Сабақтың тақырыбы Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары. Экстремизм түрлері



Дата15.11.2022
өлшемі18.97 Kb.
#464918
түріСабақ
АӘТД №4 сабақ 10 кл





Бөлім:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттік қауіпсіздіктің кепілі

Педагогтің аты-жөні

Мадетхан Н

Күні:

20.09.22

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары. Экстремизм түрлері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары




Сабақтың мақсаты

Экстремизм түрлері: саяси, діни, экономикалық және экологиялық. Экстремизм, терроризм, олардың өзіндік сипаттары мен қазіргі әлемдегі террорлық қауіп-қатерлердің ұлғаю себептері туралы түсіндіру.






Сабақтың барысы





Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин.

Ұйымдастыру сәті
Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

мадақтау

http://www.tarih-begalinka. kz/ kk/ medieval/maps/



Сабақтың ортасы
35 мин.

Сабақты бастағанда мұғалім аталған тақырыптың ма- ңыздьлығын түсіндіреді, экстремизм мен терроризм осы заманғы қоғамда жаһандық мәселеге айналып отырғандығына оқушылардың назарын баса аудартады.
Осыдан кейін экстремизмге ағым ретінде анықтама береді. Окулықты пайдаланып, экстремизмнің әрбір түріне анықтама беру, оларды сипаттаушы белгілерді атап өту қажет. Мұғалім заманауи экстремизм түр-сипаты бойынша әртүрлі болатынын атап өтуі керек. Ол қызмет бағыттары, жас ерекшеліктері және т. б. бойынша жіктелуі мүмкін. Қазіргі уақытта жастар ортасында экстремизм байқалады, ғаламтордағы экстремистік белсенділік артқан. Оқушыларды экстремизм түрлерін толықтыруға және өз пікірін білдіруге шақырады.
Келесі қадамда терроризмге анықтама беру ұсынылады.
Терроризм - қорқыту үшін зорлық-зомбылық жасау.
Оның мақсаты - өзі ниеттенген оқиғаның шегіне: қазіргі билік құрылысы мен құрамының өзгеруі, әлдебір аумактың тәуелсіздікке және т. б. қол жеткізуі.
Осыдан кейін «терроризм» термині латынның «terror» - «қорқыныш, үрей» деген сөзінен шыққандығын әңгімелеп беру керек. Терроризмнің барлық идеологиясы қорқыныш таратуға, қорқыныш пен қорғансыздық сезімін тудыруға, дүрбелең жасауға негізделген.
Осы заманғы терроризм келесідей сипаттарға ие:

  • терроризм іс-әрекет ету өңірлерінің саны мен аумағының артуы;

  • көбінесе бейбіт тұрғындарға бағытталған ерекше қатыгездік;

  • терроризмді қоғамдық өмірдің ұзақ мерзімдік факторына айналдыру.

Террорлық қауіп-қатердің өршу себептерін аша отырып, мұғалім кейбір статистикалық мәліметтерді келтірсе болады. Соңғы жиырма жыл төңірегінде террорлық әрекеттен қаза болгандар саны он есеге жуық артқандығын атап өткен жөн. Жаңа технологиялардың жылдам дамуы террорлық ұйымдардың тұрғындар, әсіресе қоғамның барынша бөлігі - жастардың, ой-санасын алдап-арбау мүмкіндігін анагұрлым арттырады. Ақыл-ойды, адамдардың діни сенімім алдап-арбау әдістерін пайдаланып, сенімі теріс сипаттағы жалған діни ағымдар кұру аркылы террорлык ұйымдар адам өмірін құнсыз ете отырып, зорлық-зомбылык, жауыздық, қатыгездік, арсыздық және халықтар мен әлеуметтік топтар арасындағы өшпенділіктің артуына, тұргындардың табынушылығын дамытуға қол жеткізеді.
Мұгалім терроризм деген бейбіт тұрғындарға бағытталған соғыс, қастандық екендігін жэне әрбір патриот азаматтың міндеті осы қатерден Отанын қорғау екендігін түсінді руі кажет.
Әрі карай мұғалім окушылардың назарын егер олар террорлық ұйымдар туралы, оларды немесе олардың таныстарын осындай ұйымға тартпақ болған жағдайлар туралы ақпарат білетін болса, бұл туралы ата-аналарына, мұгалімдерге немесе құқық қорғау органдарына хабарлауы керектігіне аудартады.
Бұл сабақ әңгімелесу, түсіндіру әдісі арқылы өткізіледі.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды




Сабақтың соңы
5 мин.

Үй тапсырмасы: 31- 34 бет











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет