Сабақтың тақырыбы: Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениет арқылы қалай айқындалады?



Дата19.05.2022
өлшемі22.75 Kb.
#457289
түріСабақ
4-2 5с ДЖтар.5с


Білім беру ұйымының атауы

№43 Әубәкіров ЖОМ

Пәні:

Ежелгі дүниежүзі тарихы

Бөлім:

Рим империясының гүлденуі

Педагогтің аты-жөні:

Алибекова Т К

Күні:

08.04.22

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениет арқылы қалай айқындалады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау;
5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру

Сабақтың мақсаты

Ежелгі Рим мәдениетінің ерекшеліктері меноның әлемдік мәдениетке әсерін анықтау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты
ру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Ой қозғау
Оқушыларға римдік мәдениет туралы суреттер топтамасын көрсетіңіз /мифология, сәулет өнері, дін және т.б./

  • Бұл суреттер бір-бірімен қалай байланысты?

  • Римдіктердің қандай жетістіктерін білесің? (су бұрқақтары, моншалар, амфитеатрлар, жолдар және т.б.)

Оқушылар суреттерді пайдаланып, алдыңғы білімдеріне сүйене отырып шағын әңгімелер құрады
(дифференциация)
Балалар, бүгінгі сабақта біздер римдік қоғамның құрылуы, Рим мен Империяның басқарылуы, Римдегі патриций мен плебейлердің құқықтары және ежелгі римдіктердің жетістіктері туралы білеміз
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Рим мәдениеті бойынша суреттер: http://udachny.ru/sobytiya/v-mire/drevne-rimskaya-kultura.html
.

Жаңа білім

М Рим қоғамы патриций мен плебейлерден тұрды. Патриций-ақсүйектер – бұл белгілі рим тайпаларынан шыққандар, Ромулмен бірге қаланы жеті белесте құрғандар, ал плебейлер – бұл кейін келгендер, атақты емес, дегенмен, уақыт өте келе олардың арасынан да өздерінің тайпалары, өздерінің тектері, өздерінің бай отбасылары шыға бастады, олар да билікке талпынды. Плебейлер саны уақыт өте патрицийлерден көбейе бастады. Олардың арасында күрес пайда болды.
Мәтінменжұмыс.
Тапсырма. Патрицийлер мен плебейлердің құқықтарын анықтаңыздар.
Иллюстрациялармен жұмыс.
Ежелгі Римнің сәулет құрылыстарының суреттерін беріңіз (Троя бағанасы, римдік Форум, Колизей, Пантеон, Сатурн ғибадатханасының бағанасы )
Тапсырма:Суреттерді зерттеп, Ежелгі Римнің сәулет ескерткіштері туралы әңгіме құрыңыз.

  • Олар сендерге қалай әсер етті?

  • Бұған қалай жетеді?

  • Рим құрылысшылары әлемдік сәулет өнеріне қандай үлес қосты?

Интернетресурстарменжұмыс.
Әр саланың ерекшеліктерін анықтайды. Жұмыс қорытындысы ретінде кестеге толтырады.

сәулет және мүсін өнері

бейнелеу өнері, поэзия

ойын-сауық ойын-сауық









Тарихи дереккөз ретінде мәдениет ескерткіштерін талдау бойынша жұмыс реті:



  1. Ескерткіштің атауы мен түрі

  2. Әлеуметтік құбылыстармен байланысы

  3. Ескерткіштің маңыздылығы

Талқылау сұрақтары:
Рим мәдениеті басқа қай елдің мәдениетімен ұқсайды?
Бұл мәдениеттердің мәдениеті немен байланысты?
Римдіктер сәулет құрылыстарында нені көрсеткісі келді?
Мәтінмен жұмыс
а) мәтін бойынша 3 жуан және 3 жіңішке құрыңыз
б) мәтіннен кілт сөздерді табыңыз
в) төмендегі сұраққа толық жауап беріңіз:
Римдің сәулет өнерінің ерекшеліктері қазіргі заманғы құрылыста қалды ма? Мысалдар келтіріңіздер.

Рим – «Мәңгі қала» атауына ие болған әлемнің ең ежелгі қалаларының бірі. Ежелгі римдіктер керемет құрылысшы болды. Римдіктер әктас ерітіндісінен, шағылдан және жанартау құмынан бетонды жасауды үйренді, бетонның арқасында олар көлемді әрі берік ғимараттарды сала бастады. Рим империясында 80 000 км-ден астам тас жол болды – ұзын және түзу. Терең аңғар, шатқал немесе батпақ алаптарда үлкен тас көпірлер салды. Солардың ішіндегі бір виадуктың ұзындығы 132 км-ге жетті! Су құбыр желісі арқылы виадуктың үстінен таулардан немесе төбелерден ақты.



Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушылар патрицийлер мен плебейлердің құқығын көрсетеді.


Оқушылар рим мәдениетінің еуропалық өркениетке қосқан үлесін дұрыс анықтайды.

Оқушылар мәтін бойынша жіңішке және жуан сұрақ құрады.

Оқушылар мәтіннен кем дегенде 5 кілт сөз табады.


Оқушылар кем дегенде 3 толық мысал келтіреді.



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
тапсырманың жетістік критерийлері:
патрицийлер мен плебейлердің кем дегенде 3 құқығын көрсетеді.
Дескриптор:
Рим мәдениетінің еуропалық өркениетке қосқан үлесін дұрыс анықтайды.

Дескриптор:


мәтін бойынша кем дегенде 3 жіңішке және 3 жуан сұрақ құрады.
мәтіннен кем дегенде 5 кілт сөз табады.
кем дегенде 3 толық мысал келтіреді.

Ежелгі тарих бойынша ресурс көзі: Рим
http://www.fordham.edu/halsall/ancient/asbook09.asp
.


http://www.fordham.edu/halsall/ancient/rome-balance.asp
Британдық музей
http://www.britishmuseum.org/explore/cultures/europe/ancient_rome.aspx


http://the300spartans.ru/rimskoe-obshhestvo/
Презентация үлгілері
http://rodriguez10-8.pbworks.com/w/page/10211594/Roman%20Culture

Бекіту

Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Рим мәдениеті әлемге не берді?
Антикалық тарихтан мысал келтіріңіздер.

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

Сабақта меңгергенім.........
Сабақта қиын болған тұстар.........



Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет