Сабақтың тақырыбы: «Дара, дана тұлға».
Сабақтың мақсаты: Қонаевтың қайраткерлік өмірінен
мағлұмат беру. Өмірде ұлы тұлға
болып қалыптасқан атамызбен
балаларды жақын таныстыру.
Сабақтың міндеттері : 1.Қонаев туралы ой-пікірлерін арттыру.
2.Ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
3.«Ұлы тұлға» туралы әңгімелей
отырып, балаларды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, слайд
Жоспары:
1. «Қонаев – ұлы тұлға» (бейнекөрініс).
2. Өмірбаяны жылдар сөйлейді.
3. Көзкөрген замандастарының естеліктері. (көрініс)
4. Ақындардың арнаған өлеңдері.
5. Нақыл сөздер . 6. Ойын-сұрақ. «Д.А.Қонаев атамызды білеміз бе»? Қорытынды.
Мұғалім: Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын»-деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды»-деген ойын ашып айтты. «Таулар алыстаған сайын асқақтай береді »- деген сөз бар. Ел мен жұртына қадір-қасиетімен танылған адамдар да сондай Айлар алмасып, жылдар көшіп жылжыған сайын олардың даналығы мен даралығы ерекшелене түседі. Елі сағынады, халқы қадір-қасиетін, адамгершілі мен асыл бейнесін асқақтатады. Димаш ата аман блса-115 жасқа толар еді. Бұл күн бәріміздің биік парасат, асыл адамгершілік, азаматтың асқақтық пен халқына деген қамқорлықтың үлгісін таныта білген ұлы адамды сағына еске алатын күніміз
І. Жүргізуші:
Таудың ұлы өссе егер тауға қарап,
Қазақ жасы Димашқа қарап өскен.
Күллі әлемде елу жыл ел ағасы,
Болған бар ма Димаштай ер данасы дей отырып бейнекөрініске назар аударайық
Мұғалім: Осы дара да дана тұлғаның өмірі мен қызметі жайлы жылдар сөйлейді
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін,
1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателік үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Достарыңызбен бөлісу: |