Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Оқу мақсаты



бет1/2
Дата18.03.2024
өлшемі24.96 Kb.
#495906
түріСабақ
  1   2
ЕҮОБ. Өзара жай сандар


Тарау немесе бөлім атауы: 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні:

Жайлаубай А.Ж.

Пән/Сынып:

5 сынып

Күні:

10.10.23

Сабақтың тақырыбы:

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар.

Оқу мақсаты:

5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу;
5.5.2.1 мәтінді есептер шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану.

Сабақ мақсаты:

-екі және одан артық сандардың ЕҮОБ табады;
-мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ қолданады.

Сабақ кезеңдері / уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин

1.Ұйымдастыру
-Оқушылармен амандасу, түгендеу
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2. «Карусель» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Осыдан кейін мұалім тақырыппен және сабақ мақсатымен таныстырады.



Карусель арқылы кездейсоқ таңдаған оқушы үйге берілген есепті оқиды, сыныппен тексеріледі.



Оқушылардың белсенділігі үщін «Жарайсың!», «Керемет!» деген мақтау сөздерімен бағаланады.



Дәптер, қалам, кітап


https://wheelofnames.com/



Сабақтың ортасы
30 мин

3.Жеке жұмыс. Сәйкестендіру

Тапсырмалар

Жауаптары

52 және 78

1

44 және 65

1

110, 154 және 286

14

72 және 96

12

48 және 84

18

78, 117 және 195

26

70 және 98

24

16 және 45

13

90, 126 және 195

22

4.Жұптық жұмыс. «Жұмыртқа ашу» әдісі


1-жұмыртқа: Балаларға сыйлық дайындау үшiн 180 жаңғақ, 150 өрiк және 210 кәмпит алынды. Балаларға берiлетiн сыйлықтардағы өрiктердiң саны бiрдей, жаңғақтардың саны бiрдей, кәмпиттердiң саны бiрдей болуы керек. Сыйлық ең көп дегенде неше балаға жетедi?
2-жұмыртқа: Тіркемесі бар машинамен бірнеше рет қатынап, 1-күні 35т, 2-ші күні 21т, 3-күні 14т таскөмір әкелінді. Тіркемесі бар машинаға әрбәр ретте тиелген таскөмірдің массалары бірдей. Машинаға бір рет қатынағанда неше тонна таскөмір әкеледі?
3-жұмыртқа: 1-ші пойыздың барлық купелі вагондарында 180 орын бар. 2-ші пойыздың барлық купелі вагондарында 252 орын, ал ү-3-ші пойыздың барлық купелі вагондарында 216 орын бар. Купелі вагондардың әрқайсысындағы орындар саны бірдей. Бір купелі вагонда ең көп дегенде неше орын бар?
4-жұмыртқа: 24 қызыл шар, 42 көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалады. Тізбелердегі қызыл шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей. Ең көп дегенде неше тізбе дайындалады?
5.Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет