншы кезең – орындалу кезеңі. Программаның алғашқы іске қосудан бастап жұмыс істеп кетуі сирек кездесетін жағдай. Аталған кезеңдердің әрқайсысы қатемен аяқталуы мүмкін немесе қатенің салдарынан сәтсіз аяқталуы мүмкін.
Сондай кезде программалаушы программаның бастапқы мәтінін түзету кезеңіне оралуы қажет. Ол программаның мәтінін жақсылап талдай отырып, қажетті өзгертулерді енгізуі керек. Сосын қатесіз жұмыс істейтін жүктеуші модульді алғанша программаның бастапқы мәтінімен жұмыс істейтін кезеңдердің барлығынан өту керек.
С++ Builder-дің негізгі меню корсетілген (сурет 2.1)
Сурет 2.1 С++ Builder-дің негізгі мәзірі
С++ Builder ортасы
1. Басты терезе (Главное окно).
2. Негізгі меню(Основное меню).
3. Негізгі менюдің пиктограммасы.
4. Обьектлер мәзірі.
5. Жобаның мәтіні.
6. Жоба формасы.
7. Компоненттер мәзірі.
Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишын басу жеткілікті. Builder-ді алғаш шақырғаннан кейін «Builder» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпарацияның WEB-беттеріне кіруге мүмкіндік туады. [3]
Негізі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады.Бұл терезе экранда барлық уақытта болады жəне ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Builder ортасының бас менюі, компоненттер палитрасы орналасқан.
Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды. Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады. Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген жəне олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize-ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды тандап, оны экранға тасып апаруға болады. Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналастырған ынғайлы: Project/Syntax Chek – программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches – отладкалық режимді бақылау терезесіне кіру жəне т.б.
Компоненттер палитрасы – Builder ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан жəне онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы жағдайда экранға көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі жəне т.б.
Events (Оқиға) – қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды.
Код терезесі – программа мəтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мəтін арнайы ереже бойынша құрылады жəне программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мəтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Builder жүйесінде Объект Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н. Вирт 1970 жылы ұсынған жəне оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірді (Turbo Pascal, Borland Pascal жəне Object Pascal деп аталады).
Builder-де программалар түрі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға – программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір əрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның əр іс-əрекеті оқиға шақырады. Əр объектіге байланысты оқиғалар көп. Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы жəне unit1, cpp атауы берілген модуль F12.
Ең алғашында Код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мəтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.
Тіпті қарапайым программа құру үшін программа кодын құрып өзгертуге, жөндеуге тура келеді, төменде код терезесімен жұмыс істеудің негізгі тəсілдері келтіріледі.
С++ Builder бағдарламасында компоненттер 2 топқа бөлінеді. Олар визуалды және визуалды емес.
Визуалды компоненттер жоба орындалмаған сәтте, орындалғаннан кейін де көрініп тұрады.
Визуалды емес компоненттер жұмыс барысында тек пиктограмма болып тұрады, және жоба орындалған кезде ғана арнайы командалар орындайды.
Компоненнті формаға орналастыру үшін, қажет компонентаны шертіп формаға орналастырамыз. Компонентамыз формада пайда болғаннан кейін оның орналасу орның, мөлшер-ұзындығын тағы басқасын өзгерте аламыз.
С++ Builder бағдарламасында әрбір комонентаның 3 характеристикасы бар. Оларға:қасиеттері(Properties), оқиғалары(Events), және әдістері.
Компоненттер қасиеттері– Properties мәзіріндеорналасқан. Бұл мәзірде компонентаның ұзындығын, биіктігін, жалпы сырт келбетін ретеуге болады.
Компоненттер оқиғалары- Events мәзірінде орналасқан. Бұл мәзірде оқиғалар наборы орналасқан.
С++ Builder-дегі оқиғалар:
1.OnClick оқиғасы- немесе тышқанның сол жақ батырмасын басқан кезде орындалады.
2. OnDblClick-компонентаны тышқанның көмегімен 2 рет шерткенде орындалады.
3.OnKeyDown-кез-келген батырманы басқан жағдайда орындалады.
4.onActivate —форманы активациялағанда пайда болады.
5. onClose — форманы жапқан кезде пайда болады.
6.onCreate — форманы құрған кезде пайда болады.
7.onPaint —формада сурет салынған кезде пайда болады.
8.onMouseDown-тышқанның батырмалары басылған кезде жұмыс жасайды
Компоненттер әдістері- бұл компонентамен байланысқан функция болып табылады және жобаның бөлшегі ретінде жарияланады. Оқиғалар өңдеуішін құрып, әдіс шақыруға болады. Мысалға: Edit1->Show();
Show әдісінен бөлек С++ Builder-дегі әдістер:
1.Add әдісі-орындалу барысында элемент индексін шығарады.
(i=ListBox1->ltems->Add) бұл жолда і-міз индекс болып табылады.
2.Hide әдісі-орындалу кезінде компонент көрінбейтін болады.
3.Delete әдісі-орындалу кезінде белгіленген элементті жояды.
4.СanFocus әдісі-орындалу кезінде компоненттің фокус қабылдауын тексереді.
5.СhangeScaie(M,D)-компоненттің масштабын өзгерту мумкіндігіне ие.
6.Ellipse(X1, Y1, X2, Y2)-элипсті немесе шар салу үшін қолданылады.
7.Rectangle әдісі – тіктөртбұрыш салуға қолданылады. [4]
1. Басты терезе (Главное окно).
2. Негізгі меню(Основное меню).
3. Негізгі менюдің пиктограммасы.
4. Обьектлер мәзірі.
5. Жобаның мәтіні.
6. Жоба формасы.
7. Компоненттер мәзірі.
Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишын басу жеткілікті. Builder-ді алғаш шақырғаннан кейін «Builder» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпарацияның WEB-беттеріне кіруге мүмкіндік туады. [3]
Негізі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады.Бұл терезе экранда барлық уақытта болады жəне ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Builder ортасының бас менюі, компоненттер палитрасы орналасқан.
Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды. Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады. Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген жəне олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize-ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды тандап, оны экранға тасып апаруға
болады. Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналастырған ынғайлы: Project/Syntax Chek – программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches – отладкалық режимді бақылау терезесіне кіру жəне т.б.
Компоненттер палитрасы – Builder ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан жəне онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы жағдайда экранға көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі жəне т.б.
Events (Оқиға) – қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды.
Код терезесі – программа мəтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мəтін арнайы ереже бойынша құрылады жəне программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мəтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Builder жүйесінде Объект Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н. Вирт 1970 жылы ұсынған жəне оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірді (Turbo Pascal, Borland Pascal жəне Object Pascal деп аталады).
Builder-де программалар түрі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға – программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір əрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның əр іс-əрекеті оқиға шақырады. Əр объектіге байланысты оқиғалар көп. Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы жəне unit1, cpp атауы берілген модуль F12.
Ең алғашында Код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мəтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.
Тіпті қарапайым программа құру үшін программа кодын құрып өзгертуге, жөндеуге тура келеді, төменде код терезесімен жұмыс істеудің негізгі тəсілдері келтіріледі.
С++ Builder бағдарламасында компоненттер 2 топқа бөлінеді. Олар визуалды және визуалды емес.
Визуалды компоненттер жоба орындалмаған сәтте, орындалғаннан кейін де көрініп тұрады.
Визуалды емес компоненттер жұмыс барысында тек пиктограмма болып тұрады, және жоба орындалған кезде ғана арнайы командалар орындайды.
Компоненнті формаға орналастыру үшін, қажет компонентаны шертіп формаға орналастырамыз. Компонентамыз формада пайда болғаннан кейін оның орналасу орның, мөлшер-ұзындығын тағы басқасын өзгерте аламыз.
С++ Builder бағдарламасында әрбір комонентаның 3 характеристикасы бар. Оларға:қасиеттері(Properties), оқиғалары(Events), және әдістері.
Компоненттер қасиеттері– Properties мәзіріндеорналасқан. Бұл мәзірде компонентаның ұзындығын, биіктігін, жалпы сырт келбетін ретеуге болады.
Компоненттер оқиғалары- Events мәзірінде орналасқан. Бұл мәзірде оқиғалар наборы орналасқан.
С++ Builder-дегі оқиғалар:
1.OnClick оқиғасы- немесе тышқанның сол жақ батырмасын басқан кезде орындалады.
2. OnDblClick-компонентаны тышқанның көмегімен 2 рет шерткенде орындалады.
3.OnKeyDown-кез-келген батырманы басқан жағдайда орындалады.
4.onActivate —форманы активациялағанда пайда болады.
5. onClose — форманы жапқан кезде пайда болады.
6.onCreate — форманы құрған кезде пайда болады.
7.onPaint —формада сурет салынған кезде пайда болады.
8.onMouseDown-тышқанның батырмалары басылған кезде жұмыс жасайды
Компоненттер әдістері- бұл компонентамен байланысқан функция болып табылады және жобаның бөлшегі ретінде жарияланады. Оқиғалар өңдеуішін құрып, әдіс шақыруға болады. Мысалға: Edit1->Show();
Show әдісінен бөлек С++ Builder-дегі әдістер:
1.Add әдісі-орындалу барысында элемент индексін шығарады.
(i=ListBox1->ltems->Add) бұл жолда і-міз индекс болып табылады.
2.Hide әдісі-орындалу кезінде компонент көрінбейтін болады.
3.Delete әдісі-орындалу кезінде белгіленген элементті жояды.
4.СanFocus әдісі-орындалу кезінде компоненттің фокус қабылдауын тексереді.
5.СhangeScaie(M,D)-компоненттің масштабын өзгерту мумкіндігіне ие.
6.Ellipse(X1, Y1, X2, Y2)-элипсті немесе шар салу үшін қолданылады.
7.Rectangle әдісі – тіктөртбұрыш салуға қолданылады.
Бағалау .
Білім алушылардың жинаған балдарын есептеу бағасын шығару.
Қорытындылау.
Сабаққа шолу жасап, жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталып, қорытындылау.
Үйге тапсырма беру. Класс абстрактілі тип
Достарыңызбен бөлісу: |