1-тоқсан: Музыка және поэзия
|
Сабақтың тақырыбы: Қайран нарын
|
Күні:
|
Мұғалім:___________________________
|
Сынып: 6
|
Қатысқан оқушы:
cаны________
|
Қатыспаған оқушы
cаны________
|
Осы сабақтағы негізгі мақсаттары
|
1) Махамбет шығармашылығымен танысу.
2) Махамбеттің «Қайран Нарын» күйінің тарихымен танысу.
3) өнерімізді қадірлеуге баулу.
|
Сабақтағы музыкалар
|
Гимн—орындауға
«Дос туралы жыр»—қайталау.
«Мен,мен, мен едім» терме---тыңдауға.
|
Музыка сауаты
|
Дыбыс қатары қайталау. Гамма До- До.
|
Алдыңғы сабақтағы білімді тексеру:
|
Оқушыларға сабақтағы үйренген әндерін қайталатамын. Өз шығармашылықтарын көрсетуін сұраймын.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
|
Аудиожазба
|
Сабақтың ортасы
7-11 минут
12-14
15-20
21-35
|
А) Жаңа тақырыпты меңгерту, әңгіме әдісі арқылы.
1) Қазақ музыкасындағы музыка мен поэзияның бір-бірімен егіз екені, Махамбет ақынның шығармашылығында айқын білінеді. Махамбет ақын, Махамбат жыршы, ол композитор және халық батыры. Атақты батыр Исатай Таймановтың серігі. Махамбет өз тұсындағы халықтың мұң мұқтажын жоқтаған , жырлаған ақын. Жырлап қана қоймай сол үшін күресе де білді.
Мен, мен, мен едім
Мен Нарында жүргенде еңіреп жұрген ер едім,
Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім
Қай Қазақтан кем едім... – деп жырлаған.
--Енді осы Махамбет жыраудың әндерімен күйлерінен тыңдайық.
Музыка тыңдайық:
«Қайран Нарын» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Қаршыға Ахмедияровтың орындауында. Бұл күй «төкпе» күй. Бұл күйді орындаушы ел арасынан өзі іздеп тауып, өзі нотаға түсіріп орындаған.
Ән орындайық: «Дос туралы жыр» әні, Әні С. Бәйтерековтікі, (қайталау)
Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Ән орындағанда, оқушылардың зейінін әннің сөзіне аударған жөн. Әсіресе ауыспалы кварта ноталарын таза орындалуын қадағалау.
|