«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі!»
Тәрбие сағаты бойынша қысқа жоспар
Тәрбие сағаты
|
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі!»
|
Күні
|
19.01.2023
|
Сынып жетекші:
|
|
Сынып:8
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Тіл – халықтың жаны!»
«Тіл – тұғырым!»
|
Сабақтың мақсаты:
|
оқушыларыдың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқының мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ана тілін, туған тілін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, тіл қасиетін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Амандасу ойыны.
Мұғалімнің құттықтауы
Тәрбие сағатымыздың тақырыбымен таныстыру.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
Интерактивті тақта
|
Сабақ басы
|
Сұрақтар қойып, оқушылармен байланыс жасайды.
Тіл туралы заң қашан қабылданды?(1989жылы)
“Тіл жоқ жерде,ұлт жоқ” мақалының авторы? (Шыңғыс Айтматов)
ҚР Президентінің Жарлығымен "ҚР-ның Тіл саясаты" тұжырымдамасы қашан мақұлданды? (1996 жылы 4 қарашада)
Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
Қазақ осы « Өнер алды- тіл дейтін»,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.
|
Тақырып бойынша шағын әңгіме жазады.
|
Жұмыс дәптерлері
|
Ортасы
|
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қосымша ақпарат беріп, түсіндірме жұмысын жүргізу. Сұрақтар қою.
Мақал-мәтел жалғастыру ойыны
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Мақал-мәтелді жалғасытырып, мағнасын ашады
|
дәптер
|
Рефлексия
Соңы
|
Қалың елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Жомарттық пен мәрттік.
Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.
|
Өз ойларын, сабақтан алған білімдерін параққа жазады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |