«Ақ жол» газетінде:
«Ардақты азаматтар! Бұл күнгі мына сұрапыл ашаршылықтың жұртты жан алқымға алып, састырып тұрғандығын өздеріңіз де білетін шығарсыздар. Бұрынғы тарихтарда мысалы көрілмеген бұл ашаршылық жұрттың қолын байлап, танауын тарс бітіріп отыр. Аштықтан аудандағы бауырларың босуда, қырылуда, ашаршылық құрығына іліккен бұл бауырларыңды осы күйі қоя бергенде жұрт болып ел қатарына кіреді, баяғыдай болып үйірге қосылады деуге болмайды. Сондықтан бұл бәленің алдын алып, ерте бастан қамын жеп, тың тұяқ, тоқшылықұ жердегі бауырлары туысқандық, елдің қайырымын жоғалтпас, ыңырсып өлімнің құшағында жатқан ағайындарын ескерер, жәрдем қолдарын созар деген үміттеміз. Бұл туралы ел ішіндегі ақсақал, жұрт ағасы азаматтар елді түсіндірер, үгіттер деп сенеміз. Ал енді ардақты ақсақалдар, ел ағасы азаматтар:
15-майдан бастап Арқадағы ашыққан қазақ, башқұрт бауырларымыздың пайдалары үшін ұдайымен екі жетілік жәрдем аптасы болады. «Өле жегенше – бөле же» – деп айтқан бабаларыңның мақалын қазақ-қырғыз ұмытпас деген ниетпен сіздерге жүзімізді салып, сөзімізді айтып отырмыз. Ендігісін жұрт өзі білер.
Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Иса Қашқымбайұлы, Қоңырқожа Қожықұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Санжар Асфандиярұлы, Мырзағазы Есполұлы, Кәрім Жәленұлы, Сәдуақас Сейфуллин, Әшім Омарұлы,Уәлихан Омарұлы һам басқалар», – деген (А.Мектептегі «Геноцид», «Ана тілі», 2009 жыл, 28 мамыр – 3 маусым) үндеу басылды.
ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Қоғамды билеудегi ең қатерлi әрi қауiптi, адамның санасын тұмандатып, түйсiгiн арандататын құбылыстың бiрi – идеология. Ол байсалды мiнезге, пайымды пiкiрге, тұрақты көзқарасқа ие тұлғаларды да жол айырығында әнтек аттатып, бұрыс бастырып жiбередi. Оның үстiне бұл идея қандай бiр кек пен өштiктiң, күш қолданудың, қарымта қайырудың қаруы болса тiптi сорақы. Ал таптық тартыстың «жауынгерлiк құралына» айналған кеңестiк идеология талай тұлғалардың тағдырын тәлкек еттi. Мұндай арандатуға «тап тартысы күшейiп», «ұлы құрбандыққа» дайындалып жатқан кезеңде «аққу ақын» Сәкен Сейфуллин де түсiп қалды. Пролетариат жазушылары қауымдастығының көсемi ретiнде көркем өнер мен әдебиеттiң таптығы мен саясатқа қатысы туралы ашық айтысқа шығып, Мағжан мен Мұхтарға тiзесiн батырған сәттерi де кездестi. Ол «ұлы құрбандық» тұсында бойын тартып, ашаршылықтан соң идеологиялық майданнан мүлдем күдер үздi.
Алайда, әдебиеттiң ет пен терiсiнiң арасында жүрген, не рухани көсем – идеолог дәрежесiне көтерiле алмай, не өзiнiң дербес идеясын қалыптастыра алмай, Адам Атадан бастап Абайға дейiнгiнiң түгелiнiң бетiне түкiрiп, бесiгiнен безгендер тобы қазақ Ұлтының рухани игiлiгiне қатты қауiп төндiрдi. «Жаңбыр бiр жауса, олар екi жауып», шолақ өрт қойып отырды. «Қужақ» оларды өте ептiлiкпен пайдалана бiлдi. Өршелене өңешiн жырта айғайлағандардың да үнiн кейiн өшiрдi. Әсiресе, Голощекин салтанатты түрде «тағы да бiр контрреволюциялық ұлтшыл ұйым әшкереленiп жатыр» деп жариялаған «ұлы құрбандықтың» екiншi толқынының қатарында Мұхтар Әуезов те бар едi. Мұхтардың бостандықта жүруi оларға кешiрiмсiз жайт көрiндi. Әуезовтiң Ұлтшылдық дертiнiң уытын шығарумен болған олар Мәскеудегi «Әдебиет энциклопедиясында» Мұхтар Әуезов туралы жоғары баға берiлген анықтама басылғанда өзектерi өртенiп кеттi.
Ораз Исаев пен Iзмұқан Құрамысов жем тастап, Ғаббас Тоғжанов пен Әбдiрахман Байдiлдин, Х. Жүсiпбеков жазып, С. Сапарбеков пен О. Жандосов қол қойған ашық хат Ахмет Байтұрсынов бастатқан алаштың ардақтыларын түрменiң босағасынан бiрақ шығарды. 1929 жылы көкек айының 19 күнi «Советская степь» газетiнде:
«Бiр топ жолдастар - «Правда» газетiнiң және «Әдебиет энциклопедиясының» редакциялық алқасына кейбiр жазушы - қазақтардың творчествосына баға беруде «Энциклопедияда» жiберiлген қате пiкiрлерге орай қарсылық - хат жолдады. Көпшiлiктiң ерекше назарын аударған осы хатты толық жариялап отырмыз» деген түсiнiкпен жарияланған «Жазушы - қазақтардың творчествосы туралы» атты хат Голощекиннiң айызын қандырды.
Алаш азаматтарын «құрбандыққа шалудағы» ең соңғы шешушi соққының мiндетiн атқарған бұл хатты бiз де толық келтiремiз.
«Құрметтi жолдастар»!
Бiздiң пiкiрiмiзше, Әуезов пен Байтұрсыновтың шығармаларына маркстiк көзқарасқа мүлдем жат баға берiлген.
Бәрiнен бұрын Әуезовке тоқталайық. «Әдебиет энциклопедиясында»: «ол қазiргi замандағы аса көрнектi жазушы, оның көркем шығармалары таңғажайып дәлдiгiмен және тарихи шындығымен дараланды», - деп жазылған. Бiздiң ойымызша, бұл сыпайылап айтқанда Әуезовтiң өзiн де, оның творчествосын да бiлмеу, түсiнбеу болып табылады. Бiрiншiден, Колчактың тұсында, «Алашорданың» шығыс бөлiмiнiң белсендi қайраткерлерiнiң бiрi ретiнде Әуезов Колчаққа қарсы күреспедi, күрескiсi де келмедi, керiсiнше, сол кездегi бүкiл «Алашорда» үкiметi, оның iшiнде Әуезов Колчакпен одақтаса отырып большевиктерге, кеңес өкiметiне қарсы күрескенi белгiлi.. Бiрақта, кеңес өкiметi орнаған соң Әуезов сол жаққа шығып, партияға өттi де Кир ЦИК-тiң хатшысы мiндетiн атқарды, алайда бұған қарамастан Әуезов саясатта да, әдебиетте де буржуазияшыл ұлтшыл қазақ байларының идеологы болып қала бердi. 1922 жылы партияға қарсы алашорлашыл идеологиясы үшiн Әуезов партиядан шығарылып, жазушылық пен оқытушылық қызметке ауысып кеттi. Ол бұл өзiнiң барлық шығармаларындағы қазақтың тiршiлiгiн өткендi көксеген байдың көзқарасы арқылы баяндайды, қазақтың ескiлiгiн – азаматшылығын жырлайды, қазақтың хандарын, аңызға айналған батырларын, «данышпан» билерiн, ардагер ақсақалдарын және феодалдық сал – серiлерiн мадақтайды, мадақтағанда да үнемi жағымды, бүгiнгi күннiң өзiнде де оларды қадiр тұтуға, үлгi етуге болатындай бейнеде суреттейді (Қараңыз: «Қаракөз», «Еңлiк-Кебек»). Бұл - бұл ма. Жазушы Әуезов өзiнiң осынау реакциялық идеологиясын «әдеби сын» саласында да уағыздаумен болды.
Байтұрсынов туралы берiлген баға да дәл емес. Рас, революцияға дейiн Байтұрсынов қазақтың ұлттық зиялыларының жетекшiлерiнiң бiрi болды, патшалық саясатқа қарсы күрестi, сол кезде ол қазақ тұрмысындағы алдыңғы қатарлы буржуазиялық революционер боп табылды. Алайда мұның барлығы ешкiмге де: «Байтұрсынов - қазақтың аса көрнектi ақыны» деуге құқық бермейдi. ... Ол ақын болған жоқ. Ол публицист болды және публицист болып қалады. Байтұрсынов буржуазиялық ұлтшыл - қазақ байларының идеологы болып қала бередi... Ол контрреволюциялық идеологияны уағыздады. Бүгiнгi қазақ қоғамы Байтұрсыновты бiздiң партиямызға қарсы күрескен және күресiп келе жатқан реакциялық алашордашыл интелегенцияның бiр көсемi деп санайды.
«Әдебиет энциклопедиясының» редакция алқасы жiберген қателiктердi түзету мүддесiн көздеген бiздiң бұл пiкiрiмiзге «Правданың» бетiнен орын беруiңiздi өтiнемiз.
Коммунистiк сәлеммен: О. Исаев, Ә. Құрамысов, Ғ. Тоғжанов, С. Сапарбеков, О. Жандосов, Х. Жүсiпбеков, А. Байдiлдин».
Сол кездегi қазақ зиялыларының қаймағы мен идеологтары мақұлдап қол қойған бұл ашық хат, шын мәнiнде. Мемлекеттiң атынан жасалған ресми айыптау мәлiмдеме едi. Бұрын Мәскеуге жалтақтаған жандар ендi олардың да сөзiне қарсы уәж бiлдiре алатындықтарын байқатып, жонын көрсеттi және мұқым Кеңес империясына оларды жау деп жариялады. Iле – шала бiр айдың iшiнде Ахмет пен Жүсiпбек, Мағжан қамауға алынды.
--------------------------------------------------------------
Қазақ ұлтының рухани тұтқалары тұтқындалған соң саяси сахнаны тылсым тыныштық басты. Сәбит Мұқанов, Әбдiлда Тәжiбаев, Сағыр Камалов, Iлияс Қабылов iспеттi әр нәрседен дәмелi ұрпақтардың әдебиет төңiрегiндегi шақпа тiлдi ұрандары баспасөзде жарияланғанымен, олардың пiкiрiнiң ұлы идеологияға ықпалы жүрмедi. Олардың сөзiне әлi тұлғалық салмақ бiте қоймап едi. Тек өшiп бара жатқан қазанның отын қағыстырғандай ғана әрекет-тiн. Ғаббас Тоғжанов қана киiп-жарып, қиғылық салып қойып отырды. Ал мемлекеттiң идеология саласын басқаратын қайраткерлер дымын iшiне тартып алды. Өйткенi, Әбдiрахман Байдiлдиннiң өзi абақтыға қамалған соң, есерге де өмiр керек, олардың барлығы бұқпалап, қалтарыста қалды. Өздерiнiң де жазалау диiрменiне жем боп тартылып кететiнiн тез аңғарды. Диiрменнiң тасы етектерiне тиiп кетiп, тиiп кетiп жүрдi. «Қарғайын десем – жалғызым, қарғамайым десем жалмауызым» дегендей, қамаудағы қайраткерлер оларды жақтырмаса да жалған айып тағып, бiз көргендi – сен де көр демедi. Онда қазақ ұлты мүлдем иесiз қалатынын бiлдi. Ал әйгiлi белсендiлер тiске жұмсақ байлардың тамырын шабуға кiрiстi. Сонда да түрме жақтағы дыбысқа қуыстана құлақ түрдi.
Рухында елдiк қасиетi бар белсендi зиялылар ойсоқты күйге түстi. Елдiң иесiз қалғандығын, «Қужақтың» есе – теңдiк бермей еңсерiп, жұртты қуырып бара жатқанын, рухани әлемнiң жүдеп-жадағаныны, Қалмақан Әбдiқадiровтін ұлттық тұтқа шықпайтынын анық сезiндi. Кеңес өкiметiн өз қолымен құрған Сәкен Сейфуллиннiң өзi қызыл революцияны – жұтқа ұшыраған көтерем қызыл атқа дастан жазды.
------------------------------------------------
[[[[[[[[[[[хххххххххххххххххххххххххххххх
ӘУЕЗОВ
Бұл араға «Талқы», 84 беттегі сызылған абзац келеді.
Қоғамды билеудегi ең қатерлi әрi қауiптi, адамның санасын тұмандатып, түйсiгiн арандататын құбылыстың бiрi – идеология. Ол байсалды мiнезге, пайымды пiкiрге, тұрақты көзқарасқа ие тұлғаларды да жол айырығында әнтек аттатып, бұрыс бастырып жiбередi. Оның үстiне бұл идея қандай бiр кек пен өштiктiң, күш қолданудың, қарымта қайырудың қаруы болса тiптi сорақы. Ал таптық тартыстың «жауынгерлiк құралына» айналған кеңестiк идеология талай тұлғалардың тағдырын тәлкек еттi.
Мұндай арандатуға «тап тартысы күшейiп», «ұлы құрбандыққа» дайындалып жатқан кезеңде «аққу ақын» Сәкен Сейфуллин де түсiп қалды. Пролетариат жазушылары қауымдастығының көсемi ретiнде көркем өнер мен әдебиеттiң таптығы мен саясатқа қатысы туралы ашық айтысқа шығып, Мағжан мен Мұхтарға тiзесiн батырған сәттерi де кездестi. Ол «ұлы құрбандық» тұсында бойын тартып, ашаршылықтан соң идеологиялық майданнан мүлдем күдер үздi.
Алайда, әдебиеттiң ет пен терiсiнiң арасында жүрген, не рухани көсем – идеолог дәрежесiне көтерiле алмай, не өзiнiң дербес идеясын қалыптастыра алмай, Адам Атадан бастап Абайға дейiнгiнiң түгелiнiң бетiне түкiрiп, бесiгiнен безгендер тобы қазақ Ұлтының рухани игiлiгiне қатты қауiп төндiрдi. «Жаңбыр бiр жауса, олар екi жауып», шолақ өрт қойып отырды. «Қужақ» оларды өте ептiлiкпен пайдалана бiлдi. Өршелене өңешiн жырта айғайлағандардың да үнiн кейiн өшiрдi. Мәскеудегi «Әдебиет энциклопедиясында» Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезов туралы жоғары баға берiлген анықтама басылғанда өзектерi өртенiп кеттi. Ораз Исаев пен Iзмұқан Құрамысов жем тастап, Ғаббас Тоғжанов пен Әбдiрахман Байдiлдин, Х. Жүсiпбеков жазып, С. Сапарбеков пен О. Жандосов қол қойған ашық хат Ахмет Байтұрсынов бастатқан алаштың ардақтыларын түрменiң босағасынан бiрақ шығарды. 1929 жылы көкек айының 19 күнi «Советская степь» газетiнде:
«Бiр топ жолдастар – «Правда» газетiнiң және «Әдебиет энциклопедиясының» редакциялық алқасына кейбiр жазушы қазақтардың творчествосына баға беруде «Энциклопедияда» жiберiлген қате пiкiрлерге орай қарсылық – хат жолдады. Көпшiлiктiң ерекше назарын аударған осы хатты толық жариялап отырмыз» – деген түсiнiкпен жарияланған «Жазушы – қазақтардың творчествосы туралы» атты хат Голощекиннiң айызын қандырды.
Алаш азаматтарын «құрбандыққа шалудағы» ең соңғы шешушi соққының мiндетiн атқарған бұл хатты бiз де толық келтiремiз.
«Құрметтi жолдастар»!
Бiздiң пiкiрiмiзше, Әуезов пен Байтұрсыновтың шығармаларына маркстiк көзқарасқа мүлдем жат баға берiлген.
Бәрiнен бұрын Әуезовке тоқталайық. «Әдебиет энциклопедиясында»: «ол қазiргi замандағы аса көрнектi жазушы, оның көркем шығармалары таңғажайып дәлдiгiмен және тарихи шындығымен дараланды», – деп жазылған. Бiздiң ойымызша, бұл сыпайылап айтқанда Әуезовтiң өзiн де, оның творчествосын да бiлмеу, түсiнбеу болып табылады. Бiрiншiден, Колчактың тұсында, «Алашорданың» шығыс бөлiмiнiң белсендi қайраткерлерiнiң бiрi ретiнде Әуезов Колчаққа қарсы күреспедi, күрескiсi де келмедi, керiсiнше, сол кездегi бүкiл «Алашорда» үкiметi, оның iшiнде Әуезов Колчакпен одақтаса отырып большевиктерге, кеңес өкiметiне қарсы күрескенi белгiлi. Бiрақ та, кеңес өкiметi орнаған соң Әуезов сол жаққа шығып, партияға өттi де Кир ЦИК-тiң хатшысы мiндетiн атқарды, алайда бұған қарамастан Әуезов саясатта да, әдебиетте де буржуазияшыл ұлтшыл қазақ байларының идеологы болып қала бердi. 1922 жылы партияға қарсы алашорлашыл идеологиясы үшiн Әуезов партиядан шығарылып, жазушылық пен оқытушылық қызметке ауысып кеттi. Ол бұл өзiнiң барлық шығармаларындағы қазақтың тiршiлiгiн өткендi көксеген байдың көзқарасы арқылы баяндайды, қазақтың ескiлiгiн – азаматшылығын жырлайды, қазақтың хандарын, аңызға айналған батырларын, «данышпан» билерiн, ардагер ақсақалдарын және феодалдық сал-серiлерiн мадақтайды, мадақтағанда да үнемi жағымды, бүгiнгi күннiң өзiнде де оларды қадiр тұтуға, үлгi етуге болатындай бейнеде суреттейді (Қараңыз: «Қаракөз», «Еңлiк-Кебек»). Бұл – бұл ма. Жазушы Әуезов өзiнiң осынау реакциялық идеологиясын «әдеби сын» саласында да уағыздаумен болды.
Байтұрсынов туралы берiлген баға да дәл емес. Рас, революцияға дейiн Байтұрсынов қазақтың ұлттық зиялыларының жетекшiлерiнiң бiрi болды, патшалық саясатқа қарсы күрестi, сол кезде ол қазақ тұрмысындағы алдыңғы қатарлы буржуазиялық революционер боп табылды. Алайда мұның барлығы ешкiмге де: «Байтұрсынов – қазақтың аса көрнектi ақыны» деуге құқық бермейдi. ... Ол ақын болған жоқ. Ол публицист болды және публицист болып қалады. Байтұрсынов буржуазиялық ұлтшыл-қазақ байларының идеологы болып қала бередi... Ол контрреволюциялық идеологияны уағыздады. Бүгiнгi қазақ қоғамы Байтұрсыновты бiздiң партиямызға қарсы күрескен және күресiп келе жатқан реакциялық алашордашыл интелегенцияның бiр көсемi деп санайды.
«Әдебиет энциклопедиясының» редакция алқасы жiберген қателiктердi түзету мүддесiн көздеген бiздiң бұл пiкiрiмiзге «Правданың» бетiнен орын беруiңiздi өтiнемiз.
Коммунистiк сәлеммен: О. Исаев, Ә. Құрамысов, Ғ. Тоғжанов, С. Сапарбеков, О. Жандосов, Х. Жүсiпбеков, А. Байдiлдин».
Сол кездегi қазақ зиялыларының қаймағы мен идеологтары мақұлдап қол қойған бұл ашық хат, шын мәнiнде, Мемлекеттiң атынан жасалған ресми айыптау мәлiмдеме едi. Бұрын Мәскеуге жалтақтаған жандар ендi олардың да сөзiне қарсы уәж бiлдiре алатындықтарын байқатып, жонын көрсеттi және мұқым Кеңес империясына оларды жау деп жариялады. Iле-шала бiр айдың iшiнде Ахмет пен Жүсiпбек, Мағжан қамауға алынды. Сол тергеудегі Д.Әділевтің:
«Сөйтіп жағдай шиеленісіп кетті. Мен Әулиеатаға келдім. Қожановтың үй-іші де сонда келіпті. Әулиеатада Ишекеев деген танысымның киіз үйінде жаттым. Қайнекенов деген милиция қағаз-қарындаш әкеп берді. Болған оқиға туралы Губкомның атына мәлімдеме жазып, оны Қаратілеуовке тапсырдым. Губкомның хатшысы Кушнер еді. Мәлімдемені Орынбордағы үкіметке жіберуді өтіндім. Милиция бастығы мен прокурор Үмбетбаев менімен жақсы қарым-қатынаста болды. Маған Түркияға жасырын кетіп қалу туралы ұсыныс айтқандар да болды. Мен: Рысқұловпен жақсымын, сондықтан Ташкентке барамын – дедім. 1923 жылы күзде Ташкентке қайтып келіп Қазақ комиссиясы мен Оқу-ағарту институтына оқытушы, біраз уақыт директор болып істедім. Ұйымға қайта мүшелікке алындым. Оның жаңа құрамында Мұхтар Әуезов пен Мағжан Жұмабаев болды-ау деймін. Ташкентте мен оқу-ағарту комисариатының жанындағы ғылыми орталық пен қазақ ағарту институтына оқытушы боп орналастым. Онда Досмұхамедов, Әубәкір Диваев, Жұмабаев, Жандосов, Соколовский, Мұхтар Әуезов жұмыс істейтін. Мұхтар оған дейін Орталық комитеттің президум мүшесі болған. Мен Қожановтың әйелінің ағасының үйінде тұрдым. Сол кезде Жандосов та Ташкентке келді. Ол мені Соколовскиймен танстырды. Қазақтың тұрмыс-салтын зерттеу туралы тапсырма алып Жетісуға Жандосовпен бірге келдім. Түркістан республикасына қосылу, қосылмау туралы ел арасында қатты қайшылық бар екен» – деген көрсетіндісі М.Әуезовті де қара тізімге ілді.
Ұлт зиялыларының Ташкентке жаппай ауысуы секемшiл өкiметтiң күдiгiн тудырды. «Алашорда» қайраткерлерiн түрмеге бiр-бiр сүңгiтiп алса да оларды сотқа тартатындай сылтау табылмады. Ол өкiнiшiнiң орынын тергеу орындары 1929–1931 жылдардағы «ұлы құрбандықтың» тұсында толықтыруға тырысты. Ақыры ештеңе таба алмаған соң «қысым көрсетiпе, азапқа салған» Байғасқин Есiмге:
«Мен өзiмнiң бұл куәлiгiмде алғашқы жолғы жауапта ұмытып кеткен мына бiр жайды қосқым келедi. Мен өзiмнiң алғашқы жауабымда: Әнуар паша мен Заки Уәлидидiң саяси сахнаға шығуына байланысты 1922 жылдың мамыр айында алашордашылардың арасында бiр қозғалыстың басталғанын, алашордашыл Әуезов Мұхтар мен Тоғжановтардың қазақ ауылдарында ұлы түрiкшiлдiк рухты насихаттағанын айтқамын (Менiң бiрiншi жауабымды қараңыз). Петропавлдық алашордашылардың арасына осы ұлы түрiкшiл үгiт – насихатты жүргiзген тұста, бiр жолы сол кездегi губерниялық атқару комитетiнiң төрағасы Қазбеков Смағұл, губерниялық партия комитетiнiң ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi Бейсенов Мұхамеджан және Әуезов, Тоғжанов, Жұмабаев, Қияқов, тағы да басқа мен аты – жөнiн ұмытып қалған адамдар өзара ұзақ кеңестi, бiрақ ортақ шешiмге келген жоқ, сонда да өзара пiкiр алысуларын жалғастыра бердi, ақырында Әнуар мен Закидiң iс-әрекетiнiң нәтижесiне қарай қимылдамақ боп, ешқандай шешiм қабылдамауға келiстi. Маған мұның барлығын солардың iшiнде жүрген Байтасов айтты және оны жұрттың бәрi бiлетiн. Байтасовтың сөзiнен ұққаным мұның мәнiсi - қарулы әскер жасақтау, ауылды көтерiлiске дайындау екен. Менiң бұдан түйген тұжырымым мынау: егерде Әнуар паша мен Закидiң әскерi жеңiске жетiп, iлгерi басқан қадамы сәттi болса, онда алашордашылар халықты сөзсiз көтерiлiске шығарар едi. Жаңылмасам, маған Байтасов: Қожанов пен Рысқұловтың, Әнуар паша мен Заки Уәлидидiң арасында байланыс бар – деп айтқан сияқты. Бұдан басқа айтарым жоқ», – деп жалған куәлiк жаздырды.
Тергеу ісіндегі: «Есiм Байғасқиндi «қыстап, барлық тәсiлдi қолданып, қалайда Байтасовтың атынан жалған мәлiмет жаздыруға тырыс», – деген бұйрық соны растайды. Сөйтiп, Әуезов аяқ астынан басмашы боп шыға келдi. Сонымен, бұрын Қазақстаннан сырт жерде жүрiп, назардан тыс қалып келген Мұхтар Әуезов те қарауылға iлiндi. Әсiресе, Голощекин салтанатты түрде «тағы да бiр контрреволюциялық ұлтшыл ұйым әшкереленiп жатыр» деп жариялаған «ұлы құрбандықтың» екiншi толқынының қатарында Мұхтар Әуезов те бар едi. Мұхтардың бостандықта жүруi оларға кешiрiмсiз жайт көрiндi.
1930 жылы қыркүйектiң 17 жұлдызы күнi таңсәрiде Ташкент қаласындағы Салар өзенiнiң бойындағы үйiнде Мұхтар Әуезов тұтқынға алынды. Ташкенттегi алдын-ала өткiзiлген сұрақ-жауаптан кейiн Алматының түрмесiне жеткiзiлдi. Бiрiккен саяси бас басқарманың – ОГПУ-дiң ерекше бөлiмiнiң бiрiншi бөлiмшесiнiң бастығы Поповтiң ұсынысымен, ерекше бөлiм бастығының көмекшiсi Волоховтiң келiсiмiмен 1930 жылы қазанның 15 жұлдызында:
«Қылмысты iстер кодексiнiң 58 – 11 және 59 – 3 баптарымен айыпталған М.Тынышбаев пен Досмұхамедовтардың № 2370 тергеу – iсiн қарай отырып:
Осы тергеу iсi бойынша жауапқа тартылған 33 жастағы, Семей округiнiң шыңғыс болысында туған, Ташкент қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, орта шаруа баласы, апртияда жоқ, жоғары бiлiмдi, ұстаз – журналист, үйленген, 2 баласы бар, бұрын тергеуге алынбаған, сотталмаған азамат Әуезовтiң қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысып, Қазақстандағы кеңестiк науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздегенi, өкiмет мекемелерi мен ВКП(б)-ның, жерге қоныстандыру мекемелерiн, мәдени-ағарту және оқу орындарын, баспасөздi өздерiнiң ықпалына қаратып, жаулап алуға ұмтылғаны; Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысына жетекшiлiк жасап, сондай қозғалысты қазақстанда да ұйымдастыруға әрекеттенгенi, кеңес өкiметiн құлатуды алдына мақсат етiп қойғаны толық әшкерелендi.
Сондықтанда УПИ-дiң 128 тармағына сәйкес азамат Әуезов Мұхтарды № 2370 тергеу iсi бойынша жауапқа тартып, оған қылмыстық iстер кодексiнiң 58 – 71 және 58 – 11 баптары бойынша айып тағылып, бұл туралы ОГПУ мекемелерiндегi тергеу жұмыстарын бақылайтын Прокурорды хабардар етуге қаулы қабылдады».
Сонымен, Мұхтардың 1918 жылы жазған өз сөзi өзiнiң басына келдi. Ол:
«Елiн сүйiп, елдiгiн iздедi. Елдiкке келген қауiпке... күйiнiп, қарсы шықты. Елдiгi аман қалуы үшiн ендi бейнетке, өлiмге, иә басқа түрлi қазаға шыдап кетiп, тарих жүзiнде» соны дәлелдеуi ғана қалды.
Алғашқы сұрақтар алыстан орағытылып барып қойылса керек. Өйткенi Мұхтар мұнда өзiнiң өмiр жолының елеулi кезеңдерiне баға бере келiп, кеңес өкiметiне сiңiрген еңбегiн баса көрсетуге тырысады. Тергеу арасының ұзаққа созылуы Мұхтардың ойланып жауап беруiне мүмкiндiк жасағанымен, түрменiң жағдайы оған әсер етпей қойған жоқ. Халел Досмұхамедов пен Тынышбаев туралы пiкiрiне келетiн болсақ, бiрiншiден, мұны әр тұлғаның арасында бола беретiн қарым - қатынас ретiнде қараған жөн. Екiншiден «аразбын» деу арқылы ара жiгiн ашып алып отыр. Бұл – сыналған, сынақтан өткен, өзiн өзi ақтаған «түрменiң заңы».
«ГПУ–дiң өкiлеттi өкiлiнiң орынбасары Ольшанскийге және Попов жолдасқа
Тұтқын Әуезов Мұхтардан
Мәлімдеме
6/ХII күнгi маған көрсетiлген айыптау қорытындысына қарағанда мен 58 – статьяның 7 және 11 тармақтары бойынша жауапқа тартылыппын, оның мағнасына (формулировкасына) орай менiң түсiнгенiм мынау: мен Досмұхамедов пен Тынышбаевтiң ұйымының құрамына мүше болыппын-мыс және сол ұйымның тапсырмаларын орындай жүрiп, кеңес мекемелерiндегi бұл ұйымның идеялық ықпалын күшейтуге әрекеттенiппiн, жерге қоныстандыру, баспасөз, мектеп саласы бойынша жүргiзiлген аса маңызды шараларды жүзеге асыруға тосқауыл қойыппын, мұндай мемлекеттiк жоспарлы iстiң атқарылуына мен кедергi жасаппын – мыс.
Мен өзiмнiң өмiрiмде қандайда бiр мекемеде iстемейiн, бiрде – бiр рет 7 –тармақтағы айыптаудан туындайтын экономика саласындағы контрреволюциялық бүлiкшiл әрекетпен айналысқан емеспiн және бұл айыптың маған қатысы бар екендiгiне ешқандайда сенбеймiн.
Оның үстiне мен 1924 жылдан бастап Қазақстанда қызмет iстегемiн жоқ (1924 жылға дейiн Ленинградта тұрып оқыдым, ал 1928 жылдан бастап тұтқындалған күнiме дейiн Ташкентте тұрдым, САГУ –дiң ғылыми қызметкерi болып iстедiм).
Сондай – ақ соңғы екi жылда мұнымен қоса қазақ мектептерiнде (оқу – ағарту институтында және орман шаруашылығы техникумында) қазақ әдебиетiнiң тарихының оқытушысы ретiнде өткiзiлген дәрiстерiмдi өкiметiң ағарту саласындағы бекiтiп берген бағдарламасына қарсы жүргiздi –мiс деген айыпты да мойындамаймын, керiсiнше, қазақ әдебиетiн маркстiк әлеуметтiк тұрғыда оқытуды негiз етiп алған менiң жұмысым өзiнiң пайдасын тигiзгенiне және Қазақстанның орта мектептерiнiң әлеуметтiк бағытына сай жүргiзiлгенiне ешқандай шүбәсiз сенемiн. Бұл бағдарлама қазақ әдебиетi мен қоғамтану пәндерiнiң оқытушыларының 1930 жылы жазда өткен өлкелiк кеңесiнде бекiген болатын. Екi жылдық ұстаздық қызметiм тек осы бағдарламаның негiзiнде жүргiзiлдi, ал бұл бағдарлама марксизмге жат идеология мен қондырғылардың барлығын батыл ысырып, терiске шығарады.
Баспасөз беттерiндегi мақалаларыма орай сiздiң назарыңызды мына мәселеге аударамын: Қазақтың мерзiмдi баспасөздерiндегi идеологиялық күрес пiкiр алысу (дискуссия) үрдiсiнде бiреше жыл бойы жүргiзiлдi, менi сырттай қосақтап кiргiзiп қойған әдеби топтың кқзқарасын көздеп бiр де бiр мақала жазған (1922 – 23 жылдан кейiн) жоқпып. 1926 жылғы қаңтар айынан кейiн жарық көрген жалғыз шығармам - «Қилы заман» повесi. Алайда ол тарихи шығарма болғандықтанда, бүгiнгi күнге ешқандай қатысы жоқ. Ал соңғы жылдары басылып шыққан оқу құралдарына келетiн болсақ, мен оны қазақ мектебiнiң бастауыш кластарына көмек көрсету үшiн ғана жаздым.
Жалпы алғанда, мен өзiмнiң әдеби шығармаларымда ешқашанда контрреволюциялық арандатуға барған емеспiн, егерде алғашқы кезде жiберген идеологиялық ауытқуларым болса, онда оның қандай дәрежеде зиян әкелгендiгiн, қандай пайда келтiрiлгенiн тергеу орындары емес, өлкелiк комитеттiң тиiстi бөлiмдерi анықтауы тиiс. Сондай–ақ, жоғарыда аталған туындыларды 7 – тармаққа әкеп қосақтау – шектен шықққандық деп есептеймiн.
Соңғы айтарым: Досмұхамедов пен Тынышбаевтiң астыртын ұйымына қатысың бар деген айыпты маған жабылған жала деп есептесе, одан мүлдем бас тартамын, басқасын былай қойғанда, мен оларды сондай бiр сүйкiмдi саяси тұлға деп ешқашанда таныған емеспiн. Тiптi қиыннан қылысып, жолымыз тоғыса қалған күннiң өзiн де, бұл екi адамға деген менiң көзқарасымның терiстiгiне байланысты, қасақана олармен бiрге жүрсем едiм. Бұл екi адамға деген өзiмнiң бағамды мен 1926 және 1927 жылдары – ақ берiп қойғанмын. «Сұғанақ сұр» повесiм мен Абайдың өлеңдерiне жазған алғы сөзiмде берiп қойғанмын. (Бұл екi қолжазбаны сiздердiң адамдарыңыз өзге жазуларыммен қоса алып кеткен болатын).
Байларды тәркiлеуге қатысты көзқарасымды бiр повесть пен орыс тiлiнде жазылған «Соңғы соққы» атты либреттомен бiлдiрдiм, онда бұған аса маңызды революциялық шара деп баға бердiм. Бұл «Соңғы соққы» деген атпен «Шығыскиноға» тапсырылды. Мұнда ешқандай өшпендiлiк жоқ, сол шараларды жүзеге асырған кездегi адамдардың шынайы iзгiлiк сезiмi суреттеледi.
Әуезов. 12/ ХII – 30 ».
Шындығында, мәселе, Досмұхамедов пен Тынышбаевта да, «Қилы заман» мен «Соңғы соққыда» да емес, мәселе, тергеу iсi басталмай жатып кеңес өкiметiнiң идеология қайраткерлерiнiң «Правдаға» жазған хатындағы:
«Колчактың тұсында, «Алашорданың» Шығыс бөлiмiнiң белсендi қайраткерлерiнiң бiрi ретiнде Әуезов Колчакқа қарсы күреспедi, күрескiсi де келмедi, керiсiнше сол кездегi бүкiл «Алашорда» үкiметi, оның iшiнде Әуезов Колчакпен одақтаса отырып большевиктерге, Кеңес өкiметiне қарсы күрескенi белгiлi... Бiрақта, Кеңес өкiметi орнаған соң Әуезов сол жаққа шығып, партияға өттi», – деген сөздер де еді.
Осының өзі-ақ айып қорытындысын шығаруға толы жарап жатқан болатын. Бұл өте салмақты алғышарт еді. Сондықтан да тергеушілер ойланып жатпастан Мұхтар Әуезовке:
«Алашорданың» атынан Колчактың үкiметiмен келiсiм жүргiздi және Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысына жетекшiлiк еттi, ұлтшыл-контрреволюциялық астыртын ұйымға қатысты” – деген айып тағылды.
«Алашорда» үкiметiнiң Колчакпен уақытша одақ құрып, қазақ ұлтын қантөгiстен аман сақтауға ұмтылғаны тарихи шындық. Алайда Мұхтарды «Алашорда» үкiметiнiң саясаты үшiн жазғыруы жалпы қисынға келгенiмен, тергеуде ол дәлелсiз күдiк қана болып қалды. Саясат сахнасына ендi ғана шыққан жиырма жастағы семинария оқушысымен келiсiм жүргiзетiндей адмирал Колчактың басына ол кезде мұндай күн туа қойған жоқ болатын. Қалайда Әуезов пен Колчактың байланысын тікелей әшкерелейтiн ешқандай сылтау да, дерек те табылмады. Сондықтан да тергеушiлер Мұхтарды қаралап тынатын, бұлтартпайтын өзге қылмысты қарастырды.
Тура сол күндері қазан мерекесіне орай сөйлеген сөзінде Голощекин:
«Тергеу кезінде Аймауытов: Екiншi съезд кезiнде тек қана қазақ уәкiлдерiнен тұратын кеңес шақырылғанын, оған Әуезов төрағалық жасағанын, ...онда отаршылдармен күрес туралы мәселе қаралып, ұлттық мүдденi көздейтiн шешiм қабылданғанын мойындады», – деген сөзi баспасөзге жариялан қалды.
Тергеушілер мұны Мұхтарға қосымша айып ретiнде тақты. Ал бұл кезде Жүсіпбектің түрмеге қамалғанына үш жыл толған. Тұтқындардан пәлендей хабар жоқ болатын. Сондықтан да бұл сөз – түрмеден сыртқа шыққан «мойындау сөз» болып есептелді. Қужақ түрмедегi жауаптарды өзiнiң пайдасына қарай бейiмдеп, қазақ зиялыларының арасына сенiмсiздiк пен алауыздық септi. Күдiксiз нәрседен күдiк тудырды.
Екiншi айып Әбдiрахман Байдiлдиннiң көрсетуiне негiздедi. «Правдаға» басылған хаттың негізгі авторы және «Мұхтардың меншікті жегісі) Мұхтардың өзімен түйдей құрдас, 1897 жылы туған, «Петропавл округiнiң арғын руынан шыққан» (тегi жөнiнде дәл осылай жазған) Ә. Байдiлдин екені анық еді. Соның көрсетуiне сүйенiп, Байділдиннің өзін де, Әуезовтi де Колчактың сыбайласы ретiнде жауапқа тартты. Ә.Байділдин «сәдуақасовшылардың» белсенді мүшесіне М.Әуезовті қосты. Өзiн «Алашорданың» жас қайраткерi әрi Колчактың барлаушысы, сонымен қатар кеңес өкiметiнiң белсендi адал қызметкерi ретiнде сезiнетiн «Қаламның» – Ә.Байділдиннің шегiнетiн жерi де қалмаған болатын. Өзiн өзi әшкерелеу арқылы Смағұл мен Мұхтардан iргесiн ажыратып алуға тырысқан ол, қырындысын қалдырмай қағазға түсiрген. Оған мына жауабы куә:
«Бiрде ол (С.Сәдуақасов – Т.Ж.) менiң бөлмеме келдi. Бұл құрылтайдан кейiн шамамен 11–12 өткеннен соң болатын. Әңгiмесiн зiлдi салмақпен бастады. Ол: отаршылдар менi қудалауын тоқтатқан жоқ, керiсiнше, менi партиядан шығарып тастауы да мүмкiн. Сондықтанда, бiр батыл қадам жасағым келедi, бiрақ не iстерiмдi өзiм де бiлмеймiн», - дедi. Әуезов оған: «Ташкентке ауыс, содан әрi қарай басмашыларға қосыласың», - деп ұсыныс жасапты. Әуезовтiң бұл ұсынысын қабылдауға қарсы еместiгiн, бiрақ та ол туралы менiң пiкiрiмдi бiлгiсi келетiнiн айтты. Мен Смағұлға не айтарымды бiлмедiм. Оның жағдайының сондай қиын екенiн және көңiлiнiң қобалжып жүргенiн бiлетiнмiн. Алайда менiң оның дәл осындай ойда жүргенiнен және басмашыларға қосылып кетуге келiсiм бергенiнен мүлде хабарсыз едiм әрi ондай арандатуға көне қояды деп ойламағанмын. Маған: дәл осындай келеңсiз кеңес берген обком партияның мүшесi және КЦИК-тiң саяси секретары Әуезовтiң кеңесi түсiнiксiз, оғаш көрiндi. Мен бiздiң мақсатымызды (ұлт мәселесi жөнiнде жүргiзiп отырған партияның бағдарламасын) басшылардың мүддесiмен сәйкестендiре алмадым. Мен өзiмше, осындай кеңес берген Әуезов әлдебiр шiрiк мақсатты көздедi ме деп ойлаймын. Сонымен қатар, осы пиғылы арқылы ол Сәдуақасовтың көзiн құртып, бiздiң арамыздағы көсем өзi болғысы келдi ме екен деп топшылаймын. Себебi: ол кезде бiздiң мақсатымыз ортақ болса да, жершiлдiк, рулық тұрғыдан алғанда әрқайсымыздың жекелеген iшкi мүддемiз бар едi: Әуезов – семейлiк, ал бiз Сәдуақасов екеумiз – ақмолалық едiк. Соңғы мәселе – Әуезовтiң көкейiн тескен шешушi мәселе сияқты боп көрiндi маған...Бұл оқиғадан кейiн мен Әуезовке күдiкпен қарайтын болдым. Ол менiң көз алдымда екiжүздi адам боп елестедi: бiрiншi Әуезов – партия мүшесi, жауапты қызметкер, ақылды кiсi, бiздiң көзқарасымыздың көсемдерiнiң бiрi, ал екiншi Әуезов - бiрiншi адамның қасиетiне ие, бiрақ, та әлдебiр астарлы оймен жүрген сияқты көрiндi».
Түрме кiмдi де болса түршiктiредi. Белгiсiздiк – одан да қиын. Сондықтан да Мұхтар Әуезов тергеушiлерге ресми мәлiмдеме жасауға мәжбүр болды. Оның мазмұны төмендегiдей:
Достарыңызбен бөлісу: |