Қаражанова Гүлбағила Баянқызы,
«Сауран» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ы. Алтынсарин шығармаларымен тереңірек таныса отырып, әңгімелерінің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын ашу.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармаларының эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге өзіндік талдау, жинақтау жасау, ойлай білуге дағдыландыру. Өз ойын көркем де, көрнекті жеткізе білуге, әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Тәрбиелік мәні: Әңгімелері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу-білімге шақыру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтастыру, кубизм, ойын.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің портреті, буклет, нақыл сөздер, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
I Кіріспе
а) Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар мақалдар арқылы топқа бөлініп, бір-бірімен мейірімді тілектер айтады.
1-топ Мейірімділер: Мейірім-шапағат арқылы адами қасиеттер қалыптасады. Әрдайым мейірімді болуларыңызға тілектеспіз.
2-топ. Ұқыптылар: Ұқыпты болсақ - ұтарымыз көп. Әруақытта ұқыпты болайық.
3-топ. Еңбекшілер: Еңбек түбі – береке. Еңбектеріңізге сәттілік тілейміз.
ә) Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма сұралып, қорытындыланады.
Жаңа сабақ
Ой қозғау. Үш топқа тапсырма беріледі. Топтау стратегиясы арқылы шығармаларын топтастыру.
Топтық жұмыс.
1-топ Гүл күлтелеріне Ы.Алтынсарин шығармаларын топтастырады.
2-топ киіз үй бейнесіне Ы. Алтынсарин шығармаларын топтастырады.
3-топ Ы. Алтынсарин шығармаларын топтастырады.
Мәтінмен жұмыс. (Жеке жұмыс) Әр топ түсті конверттерді таңдап, конвертте берілген шығарманың маңызды деген бір сөйлеміне өз көзқарастарын, өз ойларын жеткізе білу керек.
«Кубизм» арқылы мәтін таңдап, берілген әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады.
Мағынаны тану. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны арқылы жүргізіледі.
Мен халық мақалдарын айтамын, оқушылар соған орай Ыбырай Алтынсарин үзінділерін айтады.
-
Х: Ұрлық түбі – қорлық.
Ы: Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен.
-
Х: Арық атқа жан бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Ы: Арық мал жан жолатпас бір жалданса.
-
Х: Өлімнен ұят күшті.
Ы: Иманды ер құдайынан ұялады,
Ұялып, иесінен сый алады.
-
Х: Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Ы: Еңбекпен табылған тамақ тәтті, сіңімді болады.
-
Х: Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Ы: Оқусыз өмір, ойсыз көңіл өліммен тең.
-
Х: Жігітке жеті өнер де аз.
Ы: Жігіт көркі – өнер.
-
Х: Кім еңбек етсе, сол тоқ.
Ы: Байлық жерде, еңбекте.
-
Х: Таза болсаң судай бол,
-
Бәрін жуып кетірген.
Ы: Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!
Ойтолғаныс. Үш топқа тапсырмалар беріледі.
1-топ. Сандар сөйлейді. Бірнеше сандар ұсынылады. Сол сандар бойынша Ыбырай өміріндегі оқиғаларды атап көрсетеді.
-
1864 ж. 8-қаңтар Ыбырай арман еткен мектеп ашылды.
-
14. Ыбырай ашқан мектепке 14 қазақ баласы оқуға кірді.
-
1841 ж. 20 қазан. Ыбырай дүниеге келді.
-
1850 ж. Ыбырай орыс мектебіне кірген жыл.
-
1857 ж. Ыбырай мектеп бітірген жыл.
-
1883 ж. Қолөнер мектебі ашылған жыл.
-
1887 ж. Қыздар мектебі ашылған жыл.
-
1881 ж. Тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылған жыл.
-
1879 ж. Қазақ хрестоматиясы басылып шықты.
-
1876. Оқулық жазуға кіріседі.
-
1889, 1896, 1899 ж. Қазақ хрестоматиясы «Махтуба» деген атпен қайта басылып шығады.
-
1860 ж. Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алады.
2-топ. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіне неліктен екі тап өкілін кірістірген?
3-топ. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде негізінен көтерілген 4 мәселені баянда.
III. Қорытынды
Рефлексия. Бағалау ағашы арқылы оқушылар бүгінгі сабақ туралы өзі кері байланыстарын береді.
Оқушылар алдын ала таратылған бағалау парағы арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма: «Даланың дара ұстазы» тақырыбында эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |