Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек. Қазақтың аталы сөзі

Дата05.03.2016
өлшемі360.05 Kb.
#42443
Рубрика Соңғы мақалалар, Әлем Фото по китайской угрозе
Пазылбек Абсаттарұлы. ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТЫ
Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек.

Қазақтың аталы сөзі
«…Жауы мен өзін жақсы білетін, жүз соғыста да қатерге тап болмайды. Жауын жақсы білмейтін, бірақ өзін жақсы білетін біресе жеңіп, біресе жеңілетін болады. Ал жауын да, өзін де білмейтін айқас сайын үнемі жеңіліс табады».

Сунцзы «Соғыс өнері» кітабынан
Әңгіме Қазақстанның ішкі жағдайына төндіріп отырған қытайдың қауіп-қатері жайында болмақ.

Қытайды зерттеп жүрген ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, елдiң жалпы табиғи ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана жетiп, одан кейiн өз мүмкiндiгiн сарқа беретiн көрiнедi. Дегенмен, осындай бiр тықырдың таяп келе жатқанын Қытайдың өзi де жоққа шығармайды. Су көздерi тартылып, орман сиреп, жайылымдар азып, егiстiк алқаптар уланып, экологиялық апат төне бастағаны хақында өздерi де дабыл қағып жатыр. Қазiр Қытай елi – қақпағы жабық өз iшiне сыймай бұрқылдап қайнап жатқан қара қазан тәрiздес. Түбiнде ол бәрiбiр тасиды. Сонда, ол қалай қарай құйылады? Қазақстанмен бiрге әлемдi де мазасыздандырып отырған осы мәселе. Бұл жерде Қазақстан үшiн өте үлкен қауiптiң басын ашып айтқан жөн. Қытайдың территориясымен шектесiп жатқан жерлерге назар аударып қарасақ, айналасының барлығы халықтың тығыз орналасуы нәтижесiнде тығындалып тұр. Қаруына сенген Ресейдi есептемегенде, қытайлар үшiн тек Қазақстанға (Орталық Азия) қарай ғана ағылуларына мүмкіндік қалады.

Егер де 2002 жылдың 31 желтоқсанынан бастап тек ұлты қытайлар үшін Қытай үкіметі жеке куәлігі мен тіркелген мекен жайы туралы анықтамасы болса болды паспорт жасатып беру арқылы сыртқа кететін азаматтарының құжат рәсімдерін барынша жеңілдеткенін және қаржыландыратынын ескерсек, азаматтарының шетелге кетуіне мүдделі екеніндігін білдіреді. Оған қоса 2004 жылдан бастап қытай азаматтарының Қазақстанда бір күн визасыз болуына және жиырма адамнан тұратын туристік топтарға виза беруге үкіметіміз келісті. Осы сәттен бастап Қазақстанға қарай халық ағынының тығынын алып тастады деп есептеуге болады. Сондай-ақ бұған Қытайдағы ерлер мен әйелдер арасындағы табиғи тепе-теңдiктiң бұзылу процесiн қосыңыз. «Бiр отбасыға – бiр бала» саясатына 25 жылдай уақыт болды.

Ендi қазiр сол кездегi реформа перзенттерi отбасы құратын уақыт келгенде үйленетін әйел таппай әлек. Сондықтан әйел затын сырттан іздеуге мәжбүр. Және кейбір шарттар негізінде енді екі балалы болуға рұқсат етілді. Мұны Қытай үкіметі халқының қартайып кеткендігімен, жастарының қарттарды асырай алмайтын жағдайға жеткендігімен түсіндіруде. Бұл енді демографиялық тасқын басталады деген сөз. Бұдан кейін шетелдік зерттеушілер Қазақстанды жақын уақыттары қытай мигранттары жаулап алатындығына еш күмәндары қалмағандығын жарыса жазды. Қазақстан жөнінде барлық шетелдік зерттеушілердің пікірлері шамалас, 20 жылдан кейін Қазақстанда 20 миллион қытай өмір сүреді дейді. Қазіргі күні 500 мыңға жуықтаған қытайлар 20 жылдан кейін 20 миллион болуы еш күмән тудырмайды. Сондай-ақ Батысты игеру саясаты шеңберінде Шыңжаңға ішкі Қытайдан 20 жылда 250 миллион адамды көшіру жоспарын бастап кеткенін ескерсек, Қазақстанда 20 миллион қытайдың пайда болуы ертегі емес сияқты. Егер де Қытайдың 150 млн.нан аса жұмыссыздары бар екенін ескерсек Шыңжаңда жұмыс орындарын ашса, әп-сәтте-ақ сонша халықтың көшіп келуі түк емес. Қазір қалашықтар салып көшіру үдерісі басталып та кетті.

Енді тайфунның тасқынындай нөпір халықты қаншама қорған салсақ та немесе Арқаның қақаған суығы мен бораны да тоқтата алмасы хақ. Кез келген табиғатқа бейімделгіш, өзгенің ассимиляциясына түспейтін, жыбырлағанның бәрін азық ететін жанысірі қытай халқын батыстық философтардың айтып жүргеніндей «ұлтты бір лидерде құтқара алады» дегеніндей бір мықты көшбасшының немесе қарудың күші ғана тоқтатуы мүмкін.

Бір қызығы осындай алаңдаулы кезде Қазақстанға қытайлардың дендеп келе жатқанын бізден гөрі Ресей сезініп, дабыл қағып бізді оятуға тырысуда. Әрине бізге жаны ашығандықтан емес. Бұл жерде бірінші кезекте өз мүддесі бар. Себебін де айтайын, Ресейге келетін қытайлардың басым бөлігі Қазақстан арқылы өтіп жатқанын анықтаған. Қазақстанның қытайлану қаупінің алдын алмаса Қытайдың шекарасы Волгадан бір-ақ шығатынынан үрейленуде.

Қытай кез келген елмен қарым-қатынас кезінде халқын қаптатып жіберуді көзірі ретінде пайдалатын жағдайға жетті. Кезінде Тяньаньмен алаңында жастарды қырып салғанда әлем өре түрегеліп адам құқығы жөнінде айта бастап еді Дэн Сяопин: «Егерде осы адамдардың құқығы Сіздерді қайғыртып отырса, осы тектес адам құқығы деп отырғандар 40 миллионнан асады. Осылардың барлығын өз қаржыммен Сіздерге жіберейін қазір» дегенде барлығы жым жырт болған екен. Содан бері саясаттарын осы пікір төңірегінде өрбітіп келеді.
Қытай мигранттары ешқашан ассимиляцияға ұшырамайды. Керісінше топтасып, қауымдасып жүріп қалашығын салып өз ұлтының саяси мүддесін насихаттап жүреді. Онымен шектеліп қалмай Қытайдың экономикасын дамыту үшін шетелде жүргенде де барлық мүмкіндіктерін жұмылдырады. Қытайдың экономикасын көтерген, инвестиция әкелген де осы шетелдегі қытайлықтар екен.
Қытайдың бізге байланысты саясатының нәтижесін бір Алматы қаласы арқылы түсіндіре кетейін. Бір Алматы қаласында қазіргі күні жүзге тарта қытай кафесі мен мейрамханалары, 270 бірлескен кәсіпорын, 2 банк, 48 жанармай құю бекеті, бір Мәдениет орталығы, Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Қытай тілі орталығы, Конфуций институты, Ялянь сауда орталығы, Си Синхай, Бианху көшелері, Барахолка және Сауран сауда орталықтарындағы сауда нүктелері, Қазақстанның паспортын алған 5000-нан аса азаматты да қосыңыз. Бұл Қытай ақпаратынан алынған нақты мәліметтер. Ал біздің құқық қорғау органдарымыз мұндай мәліметтерді құпия ұстайды. Себеп қарапайым ай сайын әрбір Қытай азаматы өзінің амандығы үшін полиция бөлімшесіне 10 мың теңге, аудандық бөлім бастығына 25 мың теңгеден беріп отырады. Мұны бар Қытай азаматтары растап отыр. Ресейлік зерттеушілердің айғақтарына қарағанда, қытайлықтарды шетелге шығарып отырумен жүйелі айналысатын биресми жасырын ұйымдар бар екен. Әр елге шығарудың өзіндік мөлшері бар. Еуропа елдеріне 8-10 мың доллар, Ресейге 2,5-3 мың доллар көлемінде әр адамға шығын жұмсайтын көрінеді. Қазақстан ең арзандарының қатарына кіреді. Мекен жайға тіркелу үшін 100-200 доллар жеткілікті. Әлемдік тәжірибе дәлелдеп отырғанындай мигранттар тарихта ешқашан мемлекетке пайда әкелмеген, әкелмейді де. Енді осының бәрі аздай қытай және орыс тілдерінде «Хасакэсытань хуацяо бао» деген газетін шығара бастады. Газетте Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған деп жазылған. Сонда біз қытай диаспорасының пайда болғанын да білмей қалғанымыз ба? Бұл жақын уақытта, мүмкін 5-6 жылда Қытай үкіметі Қазақстандағы қытай тілділердің құқығын қорғайды деген сөз. Әрине адам пайда болған жерде құқығыда пайда болады. Сондай-ақ Алматыда Қазақстандағы барлық қытайларды басқарып отыратын (қазіргі тілмен айтқанда жергілікті халықтан қорғап отыратын «крыша») «триада» деген бандиттік топтың да пайда болғанын біреу білер біреу білмес. Бұған қоса жақында қытай ұлттық мәдени орталығын ашуды да жоспарлап жатқандығын естеріңізге салайын. Қытай мигранттарының Алматыда қаптап келе жатқанына байланысты мәселе көтірілгенде ішкі істер органы оның жалған екендігін жариялады. Сонда деймін-ау біз күнде қаптаған қытайлықтарды көріп жүрген көзімізге сенеміз бе әлде ішкі істер органының мәліметтеріне сенеміз бе? Осы арасы түсініксіз. Және бұл тек Алматыдағы ғана жағдай. Басқа жердегі жағдайды айтпай-ақ қоялық. Ал бас қаламыздағы қытай мәселесін айтып өтпеске болмас. Астанамыз Астана қаласының қақ ортасынан ойып тұрып қытайдың ұлттық нақышында салған зәулім «Пекин палас» қонақ үйіне айына шамамен 600-700 қытай азаматы қонақтайтынын, оған қоса Астана қалалық әкімшілігі қытай сауда орталығын салуға жер бөліп беріпті.

Жалпы Қазақстан бойынша Қытайдың 20 ірі компаниясы және орта-ұсағы бар 2000нан аса бірлескен компаниялар жұмыс істеуде. Олардың басым бөлігі әрине энергетика саласында. Атап айтқанда Қытайдың иелігіне өтіп кеткен компаниялар:

1. Ақтөбемұнайгаз – 85,32 пайыз үлес
2. Маңғыстаумұнайгаз – 47
3. ПетроҚазақстан – 67
4. Қазгермұнай – 50
5. Қаражанбасмұнай – 50
6. Бозашы оперейтинг
7. Павлодар мұнай өңдеу зауыты – 58
8. Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 50
9. Айдан мұнай – 100
10. ҚуатАмлонМұнай
11. Торғай Петролиум

Сондай-ақ қытайдың 4 компаниясы қазіргі таңда мұнай бар жерлерге барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2004 жылы сәуір айында Қытайдың Sinopec Group мұнай химиялық компаниясы Каспийдің солтүстігіндегі бірқанша кеніштерге иелік ететін американдық Fioc (First International Oil Сompany) компаниясын сатып алды. 2009 жылы маңызды компанияларымыздың бірі «Қазмұнайгаз» Барлау өндіру» АҚның 11 пайызын сатып алды. Жақында «Қазақмыс» Қытайдан 2,7 млрд. доллар қарыз алғанын және жақын арада үлесіне кіретінін білдік. Қазақстанның көп аймағын электрқуатымен қамтамасыз етіп отырған Екібастұз электр станциясын сатып алды. Әлі де көптеген компанияларды сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Арал теңізі аймағында бiр қатар мұнай-газ кеніштерін ашу үшін барлау жұмыстарын жүргізуде. Ең қауіптісі 939 миллион долларға «ҚазМұнайГаздың» 14,5 пайыз акциясын сатып алуы. Таңқаларлығы еліміздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниямыздың үлесінен қытайдың CNPC компаниясының үлесі асып кетіпті. Жалпы Қазақстандағы энергетика саласындағы үлестің жартысына жуықтады. Сонда бұл елдің мұнай-газ саласындағы монополист компаниясы ҚМГ емес CNPC болғаны ғой. Егер де мұны түсіне білгенге елдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл жөнінде ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Б. Парсегов «Бәсекелестік туралы» заңның 12-бабына сәйкес егер нарықтағы үлесі 35 пайыздан асып кетсе нарық субъектісінің жағдайы үстем деп табылады. Ал қытайлық компаниялардың мұнай нарығында аталған өлшемдерге (критерий) сәйкес келмейді» деді. Осы кезге дейін Қытайға қарай тек мұнай құбырының салынып жатқанын естуші едік, сөйтсек оған қоса PetroChina компаниясы Қазақстанның батысынан Қытай шекарасына дейін бір газ құбырын салып жатқаны анықталды.

Қытай енді мұнай мен газды қойып уран кеніштерін сатып алуды бастады. Білетініміз Шиелі, Иіркөл, Семізбай кеніштеріне иелік етуде. Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы мен Гуандун ядролық корпорациясының Қазақстанның уран кеніштерінде үлестері бар, әрі «Қазатомпром» компаниясынан уран сатып алу келісімі жасалған. Алдағы уақытта Қапшағайдағы ойын-сауық қалашығын, Мойнақ су электр станциясын, Балхаш және Екібастұздағы жылу электр станциясын салуды жоспарлап жатыр. Жалпы Қытай Қазақстанның барлық энергетикалық ресурстарын, яғни мемлекетіміздің күш қуатын толықтай бақылауға алу үшін барынша инвестиция құйып жатыр. Не үшін екенін анықтай алмадық China Development Bank Қазақстанның Даму банкіне 100 млн. доллар берген екен. Қытай тек қана энергетикалық ресурстар қорын сатып алу үшін 3 трлн. қаржы бөлгенін әлемге жариялады. Бірақ бұған алданбаңыздар, бұл Қытайдың кезекті қақпаны. Атам қазақ бұндай әрекетке «не деген батқан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп керемет жауап айтқан. Сіздер ойлайтын шығарсыздар қытайлар бізге миллиондап доллар инвестициялар құйып жатыр деп. Ол салған ақшалары өндіріске, экономикамызды дамытуға емес, мұнай, газ, уранды өндіріп Қытайға алып кету үшін ғана. Ал оның шығынын өтейтін біз боламыз, өйткені несие ретінде мойнымызға ілініп жатыр ғой. Бір елдің экономикалық қауіпсіздігін тәуелділіктен қорғау үшін тұтыну тауарларының жартысынан астамын өздері өндіруі керек екен. Бұл жағдай бізде қызыл сызықтан әрі асып кетті. Алманың атасы атанған Алматы өңірі алманы Қытайдан тасығаннан кейін не сұрауға болады.

Әрине экономикалық жағынан Қытай тек Қазақстанға емес әлемге ықпалын күшейтіп келеді. Әсіресе әлемдік дағдарыс кезінде Қытайдың экономикалық қуаты керісінше артып кетті. Қытай банкісінің (Bank of China) вице-президент Жу Минь «Бұл дағдарыс бізге АҚШтың әлем экономикасына бақылау жасай алмайтынын айқын дәлелдеп берді» деп ашық түрде сынға алды. Бұл дегеніміз Қытай бірте бірте АҚШтың экономикасына, долларға деген тәуелділігін азайтты деген сөз. Қытай юанінің әлемдік валютаға қарай жол алғанынан болар 2009 жылғы 15 сәуірде Пекинде қаржы министріміз Б. Жәмішев: «Қазақстан юаньді резервтік валюта ретінде пайдалануы мүмкін» деп салды. Юаннің тұрақты болып тұрғандығынан қазір саудагерлеріміз тауардың құнын юанмен өлшейтін болыпты. Бұл үдеріс түптеп келгенде доллар құнсызданатын болса Қазақстан юаньға көшуге дайын деген сөз. Байқасаңыздар Халық банкінің банкоматтары қытай тілінде де қызмет көрсете бастады. Мұның барлығына дабыл қағып жатқан жан баласы жоқ сияқты көрінеді.

Енді халық санымен қоса тауарларына да аз кем тоқтала кетейін. Әрине қытай тауарларына шектеу қоя алмаймыз, бірақ тауарымен бірге келетін адамдарын кіргізбеу керек. Ол үшін шекарада сауда орталықтарын ашып, сол арадан тауарын алып, өзін сол жерде қалдырып отыру керек. Сонымен қатар шекарада тауарларын тексеріп өткізетін лабораториялар салуымыз керек. Себебі Қытайдың көптеген тауарларына ЕО, АҚШ, Жапония, Малайзия сияқты көптеген елдер тиым салды. Себеп біреу, адам денсаулығына зиянды, тіпті улы заттар. Осы жағдайларды біле отыра 2010 жылдың 18 сәуірінде екі елдің кеден басшылары 24 сағат бойы жұмыс істейтін тауар өткізу бекетін ашатын болып келісті. Мұндағы мақсат қытай тауарларын кедергілерсіз тезарада өткізетін «жасыл коридор» ашу. Бір кездері АҚШ үй жануарларына арналған Қытай тағамдарынан зиянды қоспа тауып еді, ит пен мысығының денсаулығын мемлекеттік деңгейде қорғап Пекинге қарсы нота жіберді. Жалпы қытайдан қандай тағамдар болмасын кіргізбеу керек. Себебі тағамдарының дерлік бәрі гендік модификацияланған тағамдар. Тіпті кейбір тағам түрлерінің зияндылығын анықтауға мүмкіндігіміз жетпейтін көрінеді. Бірде қытайдан келген шошқаның еті қаншама тексерулерден өтіп халық тұтынатын орынға келгенде зияндылығы анықталады. Артынша 90 тонна зиянды шошқа етін қайтаруға мәжбүр болыпты. Сонда зияндылығы белгілі бір уақытқа дейін анықталмай жүре береді деген сөз ғой. Осылай білдірмей әсер ететіндердің көпшілігі еркектерді белден айыратын, ұрықтарын өлтіретін қоспа бар екеніне құлақ та үйренді. Мамандардың айтуынша тағамдарымен қоса Қытайдан келетін киім кешек, балалар ойыншықтарының сапасы да сын көтермейді екен. Осылардың кесірінен ауру ұрпақтар саны өсуде. Атап айтқанда бүлдіршіндер арасында артроз, сколиозға шалдыққандар көбейді. Соңғы 5-10 жылдан бері жастардың басым бөлігінде майтабан ауруы анықталып әскерде отан қорғау борышынан айрылғандар қатары көбеюде. Медицина мамандары бұл қытайдың аяқ киімдерінің тигізген зардабы екенін айтты. Мектептердегі стандартқа сай келмейтін қытай парталарының зардабынан балалар бүкір, қабырғасы қисық қалыптасуда. Одан қалды кеңсе тауарларының жағымсыз иісті, улы бояуларынан оқушыларымыз тағы да зардап шегуде. Ал нәрестелерге арналған ойыншықтардағы улы бояулардан зақымданған, жарылғыш заттардан күйген, сылдырмақтағы дыбыстың қаттылығынан керең болғандар қаншама. Бүгінде жерге түссе сынбайтын қытайлық ыдыстарға қызығатындар көбейді: бағасы арзан әрі ұзаққа шыдайды. Мұндай ыдыстарға салынған тағамдар лезде уға айналады екен. Себебі ыдыстағы меламиннің құрамына формальдегидпен бірге асбест қосылады екен. Ал асбест ыдыс тұрмақ, құрылысқа пайдалануға қатаң тыйым салынған улы зат. Автобустарынан халықтың қандай зардап шеккенін де білесіздер. Өкініштісі күнде қолданып жүрген ұялы телефонымыздың маркасы басқа елдікі болғанымен Қытайда жасалғандығы және оның радиация мөлшері шектес тыс болғандықтан миымызды зақымдап жатқанын көбіміздің хабарымыз жоқ. Осыларды ескере отырып дамыған елдердің шектеу қойған тауарларының тізімдерін жасап, шектеу қою керек. Қытайлар тек тауарымен ғана денсаулығымызға зиянын тигізбей, жұмыс істетіп жатқан кен орындарындағы экологияны бүлдіріп жергілікті халықтың денсаулығын күрт нашарлатып жіберді. Оны сол жердегі ауруханалардың мәліметтерінен білуге болады. Қытай кен орындарында газдан улану оқиғалары жиі қайталанатын болды. Шиелі кентінде болғанымда «соңғы күндері судың бетінде бір майлы тәрізді сұйықтық пайда болды. Білетіндердің айтуынша ол уран көрінеді. Соны біле тұра жергілікті халық судың бетін үрлеп жіберіп іше беретін» жағдайға жетіпті. Осылармен қатар Ертіс, Іле өзендерінің арнасын бұру арқылы Қазақстанның шығыс аймағына үлкен экологиялық апат туындатқызбақшы. Өзендерімізде судың төмендеуінен балықтың түрлері азайып барады. Бұған алаңдаушылық білдірген Қазақстан тарапына Қытай ресми түрде «Елдің барлық ресурстары, оның ішінде шекаралық өзендері де Қытай экономикасының өркендеуіне жұмыс істеуі керек. Қалғаны маңызды емес» деп бір-ақ қысқа қайырды. Қытайлардың басынғаны сондай жергілікті халықты қорлайтындай жағдайға жетіпті. Барлық басшымызды сатып алғаннан кейін басынғаны ғой бұл. Қытай мәдениетін, тарихын жұмысшыларымыздың санасына түрлі айла жолдарымен тықпалап жатыр. Таңертең тұрғанда Қытай әнұранын айтқызуды әдетке айналдырған. Қытай тілін талап етеді, білетіндеріне жеңілдіктер жасайды. Өздеріңіз жақында оқыған боларсыздар қытайлық азаматтың Жас Алаш газетінің редакциясын арнайы барып талқандап кеткенін. Бұл бір елдің беделді газетінің аузын жабуға және байқап жазуға Қытай тарапынан көрсетілген сес. Алматыда болған бір оқиғаны айтайын: қытай фирмасының күзетшісі ұлты қытай бірде орыстың итін атып тастапты, оған иттің иесі өтем өтеткізіп алған, ал бірде бір қазақтың аяғынан атып жаралаған. Қазақ қанша әрекеттенсе де еш нәтиже шығара алмаған. Өз елімізде орыстың иті құрлы болмаған соң не сұрауға болады. Қытайда қасиетті мұрамыз Домбыра аяқасты етіліп, «Домбыра» деген маркамен арақ шығарды. Қытайлар қазақ халқын жақтыртпаған сыңаймен «хаса» деп кемсітеді екен. Ал көп санды қазақтар бұл атауға негізінен үйренісіп те кетті. Ал өкінерлігі күні кеше ғана дәл осы атты марка етіп алған «хаса» маркалы желілес арақтар базарға шығып үлгерді. Сөздің төтесі «қазақ» маркалы арақ шықты, бұл не деген сорақылық! Яғни, «әнұран таққан арақты, домбыраға құйып таратты» деген хабарды да естігенбіз. Сонымен бірге Қазақстан туы, елтаңбасы, Абай атамыздың суреті бедерленген қытай тауарларына (шоколад, кәмпиттер, т.б.) да көз үйрене бастады. Осы тектес ұлттық, рухани құндылықтарымызға қарсы жасалған шабуылдардан қорғануымыз керек. Қытай ежелден өзінің мәдениетін, идеологиясын біртіндеп өзге ұлтқа сіңіріп, содан кейін әлсіз, тамырсыз, рухы тоналған ұлттарды жойып отырған. Егер жіті назар аударып қарасаңыздар екі де бір қазақтың үйінде немесе қызмет, сауда орындарында қытайдың фэн-шуй ілімі негізінде жасалған мүсіндер, атап айтқанда месқарын адам мен тиын тістеген құрбақаны көресіздер. Сонда бақыт пен байлық шақырады деген қытайдың сенімі санамызға да кіріп үлгерді деген сөз ғой бұл. Бақыт пен байлықты Құдайдан емес Қытайдың ойыншығынан сұрасақ жетіскен екенбіз. Өтірік ертегіге құрылған сәттіліктер арқылы мұндай ойыншықтарға сенудің түбінде пұтқа табынушылық жатқанын естен шығармаңыздар. Бұл бар болғаны қалта қағу мен қытайландырудың бір жолы.

Қысқасы қытай тауарларының осындай ауыр хәлге душар ететін зияндылығын ескере отырып кең түрде насихаттау керек. Махатма Ганди айтқандай «ағылшындарға қарсы күресудің бір жолы – ағылшын тауарларын еш сатып алмау» депті. Содан кейін ағылшын компаниялары бірінен кейін бірі банкротқа ұшырап, артынша үнді жерін тастап кете барыпты.

Жоғарыда айтылған тауар алмасу байланыстарының күшейгені сондай көліктердің мүмкіншілігі жетпей жатқан көрінеді. Осыны ескерген Қытайдың HPGI компаниясы Қазақстан мен Қытай арасында жаңадан 21 жол байланысын құруды жоспарлап, оның сегізі тек мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалдауға арналатындығын жариялады.

Осылардың барлығын жариялаудағы мақсатымыз екі елдің осындай тығыз қарым қатынасына сына қағу емес. Қарым қатынаста да тереземіз тең әрі әділетті болуын қалаймыз. Әйтпесе бізге тек дайын тауарларын тасып өзіміздің өндірісті тұншықтырып экономикалық жағынан тәуелді ету, барлық шикізатымызды тасып әкету осының бәрі достық немесе мүдделестік, әділеттілік пе? Бұның нақ жауабын өзіміз-ақ айтайық, бұл әлем тарихындағы тәжірибеден білетініміздей шикізат өндіруші әрі дайын тауар тұтынушы дамымай артта қалған елдердің қатарына қосу.

Қазақ аң-құспен табиғатпен жақыннан сырласа білген халық. Солардың сезімталғымен алдағы күнді болжап отырған. Егер қазақ-қытай шекарасының арғы бетіне назар аударсаңыздар құстар жоқ та бергі бетте құстар көп екен. Құс екеш құстың өзі шекараның арғы бетіне бір қадам жоламайды екен. Өйткені бір тажалдың келе жатқанын сездіртеді. Сөйтсе мәдени төңкеріс кезіндегі қырғын гендік жадында сақталғандығынан арғы бетке өтпейді екен. Сондықтан тарихтан жоңғарларды түп тамырымен қалай қырғанын, ал қазір автономды ел болып отырған ұйғырларды қалай қырып жатқанып біліп, көріп отырып қалай сақтанбай отырмыз деген заңды сауал әрдайым әрбір қазақты ұйықтатпауы керек.

Шетелге кеткің келсе ағылшын тілін үйрен, осы жерде қалғың келсе қытайша үйрен деген әзіл де болса әңгімелер айтылып жүр. Қазірдің өзінде өз елімізде отырып қытайға жалданып жүргенде ертең құл болмаймыз деп кімді сендіре аламыз.

Өте тереңінен жүргізілген қытай саясатының бір тармағы тарихи, мәдени құндылықтарымызды қытайландыру. Мысалыға Зсан деген қытайдың классик жазушысының түбі түрік тектес Сәрсен екен, Елдібай ақынды да Ли бай деп қытай ғып шығарғаны сияқты. Осы тұста бізге қиын соғып тұрған жері тарихи құжаттарымыздың болмауы. Ал Қытайда біз туралы томдаған зерттеулер саны ұзақсонар. Бір Су Бэйхайдың төрт томдық «Қазақтың жалпы тарихы», Уаң Жылайдың төрт томдық «Орта Азияның жалпы тарихы» сияқты еңбектердің өзі неге тұрады. Жалпы осы тектес томдаған еңбектердің барлығы қытай мүддесіне қарай жазылған. Осындай еңбектердің әсерінен бізде қытайлық пікірді қалай жақтап кеткендерін білмей қалғандар көбеюде. Аталған еңбектерде Қазақстанның оңтүстік бөлігі қытайдың атақонысы екен. Тіпті жергілікті халық «біз Таң патшалығынанбыз» деп мақтанышпен айтқан көрінеді. Қытайдың жалпы орта мектебінің 9-сыныбына арналған тарих оқулығында Қазақстанның оңтүстік бөлігін Қытайдың территориясы деп көрсеткен. Қысқасы солардың жерін біз хақсыз жаулап алған екенбіз. Егер де бізде оқулықтарымызда Қытай қорғанынан бастап айтпай-ақ қояйын кешегі Орынбор қаласын картамызға қосып алайықшы Ресейің өре түрегеледі.

ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТЫ

Қытайда Орталық Азияны зерттейтін 10нан аса ғылыми зерттеу орталығының жұмысы Қазақстанды зерттеуге бағытталған екен. Қытай Қазақстанды зерттеу жағынан бізді он орап кетеді. Егер сенсеңіздер әрбір қытай азаматы еліне барғанда қазақтар не істеп жатыр, ой-пікірі қалай екені жөнінде қауіпсіздік органдарына түсініктеме беріп отырады. Ал басшыларымыздың барлық іс-әрекеттері жөніндегі ақпараттарды бақылауда ұстап отыр. Шыңжаңның экономика газеті күн сайынғы нөмірлерінде Қазақстанның күнделікті экономикалық жағдайынан былайша айтқанда базардағы көкөніс бағасынан бастап мұнайының әр барелінің бағасына дейін жариялап отырады. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының болашағына болжамдар да жасап, тіпті күзгі жиын терімде қанша тонна астық алатынына дейін есептеп жариялайды екен.

Спорт саласында да қытайдың мерейі үстем болып тұр. Қазір өзіміздің қазақша күрес сияқты ұлттық спортымыздың орталығынан гөрі ушу, айкидо, кунфу сияқты қытайдың жекпе жек өнерлерін насихаттайтын орталықтарын көптеп ашылып жатыр. Бұл түбінде өзіміздің генімізге тән әскери рухты жоғалтуымызға жол ашпай ма?

Қытай ешқашан басқа елдің территориясына қол сұқпайды деген адамды қателестіретін пікірге сенуге болмайды. Қытай қауіпсіздігінің доктринасына сәйкес Қытайдың стратегиялық шекарасы әлсіз елдердің территориясы есебінен ұлғая береді. Арысы Қытай қорғанынан бастап айтпай-ақ берісі 1992-95 жж. аралығында Ресейдің Приморье, Уссури, Амурдағы біраз жерлерін, 1997 жылы Гонконгты, 1998 жылы Аомынды өзіне қосып алып тек территориясын ұлғайтып келеді. Егер де қытайдың әскери тәсілдерін зерттесеңіздер, соңғы уақыттары қорғаныс саласынан гөрі қарсы шабуылға көп қаржы бөлуде. Біз шабуылына төтеп бермек түгіл оғымыздың (патрон) саны қытайдың санына жетпейді екен. Осы тектес мысалдарға сүйеніп Қазақстан Қытайға қарсы 30 минут, 40 минут қана төтеп бере алады дегендер көп даурыға бермесін. Осы тектес пікірлерді Ресей әдейі шығарып «Сендер өз беттеріңмен Қытайға қарсы 1 сағат та қарсы тұра алмайсыңдар» деп Қазақстанды Қытайдан қорқытып өз қолтықтарының астына басқысы келеді. Жоғарыда аталған экономика, идеология, спорт, миграция, т.б. салаларындағы үстемдігімен қоса Қытай енді әскери байланыстарын күшейтуге кірісті. Себебі де түсінікті, Қазақстандағы экономикалық мүддесін қарумен қорғау. Сондай-ақ Қазақстанның батысынан бастап Қытайға қарай тартылған мұнай құбырының қауіпсіздігін қорғау мақсатында кез-келген уақытта әскер кіргізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл аталған мәселені Қытайдың Қазақстанмен әскери жаттығуларын көбейтіп жатқандығымен дәлелдеуге болады. Мысалыға соңғы 4-5 жылда жыл сайын әскери жаттығу өткізуді дәстүрге айналдырды. Биыл 2010 жылы Қазақстандағы Мәтібұлақ полигонында тағы бір әскери оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр. Кеңес Одағы заманынан қалған әскери техниканың ескіріп, қолданыстан шығуына байланысты Қытай өзінің әскери құрал-жабдықтарын беріп, оқу-жаттығулар өткізу арқылы иемденгісі келетін ниетін іс-әрекетімен байқатып жүр. Оған қоса қытайдың әскери оқу орындары қазақ әскерлеріне оқуға бөлінетін грантты жыл өткен сайын көбейтіп келеді. Қытай енді мұнай құбыр желілерімен қатар Қазақстандағы компаниялары мен азаматтарының мүдделерін қорғаудың стратегиясын жасап жатқанына күмәніңіз болмасын. Әрине біздің ресми билік ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіретін болғандықтан еліміздегі Қытайдың энергетикалық мүдделерін қытай әскерилерінің қорғауына рұқсат бергісі келмейді. Ал бірақ оған қарап отырған қытай жоқ. Қазір экономикалық тәуелділікке түсіруге, қытай диаспорасын көбейтуге бар күшін салып жатыр. Одан арғысы белгілі ғой.

Жоғарыда аталған Қытайдың осыншалықты қауіпсіздігімізге де, экономикамызға да дендеп кіріп бара жатқаны даңғыл жол ашып отырған ол елімізде тамырын тереңге жіберген ЖЕМҚОРЛЫҚ. Бұл жемқорлық деген жоңғар шапқыншылығы мен ашаршылықтан да жаман болайын деп тұр.

Бір қауіп төндіріп отырғаны қазірдің өзінде қытайлар көбейіп кеткен Ақтөбе, Маңғыстау сияқты Қазақстанның кейбір қалаларындағы жергілікті атқарушы органдар арасында қытай мүддесін қорғайтындардың көбеюі. Жергілікті халықтың ортақ бір мәселесі мәслихат, әкімшілікте көтеріліп қалған кезде ауыздарына құм құйып алғандай үнсіздер саны көбейіп, есесіне халықтың мәселесін жанұшырып айтатын адамдар азайып барады. Қу бастың құлқынын ғана ойлап аузына қытайдың қаржысын толтырып алғандар қалай сөйлесін. Бірде Қызылорда облысында қытайдың мұнай барлау экспедициясы ұсталды. Туристік визамен қыдырып келген қытайлықтар 89 жергілікті азаматты келісім шартсыз жалдап, мұнай қорын барлап жатқан жерінен қолға түсті. Осының бәріне жол ашып, рұқсат беріп отырған кім, әрине жергілікті атқарушы органдар.

Бір таңқаларылығы, Қытайдың көпе-көрнеу төндіріп отырған қаупін қарапайым халық көреді де, билік неге көрмейді. Қытайға сатып берсең де, жалға берсең де, уақытша берсең де, берген жердің енді қайтуы жоқ екенін бәрі біледі де, билік білмейді ме? Миллиардтаған қытайдан алпауыт АҚШ сақтанғанда алақандай 15 млн қазақ неге сақтанбайды? Жерді ешқандай жағдайда жалға да, малға да, қарызға да беруге болмайды! Бұл халықтың биліктен әбден күдер үзгені соншалық жерді жалға береді екен дегенде сасқанынан Ху Цзинтаоға араша сұрап жазылған хаттарды интернеттен оқыдым. Бұл арада тек қана билікті ғана кінәлап отыруға болмайды. Бұған бізде жауаптымыз және бізде кінәліміз.

Хат жазғаннан, сұрағаннан, жылағаннан, кіжінгеннен мүйіз шықса, қазақтың мүйізі қарағайдай болар еді. Бұдан ешқандай пайда жоқ, нәтиже жоқ екеніне көз жетті. Әлсіздің үніне кім құлақ асып еді бұ заманда. Сондықтан әрбір қазақ мықты, табанды болуы керек. Реті келгенде аспандап кеткен билікті алқымынан алып, тәрбиеге салып, тәубесіне түсіріп отыру керек. «Халық талап етсе, хан түйесін соятынын ұмытпайық». Бірақ мына заманда саясатқа қарсылық білдірген халықты қырып салудан да тайынбай ма деп ойлаймын. Себебі Қытайға жер беруге қарсы шыққан кешегі Алматы қаласындағы 2009 жылғы 16-17 желтоқсанда жаңа алаңның астында 2000 әскер мұздай қаруланып, ши шыға қалса жер астынан тап беруге дайын тұрыпты.

Қытайға Қазақстанның жері керек жоқ деген пікірдегілер қателеседі. Өз жеріне сыймай отырған елге қалай жер керегі жоқ. Яғни оларға шикізат керек, тұратын жер керек. Сондықтан да олар Қазақстаннан жалға болса да жер алуға мүдделі. Қытайдың "Рен минь рь бау" газетінің ағылшын тіліндегі сайтында және францияның «Le Monde» газетінде «Қазақстаннан жеті мың гектар жер он жылға алынды, үш мың қытай диқаны осы көктемде барады» деген мәліметті таратты. Бұл Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан "Сино-Қазақстан" компаниясы. Директоры - Ху Фең деген қытайлық. Одан қалды естеріңізде болса С.Терещенко 1 млн. гектар жерді сатып алып еді ғой. Енді сол жерлерін шетінен қытайлық фермерлерге жалға беріп жатқан көрінеді. Осылардың бәрі ақылға қонбайды. Себебі ешқандай ел Қазақстанға мал, егін шаруашылығын үйретпей-ақ қойсын. Себебі Қазақстан бұрыннан аграрлы ел. Тәжірибеміз мол, жеткілікті. Тек жұмысымызды жүйеге қойсақ болды.

Жоғарыда аталған барлық қауіп қатерлерге қарсы шаралар ретінде ұсыныстарымды білдіре кетейін.

Неге біз әрдайым іс-шара жоспарлағанда, тіпті бір әңгімені айтқанның өзінде бөтен біреудің құқығын бірінші кезекте ойлап айтамыз. Ананың, мынаның құқығын бұзып жібермейміз бе деп жалтақтап отырамыз, сосын барып екінші кезекке өзімізді қоямыз. Қытайдың еркектер проблемасы өздеріне. Соларға қыз жетпей қалады екен деп бізде артылып жатқан қызымыз жоқ. «Әйелін, қызын қызғанбаған адам жұмаққа бармайды» деген халық емес па едік. Сондықтан қалайда қытаймен аралас некеге тыйым салуымыз керек. Тіпті Индонезия мен Малайзия қытайлықтардың келуіне заң жүзінде қатаң тыйым салды емес пе?

Мүмкіндігінше ұлты қытайға азаматтық бермеу. Әлемдік тәжірибеде көрсетіп жүргеніндей азаматтық алуды қиындату, мысалыға қазақ тілін білуді талап ету, азаматтық үшін тұрақтау мерзімін 5 жылдан 10 жылға көтеру.

Бір қызығы біз Қытай туралы көп нәрсе білмейміз. Ешқандай классикалық деңгейдегі еңбектерін оқыған емеспіз. Қысқасы Қытай әлемі, қыр-сыры біз үшін әлі жұмбақ. Сол үшін ҚР Сыртқы барлау қызметінде арнайы Қытай басқармасын құру. ҰҚК жанынан Қытай ғылыми зерттеу институтын құру. Оған қытайдың қыр сырын жанындай білетін Қытайдағы ұлтшыл қазақтарды тарту. Мысалыға, Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінде 3-бюро Гонконг, Макао (Аомын), Тайванмен арнайы шұғылданатын және сол жердегі ұлты қытай ұлтшылдарын тыңшылыққа тартатын болған. Бұл бюро таяу арада жабылуы мүмкін деген де болжам бар. Себебі Гонконг пен Макаоны қосып алды, енді жақында Тайванды да бағындырады дейді. Көрдіңіз бе арнайы бюро құрғанның нәтижесі қандай.

Сондай-ақ қытай жұмысшыларын кіргізбеу, тендерлерге қытай фирмаларын қатыстырмау керек. Кез келген адам істей алатын қара жұмысшыны Қытайдан әкелудің ешқандай жөні жоқ. Қытай үлеске кіріп алған компанияларының тендерлерін қытайлар шешетін болыпты. Соның себебінен сервистерінің барлығына қытайларды тартуда. Сонымен қоса техникаларын әкелуде. Техникасын әкелген соң, қосалқы бөлшектерін әкеледі, сосын оны жөндейтін мамандарын әкеледі, сосын жұмыс орында санын 10-15 жеткізіп алған соң, құқықтарын сұрай бастайды. Тамағын, киімін, азық түлігімен қоса аспазшысын шақыртады. Осылайша кезең кезеңімен істің барлық тетіктерін қолдарына алып жатыр. Нәтижесінде бұрындары көшеден еш көрмей жүрген қытайымызды, енді қазір 2-3-еуін сосын топ топтарымен көретін болдық. Бір білетініміз шекарадан жылына шамамен 50-60 мың қытай кірсе, соның 20-30 мыңы ғана қайтады екен. Бұл ресми дерек көзі, ал биресми санын білмейміз. Бір таңқаларлық жағдай, Қазақстандағы қытай мигранттары жөнінде не көші-қон полициясы, не статистикалық органдар болсын ешқайсысы дөп басып санын айта алмайды. Бұл проблеманы тезарада жолға қою керек.

Сонымен қатар Қытайдың қытайландыру саясатына қарсы бiзден басқа да көршiлерiнiң қалай сақтанып келген тәжiрибелерiн саралай отырып, тек Жапониядан ғана үлгi алуға болатынын баса айтқым келiп отыр. Өйткенi, олар ұлттық менталитеттерiн сақтай отырып, рухани әлемiне шетелдiктердi бойлатпай, өз аумағына қоныс тепкiзбедi, iргесiн аулақ ұстады. Қандай жағдай болғанда да Қытай азаматының Жапонияда тұрақтап қалуына ешқандай мүмкiндiк қалдырмаған. Жапон азаматына үйлене қалған күннiң өзiнде, азаматымен қоса елден шығарып жiбередi. Қытайдың саясатына қарсы бiздiң әрекетiмiз, осыдан 40-45 жыл бұрын оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнiң Қытайға қарсы әрекетiне ұқсас. Қытайдан ешқандай қауiп сезiнбеген оңтүстiк-шығыс Азия елдерi көп уақыт өтпей-ақ Қытай ықпалында қалай қалғанын бiлмей де қалды. Қазiр бiз де Қытайдан келетiн қауiптi айтарлықтай сезiне алмай отырғанымыз рас. Қытай 5 мыңжылдық тарихында ешқашан көршi елдерiн күшпен басып алған емес. Алдымен тауарларын кiргiзiп, артынан сауда-саттықпен барған қытайлар тұрақтап қалып, қытай тауарына тәуелдi етiп, соңында саяси жағынан да тәуелдi етiп отырған. Сонау Сары өзен бойынан басталған жаулап алу саясаты арқылы қазiр 9,6 млн. шаршы шақырымды бағындырды. Нәтижесiнде қаншама халықтарды соғыссыз-ақ жер бетiнен жойып, қаншамасын отарында қанап отыр. Олар қарумен жауламайды, тек қана Конфуцийдің саналарына мыңдаған жылдардан бері сіңіріп тастаған «1 сантиметрден алға жылжып отырсаң жеткілікті» деген ұстанымын іске асыруда. Ендi осындай өткен тарихтан да сабақ ала отырып неге сақтану шараларын қолға алмасқа. 1) Ұлан-ғайыр даламыздың Қытаймен шекаралас жатқан шекара бекеттерiнде Қытайдың демографиялық ағынын реттеп отыру үшiн 4 шекара бекетiнiң тек Достық шекара бекетiнен ғана қытай дипломаттарын қатаң қадағалап өткiзу қалғандарынан адамдар өткізбеу (заттары өте берсін) қажет. Бiрақ тауар алмасу қалыпты барлық шекара бекеттерiнен жүре бередi; 2) Қазақстанға кiрген әрбiр Қытай азаматын қатаң қадағалауда ұстау арқылы, қонақ үйден басқа жерлерге – үй жалдап тұруына қатаң тиым салу; 3) нақты саны белгісіз азаматтығымызды алған қытайлардың Қытайдағы туыс-таныстарын түрлi жолдарымен шақырып, Қазақстанның өндiрiс өнеркәсiбi, сауда-саттығы сияқты түрлi салаларына iшкерiлей араласуына жол бермеу; 4) Ақпарат құралдарында, оқулық құралдарында Қазақстанды қытайландыруға қатысты арандатуға жол бермеу. 5) Қытайдан тауарлармен бiрге келетiн рухани өнiмдерiне шектеу қою; 6) қазақ халқының қаймағы бұзылмай сақталып келе жатқан Қытайдағы 1,5 млн. қазақты Қазақстанның солтүстiк аудандарына көшiрiп алу. Алайда ресми дерек бойынша 1,3 млрд. тұрғыны бар Қытайдың демографиялық, әлеуметтiк проблемасы шаш-етектен болса да қандастарымызды отанына қайтаруға құлықты емес. Қытайдағы қандастарымыз Қазақстанға келетiн болса демографиялық, ұлттық проблемаларымыздың бiршамасы шешiлген болар едi. Сонымен бiрге картадан қарағанда төбемiзге жайғасып алған Ресейдiң солтүстiк өңiрiмiздегi саяси ықпалы азаяр едi. Шығыс көршiмiздiң қаншалықты қауiптi екенiнiң парқына бара алмай отырған азаматтарымызға Қытайдан келген қандастарымыз түсiндiруге және жақыннан тануымызға көмектескен болар едi. Осы мәселелердiң бәрiн ескерiп, Қытай үкiметi мұны Қазақстанға қатысты бiр көзiр ретiнде ұстап отыр. Әйтпесе қандастарымыздың бәрiн әкелгеннен соншалықты Қытайдың демографиялық жағдайына әсер етпейтiнi айдан анық. Егерде бiз Қытайдағы 1,5 млн. қандасымызды әкелiп үлгере алмасақ болашағымызға қатысты, Қытайға қатысты бiр көзiрiмiздi жоғалтқанмен бiрдей. Өйткенi, соңғы жылдары Қытай үкiметi қандастарымыз орналасқан Шыңжаң аймағын қытайландыруды қарқынды түрде бастап кеттi. Және болжамдарға қарағанда жақын уақытта қытайланып бiтедi деген болжамдар да бар. Бұдан түсiнгенiмiз — Қазақтардың басын бiрiктiрмей кезең-кезеңiмен қытайландыру. Яғни, Қытайдағы қандастарымызды қытайландырып бiткен соң, ертең бұл күннiң бiзге де тумауына кiм кепiлдiк бере алады. Жоғарыда аталған күрмеуi шешiлуi керек мәселелердiң барлығы тарихымыз бiзге көрсетiп, дәлелдеп ортаға шығарып берiп кеткен сабақтарынан туындаған проблемалар. Егер де бiз осы мәселелердiң шешiмiн табуға тырыспасақ, әрекеттенуге ниет етпесек мұның зардабы ауыр болмақ.

Енді бір мәселе айта кетейін осы келтірілген айғақтардың көпшілігі сыртқы ақпарат көздерінен алынды. Бізде Қытаймен қарым қатынасқа байланысты барлық ақпараттар құпия сақтаулы. Қытайдың қаншалықты қауіп төндіріп отырғанын білу қиын. «Қытай қауіп төндіріп тұрған жоқ, ол Ресей саясатының ықпалы» дейтіндерге айтарым, егер де жоғарыдағы фактілерді еске түсірсек Қытай қалай қауіпті емес деп айта алады. Қытайдың ақпараттарына сенетіндер «Қытай қауіпті емес» деп әлде бір жалған мысалдарды келтіріп әлек. Бәріне айтарым Ресейдің де Қытайдың да фактілерін бір шетке қойып Қазақстандағы орын алып отырған фактілерге көзді ашып қарап қарасаңыздар, сонда Қытайдың қаншалықты қауіпті екенін түсінесіздер. Әрине сыртқы ақпараттар өз идеологиясының шеңберінде ғана айтылған, жазылған пікірлер. Ал біз осындай арандатуларға, басқа елдің идеологиясының жетегінде кетпес үшін осы пікірлерді ұлттық санамыздың сүзгісінен өткізіп өз мүддемізді көздейтін пікірлер, идеологиямызды қалыптастыруымыз керекпіз. Мысалыға, «Қытай сияқты аждаһаға төтеп беру үшін Ресейдің жанынан табылуымыз керек» деген сияқты. Біз үшін Қытай аждаһа да Ресей аю да емес. Екі елге де төтеп бере алатын ұлттық рухымыз бар. Сыртқы күштің қару мен экономикалық әлсіздігімізді санамызға сіңірген түсінігінде қалмай, рухты халық екендігімізді ұмытпаңыздар. Егер бір рухтанып кетсек біздің алдымызда айдаһарыңызда, аюыңызда қоян болып қалатынын біліңіздер. Сондықтан тәуелсіз ел ретінде ұлттық рухымызды өлтірместей тәуелсіз сана, идеология қалыптастырайық.

Хан мен қара бір Намыс туының астына жиналар, серпілер, еңсемізді көтерер, толарсақтан қан кешіп, намыс үшін жан кешіп елімізді, тәуелсіздігімізді қорғайтын күн жақындады. Б.д.д. уақыттары 100 миллионға жуық қытайды алдына салып қуған 1 миллион ғұн бабаларымыздың даңқты рухымен қайта қауышайық. «Дос болғанға құшақ ашық туыспыз қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!!!»
Пазылбек Абсаттарұлы, саясаттану ғылымдарының магистрі

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет