2011 жылғы 14 ақпандағы Жамбыл облысы әкімі Қ. Бозымбаевқа халықтын алдында есеп беру кезінде қойылған сұрақтар мен жауаптар Вопросы, поступившие в адрес акима во время отчетной встречи с населением 14 февраля 2011 года Вопрос №24



Дата24.02.2016
өлшемі63.5 Kb.
#13352
түріКонкурс
2011 жылғы 14 ақпандағы Жамбыл облысы әкімі Қ.Бозымбаевқа халықтын алдында есеп беру кезінде қойылған сұрақтар мен жауаптар

Вопросы, поступившие в адрес акима во время отчетной встречи с населением 14 февраля 2011 года
Вопрос №24. Что будет с жилищным комплексом «Атшабар» в центре?

На сегодня работы по строительству жилого комплекса «Атшабар», проводимые ТОО «SNS» НПТЦ, приостановлены из-за судебных разбирательств по иску участников долевого строительства. Акиматом области были проведены неоднократные встречи с подрядчиком по ускорению решения данной проблемы. При этом руководство компании все время заверяло, что ведется поиск финансовых средств для рассчета с дольшиками.

Тем не менее, в связи с систематическим игнорированием требовании по завершению строительства или возврату денег дольшиков, акиматом области, направлено письмо в финансовую полицию для принятия мер по отношению к руководителю компании.
Вопрос №32. О создании дома неправительственных организаций.
В целях сплочения и повышения эффективности работ областных неправительственных организаций в настоящее время изучается вопрос создания дома НПО «Демократия» в городе Тараз.

В настоящее время для представителей гражданских общественных институтов предоставлено помещение площадью 89 кв.м. в здании НДП «Нұр Отан», находящемся по адресу г.Тараз, Центральная площадь, дом №1.


Вопрос №33. Инвалид 2 гр. вынуждена покупать лекарство на свою пенсию, медики не проводят тендер.

Процедура сбора заявок на закуп лекарственных средств от лечебно-профилактических организаций занимает определенное время.

8 февраля 2011 года был вскрыт конверт конкурсной документации. 16 февраля текущего года были подведены итоги конкурса закупа лекарственных средств для бесплатного и льготного обпеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.

Конкурс прошел максимально в короткие сроки.

В связи с чем, жители области по мере необходимости будут обеспечиваться лекарственными средствами по месту проживания.
Вопрос №34. Об открытии специализированных групп для детей инвалидов в обычных детских садах .
В настоящее время по области в 152 детских садах и 128 миницентрах воспитываются 26280 детей.

Из них в 3 санаторных детских садах воспитываются 638, в 2 специализированных (логопедических) детских садах 601 детей.

В 12 санаторных группах 9 детских садов воспитываются 295 детей, в 18 группах 8 детских садах воспитываются 504 ребенка имеющих дефект речи.

Также в 2009 году при детском саде №3 г.Тараз была открыта специализированная группа, однако по данной категории желающих детей не оказалось.

В настоящее время отделом образования, физической культуры и спорта акимата города Тараза продолжается дальнейшее рассмотрение открытия специализированных групп при детских садах города.
Вопрос №35. Почему занятия в специализированной школе для одаренных детей №3 начинаются с 8 ч. утра, а не с 8.30?
В специализированной школе для одаренных детей с обучением на 3-х языках в настоящее время обучаются 458 учащихся. Занятия организованы в 2 смены: в 1 смену обучаются 270 учащихся 5,8,9,10,11 классов, в 2 смену обучаются 188 учащихся 4,6,7 классов.

В пункте 31 Типовых правилах деятельности организации образования, реализующих образовательные программы среднего общего образования утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2005 года №224 указано, что в школах учебные занятия должны начинаться не ранее чем с 8.00 утра.

Учитывая, что данная школа является специализированной, необходимо организация дополнительных занятий для развития интеллектуальных способностей учащихся. В целях эффективного использования учебных кабинетов здания школы учебные занятия 1-ой сменфы начинаются с 8.00 часов, 2 смены с 14.00 часов.
Сұрақ №7. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқып жүрген түлектердің жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерді таңдауына ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан тиым салу жөнінде сұрайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеуде пәндер бойынша берілетін тапсырмалар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттарындағы пән стандарттарының базалық білім мазмұнына сәйкес келетіндіктен, тапсырмалардың деңгейі екі бағыттағы міндетті білім көлемін де қамтиды.

Яғни, бүгінгі таңда белгілі бір бағдар бойынша білім алған мектеп түлегі екінші бағдардың тапсырмаларын орындай алмайды деген пікірлер негізсіз болып табылады.

Сондықтан, өтініш иелеріне екі бағдар бойынша жалпыға міндетті білім беру стандарттарының міндетті базалық мазмұны мен ҰБТ барысында берілетін тапсырмаларды салыстыру жөнінде ұсынылады.
Сұрақ №8. Тараз қаласында кинотеатр, әдебиет мұражайы, неке сарайларын ашу. Балалар мен жасөспірімдер театрын ашу, орталық «Достық» алаңында ауылшаруашылық жәрменкесін өткізбеу туралы, Ленин көшесінің атын өзгерту туралы, Жүсіп Баласағуни, Төле биге, Балуан Шолақ, Ораз Жандосовқа, Сүйінбай Аронұлына ескерткіштер орнату.

Тараз қаласында кинотеатр, әдебиет мұражайы, неке сарайы, жасөспірімдер театры және т.б. әлеуметтік тұрғыдан қызмет көрсету нысандарын салу қаланың бас жоспарында көрсетілген. Бас жоспар 25 жыл аралығында арнайы бағдарламалар бойынша іске асырылады.

Шу ауданы, Төле би ауылына кіре берісте 1993 жылы Төле бидің туылғанына 330 жыл толу құрметіне ескерткіш қойылған. Балуан Шолақ ескерткіші Төле би ауылының Б.Шолақ көшесі бойында 2010 жылы орнатылды. Сарысу ауданының құрылғанына 80 жыл толуына орай, 2008 жылы Ораз Жандосовтың бюсті Саудакент ауылында орнатылған. Жүсіп Баласағұни атындаТараз қаласында орталық концерт залы бар. Сүйінбай Аронұлы бірнеше көше бар.

Тараз қаласындағы Ленин атындағы көше атауын өзгерту туралы мәселе сол көшенің тұрғындарының ұсынысы бойынша қалалық ономастика комиссия отырысында қаралады. Бірақ бүгінгі күнге бұл мәселе туралы тұрғындар тарапынан ұсыныстар болмаған.

«Достық» алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізбеу мәселесі бойынша, осы ақпан айынан бастап қаланың 6 округі бойынша жәрмеңке өткізу орындары ұйымдастырылды. Жәрмеңке өткізу қаланың ішінде әр аудандарда ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтау қолға алынуда. Ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу өнім өндірушілердің тікелей өзіндік құнымен сауда-саттық жасауға мүмкіндіктер тудырады, осы себептер күнделікті тұтынып отырған тамақ өнімдерінің бағасын төменгі ұстауға өз әсерін тигізеді. Әр жәрменкеден кейін алаң толық тазартылып отырады.
Сұрақ №13. Дәрігерлердің орта жасы 50-ден асқан. Кадрлық мәселері қалай шешіледі?
Еліміздің жоғары медициналық оқу орындарымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2010 жылы 136 дәрігер келді. Оның 114-і жас мамандар. Ауылдық жерге жіберілгені -94.

2011 жылдың 1 қаңтарына қажет дәрігерлердің саны – 298 болып отыр.

Облыстың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы шеңберінде жас мамандарға берілетін жәрдем ақының көлімі 200,0 мың теңгеге дейін жеткізілді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарың гранты арқылы әр ауданнан 3 талапкерден, барлығы 30 мектеп бітірушілерді жоғары медициналық оқу орындарында жыл сайын жіберіп отыру шаралары қолға алынды.


Сұрақ №14. Егістік жерлердің біраз бөлігі пайдаланусыз қалды.
Бүгінгі таңда пайдаланусыз қалған жерлерді анықтау үшін, облыс көлемінде комиссия құрылып, жұмыстар атқарылуда. Шу ауданы бойынша пайдаланбай жатқан жерлер туралы толық жауап берілетінін хабарлаймыз.
Сұрақ №15. Облыс аумағындағы ауруханалар мен емханалардың ғимараттарының ескіріп кеткені жөнінде, жаңадан салу жоспарда бар ма?
2010 жылы Облыстық қан орталығы мен №5 қалалық емханасының құрылысы аяқталды.

Ауылдық жерлерде 17 денсаулық сақтау нысандарында құрылыс жұмыстары аяқталды.

Үстіміздегі жылы Шу ауданының аудандық ауруханасы және Жамбыл ауданындағы аудандық емхананың құрылысы аяқталады.

2010 жылдың аяғында облыстық балалар ауруханасының құрылысы басталса, ал, 2011 жылы қалалық көпсалалы балалар ауруханансының құрылысы жүргізіледі.

Сонымен қатар, 2011 жылға жергілікті бюджеттен 9 денсаулық сақтау нысанының құрылысына қаражат қарастырылған.
Сұрақ №16. 2008-2009 жылдары Жуалы ауданында 8 елді мекенге табиғи ғаз тартылып, тұрғындар қуанып қалған еді. Жоспарға сәйкес келесі кезектегі 10 елді мекенді газдандыру мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын.
Жамбыл облысын газдандырудың 2007-2010 жылдарға және 2015 жылға жейінгі бағдарламасына сәйкес облыстың 8 ауданының 132 елді мекендерін газдандыру көзделген. Оның ішінде бірінші кезеңде 2011 жылға Жамбыл, Байзақ, Талас аудандары. Екінші кезеңде 2012 жылға Жуалы, Мерке, Т.Рысқұлов аудандарын газдандыру қарастырылған. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 4 млрд. теңге бөлінеді.

2012 жылы бөлінген қаржыға жоба-сметалық құжаттар дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңге Жуалы ауданының 10 елді мекені (Қызыларық, Ақтөбе, Сұрым, Терс-Ашыбұлақ, Күркүреусу, Қазбастау, Қарасу, Юсуповка, Марьяновка, Алатау) енгізілген.


Сұрақ №17. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің құрылысы жөнінде.
Былтырғы жылы Жамбыл облысының аумағымен өтетін 495,3 шақырым «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының құрылысы басталды. Бүгінгі күнге 263,5 шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Жобаның аяқталу мерзімі 2012 жыл.

Сұрақ №18. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржылай қолдау.
Облыс аумағында үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларды қаржыландыру облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тарапынан 2006 жылдан тұрақты түрде жүргізілуде.

Аталған жобаларды қаржыландыру жыл санап арттып келеді. Мәселен, бұл жұмыстарға 2009 жылы – 33,0 млн.теңге бөлінсе, 2010 жылы – 45,0 млн.теңге, 2011 жылы 49,0 млн. теңге бөлінді. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасатын болады.



Сұрақ №20. Т.Рысқұлов ауданында кәсіптік мекемелер желісін көбейту жоспарда бар ма?
Жамбыл облысының барлық аудандарында кәсіптік лицейлер жұмыс атқаруда. Ал, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 1 мемлекеттік ауылшаруашылық колледжі және 2 кәсіптік лицейде 1528 оқушы кәсіптік біліммен қамтылған.

Сондай-ақ, 2013 жылы Тараз қаласында 600 орындық кәсіптік лицей ашылуы жоспарланып отыр.


Сұрақ №23. Сарысу ауданындағы спорт алаңшалары неге жасанды төсенішсіз салынды?
2010 жылы Сарысу ауданы бойынша спорт алаңдарын соғуға жергілікті бюджеттен 3 млн.теңге бөлінген. Бұл қаржыға Жаңатас қаласындағы Дегерес, Бүркітті ауылдарында және №1, 2, 6 шағын аудандарда жалпы көлемі 20х40 шаршы метрлік типтік жобадағы спорт алаңдары салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Әрбір алаңшаға орта есеппен 600,0 мын теңге қаржы жұмсалған. Бұл алаңшалардың жобалау-сметалық құжаттарында дайындау барысында жасанды төсеніш төсеу қарастырылмаған.


Сұрақ №30. Спорт бөлімдері неге жабылды? Аудандық және қалалық спорт бөлімдері неге қысқартылды?
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» №1072 Жарлығына және Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 қарашадағы «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әкімдер мен атқарушы органдар аппараттарының штаттық сан лимиттерін бекіту туралы» №302 Қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілер санының 15 пайызға дейін қысқартылуына байланысты аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің бірнеше бөлімдері қосылды.

Спорт бөлімдері мен білім бөлімдері қосылып, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері болып қайта құрылды. Бөлімдердің құқытары, міндеттері және өзге функциялары қайта құрылған мемлекеттік мекемелерге өзгерізсіз берілді.


Сұрақ №36. Жамбыл ауылы Бесағаш ауылында спортзал салу мәселесі.

Турксиб ауылында № 11 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Оның үлкен спорт залы бар. Ал, Бесағаш ауылындағы Абай мектебінде осы спорт мектебінің филиалы жұмыс істейді және мектептің спорт залы бар.



Турксиб ауылы мен Бесағаш ауылы жақын орналасқан, қосымша Бесағаш ауылына спорт зал салу қажеттілігі туындап отырған жоқ.
Облыс әкімі Қ.Бозымбаевтың халық алдында есеп беру кездесуінде жалпы түскен сұрқатардың саны 38 болды. Оның ішінде облыс әкімімен 12 арыз иелеріне жауап жолданды, 18 сұрақтардың жауаптары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланды, 8 сұрақтардың жауаптары есеп беру кездесуі кезінде берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет