Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері



бет1/10
Дата12.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#131109
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2007 жылғы «8» ақпандағы

№ 24 бұйрығымен

бекітілген

Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы

құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері
Осы генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері «Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы 7 бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.


1. Жалпы талаптар

1. Газ генераторы станцияларын жобалау, салу және қайта салу Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы құрылыс және санитарлық талаптар мен нормаларға, технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес жүргізілу қажет.

2. Құрылысы (қайта салуы, кеңейтуі) аяқталған газ генераторы станцияларын немесе оның объектілерін пайдалануға қабылдау «Күрделі жөндеулері аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттар мен коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау» ҚР ҚН 1.04-03-2002. талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.

Осы Нормативтердің талаптарына қайшы келетін, еңбек қауіпсіздігіне, өнеркәсіптік санитарияға, қоршаған ортаға және өрт қауіпсіздігіне теріс әсер ететін шегіністері бар, жаңадан салынған және қайта салынған газ генераторы станцияларын немесе оның объектілерін пайдалануға қабылдауға тыйым салынады.

3. Агрегаттар мен негізгі жабдықтардың құрылымына немесе технологиялық сұлбаларға өзгерістер енгізу кәсіпорын жобалаушысының, жабдықты дайындаушы-зауыттың келісімі бойынша рұқсат етіледі. Сонымен қатар енгізілетін өзгерістер технологиялық процестерді енгізу мен жабдыққа қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік деңгейін төмендетпеуі керек.

Ғимараттар мен құрылыстардың көлемді-жоспарлық, құрылымдық және инженерлік-техникалық шешімдеріне өзгерістер енгізу белгіленген тәртіпте бекітілген қолданыстағы нормаларға сәйкес әзірленген жобасыз рұқсат етілмейді.

4. Негізгі генераторлық газ өндірісіне ықпал ететін немесе оны қажетті құрамдас бөліктермен қамтамасыз ететін, оттегін өндіру, газ генераторларын таза бумен қамтамасыз ету сияқты бөлек өндірістерді қауіпсіз пайдалану талаптары осы Нормативтерге енгізілмеген.

5. Қысыммен жұмыс істейтін, ыдыстарды жобалау, салу, дайындау, монтаждау, жөндеу мен пайдалану қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды салу және қауіпсіз пайдалану жөніндегі қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес болуы керек.

6. Өндірістік процестерді ұйымдастыруға қойылатын, қауіпсіздіктің негізгі шарттары болып:

1) технологиялық тәртіптің, жұмыс орындары бойынша өндірістік нұсқаулардың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулардың, сондай-ақ жабдық пен су құбырларын жөндеу жөніндегі нұсқаулардың параметрлерін қатаң сақтау;

2) сақтандырғыш қондырғы құралдардың, дабылдың, шек қоюдың ақаусыздығы, электр қуатымен үздіксіз жабдықтау, сондай-ақ желдету қондырғыларының тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

3) жабдықтар мен су құбырларының герметикалығын, сондай-ақ өндірістік бөлмелердегі ауа ортасының жай-күйін жүйелі түрде бақылау;

4) жетектердің қоршалуының және машинаның басқа да барлық қозғалу және айналу бөлшектерінің, көтергіштердің, сонымен қатар дренажды қондырғылардың және тағы басқа сенімді орнатылуы және ақаусыздығы;

5) электрлік оқшаулаудың жай-күйін жүйелі түрде бақылау табылады.

7. Газ генераторы станцияларындағы өрт қауіпсіздігі Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қамтамасыз етіледі.

8. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулары «Еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауды әзірлеу және бекіту ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы № 278-б бұйрығының талаптарына сәйкес болуы қажет.

9. Өндірістік (технологиялық, жабдықты пайдалану жөніндегі) нұсқауларда технологиялық үдерістің сипаттамасы, жабдық туралы мәліметтер, жабдықты қауіпсіз пайдалану және жөндеу талаптары, жұмысты қауіпсіз орындау тәртібі болуы керек.

10. Технологиялық үдерістерді, коммуникация сұлбалары өзгерген жағдайында өндіріске өзгертулер енгізілгенге дейін қолданыстағы нұсқауларға кәсіпорынның бас инженері (техникалық басшы) бекіткен тиісті түзетулер енгізілуі керек.

11. Әр кәсіпорында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен, Апатты жою жоспарларын құрастыру жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес апаттарды жою жоспарлары жасалуы керек.

Апаттарды жою жоспарлары келесі мерзімнің басталуынан бір ай бұрын жыл сайын қайта қаралуы және бекітілуі керек.



2. Өндірістік ғимараттарға, құрылыстарға және алаңдарға қойылатын жалпы талаптар

12. Газ генераторы станциясының ғимараттары мен құрылыстары «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі» ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 және «Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың алаңдары мен учаскелерінің қоршауларын жобалау жөніндегі нұсқау» ҚН 441-72 нормаларының талаптарына сәйкес орындалуы керек.

13. Газ генераторы станцияларының ғимараттары мен құрылыстарын көлемді-жоспарлау мен құрылымдық шешімдерін таңдау 1-кестеде көрсетілген құжаттарға, қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкес анықталады.

1-кесте



ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002

«Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі»

ҚНжЕ 2.09-02-85*

«Өндірістік ғимараттар»

ҚНжЕ 2.09.03-85*

«Өндірістік кәсіпорындардың ғимараттары»

БҚ 34.49.101-87

«Энергетикалық кәсіпорындарды өртке қарсы қорғауды жобалау жөніндегі нұсқау»

ҚР ӨҚЕ 08-97

«Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар»

Ғимараттардың санаттары «Технологиялық жобалаудың республикалық нормалары. Өрт шығу және өрт шығу салдарынан жарылу қаупі бойынша бөлмелердің, ғимараттар мен құрылыстардың санаттарын анықтау» ТЖРН 01-94 нормаларына сәйкес анықталады.

14. Газ генераторы станцияларының барлық ғимараттары мен құрылыстарына өту жолдары «Жол төсемдерінің қатты емес түрлерін жобалау» ҚР ҚН 3.03-19-2003 талаптарына сәйкес қарастырылуы керек. Өту жолдары жетілдірілген жабынмен төселеді. Жол төсемдерінің құрылымы-ұсақтас негізі бойынша екі қабатты асфальтобетоннан тұрады. Жолдың жүретін бөлігі нормалар талаптарына сәйкес 6,00 м тең қабылданады.

Газ генераторы станцияларының барлық аумағы биіктігі 1,8 м ҚН 441-72 нұсқауына сәйкес жанбайтын материалдардан желдетілетін қоршаумен қоршалуы керек.

15. Газ генераторы станцияларының аумағында орналасқан барлық құрылыстар бас ғимаратқа қатысты, «Газ таратушы жүйелер» ХҚН 4.03-01-2003 талаптарына сәйкес қашықтықта орналасады.

16. Газ генераторы станциясында арнайы шайыр қоймасын жобалау қажет болған кезде, оның газ генераторы станциясына дейінгі, сондай-ақ шайыр сорғысымен шайыр қоймасының арасындағы қашықтық «Өндірістік кәсіпорындардың бас жоспарларының» ҚНжЕ II-89-80 талаптарына сәйкес қабылданады.

17. Жарылуды, өрт шығуды және өрт шығу салдарынан жарылуды сипаттайтын көрсеткіштер, ғимараттар, бөлмелер мен құрылыстар үшін «Технологиялық жобалаудың республикалық нормалары. Өрт шығу және өрт шығу салдарынан жарылу қаупі бойынша бөлмелердің, ғимараттар мен құрылыстардың санаттарын анықтау» ТЖРН 01-94 талаптарына сәйкес белгіленеді.

18. Газ генераторы станциялары ғимараттарының жарылу және өрт қауіпсіздігі өндірістерінің санаттарын ескере отырып, қажетті отқа төзімді дәрежемен, жеңіл лақтырылатын шатыр және қабырға қоршауын қажетті алаңмен материалдары мен құрылымдарын пайдаланып, жоспарлы шешімдермен қамтамасыз етіледі.

19. Ғимараттар мен құрылыстар жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды белсенді (пайда болған өрттерді алдын алу, болдырмау және сөндіру) және әрекетсіз (өрт кезінде құрылымды құлаудан сақтау, көтергіш және қоршау құрылымдарының отқа төзімділік көлемін жоғарлату) өртке қарсы қорғау кешендерімен қамтамасыз етіледі.

Қабырға мен қалқалардағы барлық тесіктер кабель төсегеннен кейін цемент-құмды ерітіндімен сыланып, отқа төзімділік шегі 45 минут оңай тесілетін материалмен (асбозуритпен, төмен маркалы жеңіл бетонмен) бітелуі керек.

Бір бөлмені екіншісінен немесе бір-бірінен бөлетін және эвакуациялық шығу жолдарына апаратын «В» және жоғары санатты бөлмелердің есіктері отқа төзімділік шегі 45 минуттан кем емес өртке қарсы нормаларға сәйкес қарастырылуы керек.

Ғимараттың эвакуациялық шығу жолының саны екеуден кем болмауы керек.

Эвакуациялық шығу жолдары бөлек орналасуы керек. Эвакуациялық шығу жолдары есіктерінің ішінде еркін ашуға бөгет жасайтын, тиегі болмауы керек.

Есік пен эвакуациялық шығу жолдарының биіктігі 2,0 м кем болмауы қажет.

20. Көтергіш құрылыс құрылымдарының отқа төзімділік шегін нормативтік мәніне дейін жоғарылату үшін:

1) оттан қорғайтын бағаналар, аражабын арқалықтар мен қабырғалар (гипстік талшықты табақтар) қаптаулар;

2) бетондау (торкретсылақ);

3) құрылымдардың талап етелетін отқа төзімділік шегін және олардан оттың таралу шегін қамтамасыз ететін қорғау қабаттары жуандығымен, оттан қорғау бояуымен бояу;

4) металл қабырғалық панельдерде жылыту ретінде жанбайтын базальттық талшықты пайдалану;

5) өрт сөндіру автоматты құрылғылары 2.02-15-2003. «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы» ҚР ҚНжЕ, «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі» ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 талаптарына сәйкес қолданылады.

21. Газ шығу қаупі бар бөлмелерде жұмыс бастар алдында сол ортадағы газдың мөлшерін талдау қажет.

Газ шығу қаупі бар бөлмелерде газдың бар екендігі газ талдағыштың жарылыстан қорғау түрімен және индикацияны шығарумен тұрақты әрекет (жарық және дауыс белгілері) арқылы бөлменің ішінде және, сондай-ақ бөлме сыртының көрінетін жерінде анықталуы керек. Содан басқа, жар салудың қайталайтын сигналы (газ талдағыштан) орталық диспетчерлік пультке шығарылу керек. Сонымен қатар, қосалқы (газ талдағыштан) жариялау дабылы орталық диспетчерлік пультке (оператор-диспетчерге) шығарылуы қажет.

22. Газ талдағыштан газдылықты айқындау немесе дабыл алу кезінде газ шығу қаупі бар бөлмелерге тек газдың жоқ және оттектің жеткілікті екендігін (көлемі бойынша 20 пайыздан кем емес) қайта тексергеннен кейін ғана кіруге болады. Егер желдетудің нәтижесінде газды кетіру мүмкін болмаса, онда кіруге және газ шығу көзін жоюға қатысты жұмыстарды жүргізу бөліктенген газқағарларда ғана рұқсат етіледі.

23. Газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай талаптар сақталуы керек:

1) жарықтың тасымал көзі ретінде жарылыс қорғанысы бар шырақтарды ғана пайдалану керек. Газ шығу қаупі бар орындарда шырақтарды қосуға және өшіруге, сондай-ақ ашық отты пайдалануға тыйым салынады;

2) жұмыстарды орындау кезінде ұшқынның пайда болу мүмкіндігін тудырмайтын, металдан жасалған аспап қолданылады;

3) электр бұрғыларын және басқа электрлік аспаптарды, сонымен қатар ұшқындайтын құралдарды пайдалануға тыйым салынады.

Тұрақты қызмет көрсету персоналы жоқ, газ шығу қаупі бар бөлмелердің есіктері құлыпқа жабылуы керек. Кілттер ауысым бастығында сақталуы қажет және кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен, тізімде көрсетілген тұлғаларға қол қойдырып, берілуі керек және жұмыс аяқталған соң күн сайын қайта тапсырылуы қажет.

24. Шырақтарды тазарту және жанып кеткен шамдарды ауыстыруды шырықтарға ыңғайлы және қауіпсіз қолжеткізуді қамтамасыз ететін құрылғылардың көмегімен электр техникалық персонал жүзеге асырады.

25. Тұрақты жарықтандырулары жоқ орындарда жабдықтарға қызмет көрсету кезінде, ауысым бойынша бір-біріне берілетін, тасымалды электр шамдарының саны жеткілікті болуы керек.

26. Жанар (тазаланбаған) газдың газ генераторы станциясын газ тұтынушымен бір ғимаратта орналастыру станция бөлмесін отқа төзімді герметикалық күрделі өртке қарсы қабырғамен бөлген жағдайда рұқсат етіледі.

27. Атмосфералық түрдегі газ генераторы станциясын жобалау кезінде газ генераторларын екі қатарға одан асырмай симметриялы орналасқан газтазарту жүйесімен орналастыруға рұқсат етіледі.

Суыту және газды тазарту аппараттарының және аппараттар мен қабырғалардың ортасындағы өту жолдары 2 м кем болмауы керек.

28. Газ генераторы станциясы газ бен ауаға талдау жүргізуге арналған зертханамен, жанармай мен күлдің сынауларын бөлу үшін бөлмемен жабдықталуы қажет.

29. Машина бөлімінде, газ генераторлары бөлмелерінде газ құбырларын төсеу үшін жертөле орналастыруға тыйым салынады.

30. Отынды дайындау және беру жүйелерін жобалау газданған қатты жанармай жарылу тобы және оның тотығуға бейімділігі есепке алынып орындалуы керек. Жанармайдың жарылу критериясын есептеу «Шаң тәрізді жанармайды дайындау және жағу үшін жанармай берудің жарылу қауіпсіздігінің ережелері» БҚ 34 ҚР.1-03.352-04 ұсынылған әдістемеге сәйкес орындалады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет