Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Әнет баба Кішікұлының өмірі мен шешендігі жайлы не білесіңдер?
2. Неліктен Әнет бабаны бидің биі атаған?
3. Әнет бабаның есімін тағы қандай шығармадан кездестірдіңдер?
4. Күлтөбеге жиналған ел Әнет бабаға қандай сауал қойды?
5. Әнет бабаның айтқан мәселелерінің қайсысы бүгінгі күнде ең өзекті деп ойлайсыңдар?
6. Егер Әнет баба ХХІ ғасырда өмір сүрсе, үш жаман дегенге не айтар еді деп ойлайсыңдар?
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. Түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық ахуал орнату. «Жүрек лебізі» әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: шаттық шеңберінде тұрған әр оқушы қоржынның ішінен тілек жазылған қағазды алып оқиды да жанында тұрған оқушыға сыйлайды.
ІІІ.Топқа бөлу. Орындалу шарты: оқушылар алған тілек қағаздарының түсіне қарай топқа бөлініп отырады.