§7 мазмұнын айту.Формулаларды жаттау.Есеп құрастыру.
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Радиобайланыс принциптерін түсіндіру. Байланыс құралдарының дамуындағы
ғылымның жетістіктерін ашу.
Дамытушылық: Қазіргі заманғы техника мен ғылымның жетістіктерін мысалға келтіре отырып, оқушылардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруды дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең негізін алып, мазмұнын ажыратуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: меңгеру сабағы
Сабақтың әдістері: СТО технологиясының элементтері,түсіндіру, сұрақ-жауап
Пән аралық байланыстылығы: әдебиет, тарих,математика
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта,теледидар, радио,телефон, ұялы телефон, жетондар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)«Сәлем- сөздің анасы» оқушылармен амандасу.
Ә)шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.
-Балалар, енді қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріне жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.
Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық ,достарым, (бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1.«Өз жартыңды тап» ойыны
Бұл ойында формулалар беріледі. Формулалар екі бөлікке бөлініп беріледі. Тақтаға 1 ұл, 1 қыздан шығып, формулалардың жартысы жазылған қағаздарын алады. Қағаздарын алып болғаннан кейін өз жартыларын іздеп табады. Егер өз жартыларын дұрыс тапқан болса, онда осы формула бойынша мәлімет береді.
Формула: λ = cT
Формула:
Формула: Т=2
2.«Шапшаңдық сайысы»
А) Белгісіз шаманы табу
(тербеліс жиілігі)
|
с
(жылдамдығы)
|
Т
(периоды)
|
?
|
3*108м/с
|
5
|
2
|
3*108м/с
|
?
|
ІІІ.Қызығушылықты ояту
Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін
Данышпан - ол жас жігіт алдына қасық, кесе, шам қойып «Нені таңдайсын» - деп сұрапты
-
Қасықты- депті жас бала
-
Данышпан оны бес рет қайтала - депті
Жас өспірім 5 рет қайталайды
-
Міне көрдіңбе бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды
-
Онда не істеу керек?
-
Оған қолыңды созып алу керек.
-
Сол үшін бүгін сабақта сіздер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңызды тілеймін.
Столдарға байланыс құралдары түрлері қойылады. Тақтаға ағартушы ғалым Ы.Алтынсарин портреті мен
...Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды. – деген
«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінен үзінді жазылып ілінеді және байланыс құралдарының электротехникалық шартты графикалық белгіленулері көрсетіледі.
Тапсырма:
а) бұл заттар нені білдіреді? Ұлы дала ағартушысы Ы.Алтынсариннің бүгінгі сабаққа қаншалықты қатысы бар және де бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?
ІV.Мағынаны тани білу фазасы
1.Жаңа сабақ түсіндіру.
2. ТВ-бинго ойыны
Жаңа сабақ
1888ж орыс ғалымы А.С.Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынды. Бұл проблеманың практикалық шешімін ол 1896ж тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика-химия қоғамының мәжілісінде А.С.Попов әлемде бірінші рет 250м қашықтыққа сымсыз радиограмма арқылы Генрих герц деген екі сөзді жеткізді.
Поповпен бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италяндық ғалым Г.Маркони да шұғылданды. Ол 1897ж электромагниттік толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатыны жөнінде патентті А.С.Поповтан бұрын алды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында электромагниттік толқындар көзі ретінде электр ұшқындары қолданылды. Электр ұшқындарының табиғатта кездесетін түрі-найзағай.
1894ж Попов генераторлар мен радиотолқындарды қабылдайтын қондырғылыарға ұзын сымдарды жалғағанда, радиобайланыстардың жақсаратынын байқады. Осылай радиотаратқыштар мен радиоқабылдағыштардың маңызды бөлігі болып табылатын антенна ойлап шығарылды. Антенна ашық тербелмелі контур болып табылады.
Тұрмыста, техникада сондай ақ ғылыми мақсаттар үшін антенналардың көптеген түрлері қолданылады.
2.ТВ-бинго ойыны
Оқушылар енді сіздермен Тв-Бинго ойынын ойнап жіберейік.Бинго билетін таңдап алайық.Қоржындағы сан сізде бар болса, сұраққа жауап бересіз.сұраққа дұрыс жауап берілсе, кубикты лақтыруға шығасыз.
1. Бірінші рет радиобайланыс қашан жасалды?
2. Радионы ең алғаш кім ойлап тапты?
3. Антенна не үшін қажет?
4. Радиотолқынның вакуммде таралу жылдамдығы нешеге тең?
5. Радиотелескоптар не үщін қолданылады.
6. радиобайланыс жасау үшін қандай жиіліктер пайдалырақ?
7. Электромагниттік тербеліс қандай құрылғыда алынады?
V.Ой толғаныс
1.Бес жолды өлең стратегиясы
1.Не?
2.Қандай?
3.Не істейді?
4.Анықтамасы?
5.Түйін сөз
VІ.Сабақты қорытындылау.(Оқушыларды бағалау)
VІІ.Үйге тапсырма.
«Радионың адам өміріндегі ролі » (эссе) жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |