Бөлім
|
|
Педагогтың аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып
|
Қатысушылар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Экологиялық факторлар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.6.1.3 экологиялық факторлардың экожүйе қызметіне ықпал етуін түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Экологиялық факторларды жіктеу
Экожүйеге экологиялық факторлардың әсерін анықтау
Биотикалық, абиотикалық, антропогенді факторларға мысал келтіру.
|
Бағалау критерииі
|
Экологиялық факторларды ажырата алады;
Экожүйенің қызметіндегі экологиялық факторлардың маңызын бағалайды;
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын тексеру (бақылау, өзін-өзі тексеру, өзара тексеру)
2. Starter
1. тапсырма. Келесі ағзалар қандай ортада тіршілік етеді: 1. Қоңыр аю 2.Акула 3. Жауынқұрт 4.Қарға 5. Көртышқан 6. Қастауыш саңырауқұлағы 7. Таспалы құрт 8. Дельфин
Сұрақ : Бұл ағзалардың мекен ету ортасына бейімделу түрлерін анықтаңыз?
Жұмбақты шешіңіз
Терезеде кірпі отыр –
Терезеден қарайды, жүре алмайды
Табаны мен беті оның қайда екен
Мүмкін ол қалпақсыз тоңып жаурайды?
Сұрақтар
- Неліктен кактусты жұмбақта кірпі деп атайды?
- Кактусқа инелер не үшін қажет?
- Кактустың сыртқы ерекшелігі бойынша оның мекен ету жағдайын анықтауға болады ма?
- кактуста тікенектердің пайда болуына қандай факторлар әсер етті?
Кері байланыс: оқушы – оқушы, мұғалім - оқушы
Оқушылар жауабын қорытындылап, сабақ тақырыбы мен мақсатын ашу
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
өзара тексеру
|
Таныстырылым
|
Ортасы
|
Оқулық мәтінімен жұмыс, анықтамаларды оқу, талқылау жүргізу.
(Т) Оқушылармен келесі анықтамаларды олардың қаншалықты түсінетіндігін талқылау: тірі табиғат факторлары, өлі табиғат факторлары, антропогенді факторлар.
Экологиялық факторлар дегеніміз не?
Барлық факторлар қандай түрлерге бөлінеді?
Биотикалық факторларға мысал келтіріңіз
Абиотикалық факторларға мысал келтіріңіз
Антропогенді факторларға мысал келтіріңіз
Кері байланыс: мұғалім – оқушы
(Ж) Оқушыларға табиғаттың «тірі» факторларының сызбасын құруды ұсыну. Ол үшін әр оқушы А4 форматында өзі таңдаған экологиялық фактор мысалының суретін салады.
«Тірі сызбада» болуы мүмкін мысалдар: жел, жаңбыр, қар, өрт, ормандарды кесу, жыртқыштардың құрбандарды жеуі.
Оқушыларды мысалды таңдауда қиындық туындаса мұғалім көмек көрсетеді.
(С) Оқушылар плакатта үш бағыт бойынша суреттерден «тірі сызбасын» құрайды: тірі, өлі, антропогенді факторлар.
Кері байланыс: оқушы - оқушы.
Оқушылар жұпта карточкалармен жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап беріп, олар басқа жұптармен бірігіп, жауаптарын тексереді.Мұғалім ұсынған критерий бойынша бірі – бірін бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Экологиялық факторларды ажырата алады
Экожүйенің қызметі үшін экологиялық фактордың маңыздылығын бағалайды.
Суретте табиғи экожүйенің компоненттері көрсетілген.
1. Анықтаңыз:
a) А суретіндегі экологиялық фактор.
b) В суретіндегі экологиялық фактор.
2. Әр түрлі қалдықтармен суқоймалардың ластануы қоршаған орта табиғатына қандай зиян әкелетінін түсіндіріңіз. Бұл мәселені шешу жолдарын ұсыныңыз.
Кері байланыс: оқушы - оқушы.
|
|
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
|
ҚБ өзін өзі бағалау
|
Слайдар
Ашық сұрап-жауаптар
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия. Оқушылар ауызша айтады.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.
|
|
|