Сабақтың тақырыбы: Әнет баба «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?»



бет1/5
Дата22.02.2024
өлшемі278.96 Kb.
#492919
түріСабақ
  1   2   3   4   5
9 әд Әнет баба


Сабақ (1)

Қазақ әдебиеті

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Әнет баба «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзі

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:


Мектеп:




Бөлім атауы

Атадан қалған асыл сөз

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж: 9.1.2.1- әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
А/И: 9.2.4.1- автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзінің мазмұнын біледі, шешеннің мұраларынан деректер айта алады, сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіре алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шешендік сөздегі психологизмді анықтап, мәтінде айтылған шешендік сөздерге сипаттама бере алады, ойларын талдап түсіндіреді, өз дәлелдерін ұсынады, шешендік сөздің идеясын аша алады.
Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: автор стиліне сүйене отырып, шешендік сөздегі ең өзекті мәселені бүгінгі күнмен байланыстырып, шығармашылық жұмыс орындай алады, өз болжамдарын ұсына алады.

Бағалау критерийлері

әдеби шығармадағы психологизмді анықтай алады, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жаза алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:
Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзінің мазмұнын біледі, шешеннің мұраларынан деректер айта алады, сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіре алады, шешендік сөздегі психологизмді анықтап, мәтінде айтылған шешендік сөздерге сипаттама бере алады, ойларын талдап түсіндіреді, өз дәлелдерін ұсынады, шешендік сөздің идеясын аша алады, автор стиліне сүйене отырып, шешендік сөздегі ең өзекті мәселені бүгінгі күнмен байланыстырып шығармашылық жұмыс орындай алады, өз болжамдарын ұсына алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Ғайып- әдеби тілде жоқ болды, ұшты- күйлі жоғалды деген ұғымды білдіреді. Бұл жерде: кенет, аяқ астынан, жоқ жерден деген мағынада.
Нақақ - сын есім. Бұл жерде: таза, бостан-бос, жазықсыз.
Несібе – зат есім. Бұл сыбаға, ризық, үлес, нәсіп, ырыс.
Даусыз- талассыз, шүбәсіз, күмәнсіз.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Арсыз, қадірсіз бала; Ата- бабадан қалған ескі жұртты бұзу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет