Сабақтың тақырыбы: Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылдары



Дата12.06.2016
өлшемі42.5 Kb.
#129904
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылдары

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды арнайы әскери іс-қимылдардың ұйымдастырылуымен,блокпосттың жабдықталуымен, АӘҚ мақсатымен таныстыру

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –15 мин.

  • Бір орында орналасу дегеніміз не ?

  • Орналасуға қандай жерлер таңдалмайды ?

  • Машиналар арасындағы қашықтық қанша болуы керек ?

  • Күзет заставасы дегеніміз не?

  • Сақтық күзетке бөлінетін бөлімшелердің саны мен құрамы неге байланысты?

  • Күзет заставасы өз позициясын қандай жерлерге жабдықтайды?

б) Негізгі бөлім – 20 мин.

Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар

Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылдарының ұрыс тәжірибесінің айғақтағанындай қалыпсыз қарақшылық құрамалармен күресудің жаңа тіслдерін іздеп табудың қажеттілгі пайда болды,ол тәсілдр қарсы күресудің таптаурын тактика деп аталатын позициялық ұрыстың түрінен ерекшеленіп келетін болуы керек.

Арнайы әскери іс-қимылдар тактикалық іс-шаралардың тәсілдері мен уақыты,орны , тапсырмалар бойынша өзара байланысты және мақсаты бір бөлімдер мен бөлімшелерінің, басқа қарулы күштердің құрылымдарымен өзара әрекет ететн лаңкестік, диверсиялықжәне басқа да қарақшылықпен айналысатын жасақтар мен топтарды қырып жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады.АӘҚ- басты ерекшелгі олар заңсыз қаруланған құрылымдарға қарсы күрес жүргізеді.Заңсыз қаруланған құрылымдартұрақты әскерлермен ашық қақтығысқа келмейді,ол соққысын астыртын жүргізеді,әлсіздің күштіге қарсы қимылының әдісін пайдалана отырып титықтатады.

Лаңкестікке және диверсияға қарсы акцияларды өткіздің ерекше маңыздылығы сонда - тұрақты әскерлерге күтпеген жерден кез келген уақытта және кезкелген орында пайда болатын және әп сәтте көзден таса болатынжаудың қарсы тұруында.Сондықтан да мұнда нақты белгіленген майдан шебі болмайды.Барлық жердег майдан,жан жақтан төнген қауіпті жағдай әскери қызметшілердің психологиясына әсер етед және олардың дене күшін әлсіретіп,моральдық тұрғысынан күйзелтеді.

Мұнда маңызды ролді тиімді барлау қимылдары атқарады.Бұл үшін агентура ,ғарыштық,әуе,радио және радиотехникалық барлау,арнайы тағайындалған барлау ұйымдары және әскери барлаудың күштері мен құралдары жұмылдырылуы мүмкін.Міндетті орындау тәсілі – іздеу. Іздеу –барлау топтарының іздеу ауданына шығу тәсілі жағдай шартына байланысты мынадай болуы мүмкін:тікұшақтан десант түсіру,соңынан сауытты техникамен жылжу,жаяу реттегі іс- әрекеттер,парашютті тәсілмен түсіру.Террорлық диверсиялық жасақтар мен топтарды тікелей жою барлау-соққылары және рейдті шабуылдау барысында жасалады.Барлау-соққы беру ұрыс қимылдары заңсыз қаруланған жасақтардың орналасқан жерін іздеу барысында жеткілікті дәрежде анықталмаған жағдайларда қолданылады.Олар байланысшыларды,барлаушыларды содырлардың шағын топтарын басып алу және жою үшін , сондай ақ қамтамасыз ету базасын,оқ дәрі қоймаларын,басқару пункттерін тұтқындарды және қару жарақ үлгілерін басып алу , нысандарды жоюда әуе соққысымен ,содан соң артилерия соққысымен аяқтау үшін жүргізіледі.

Торуыл – барлау-соққы беру тобыныңнемесе оның бөлімінің ұрыс қимылдарының тәсілдері.Бұл кезде олар қарақшылардың жылжу жолына орналасып,содан соң оларды жю, қолға түсіруүшін шабуыл жасайды.Торуыл жабық жерлерде,тар жерлерде , шатқалдарда, асуларда ұйымдастырылады.

Блокпостты инженерлік жабдықтау.Әскери кикілжің аймақтарындағы тәртіпке қолдау көрсетуге бағытталған ұрыс міндетін орындайтын бөлімшелер позициясының негізгі формасы блокпост болып саналады.Ол айнала қорғанысқа дайындалған, күшейтілген мотоатқыштар взводының тірек пункті.Блокпост позициясының инженерлік жабдықталуы,оны рорындаудың көлемі менұйымдастырылуы ұрыстық міндетке ,ұрыс жүргізу тактикасына сай анықталады және оған мыналар енеді: - бөліше позициясының фортификациялық жабдықтары; -жарылғыш және жарылмайтын бөгеттер; - келу жолдарын дайындау; - сумен жабдықтау пунктін сақтау; - бүркемелеудің инженерлік шараларын орындау.

Инженерлік жарақтандырудың мақсаты ұрыс жүргізу тактикасына қарамай мынадай: қаруды тиімді қолдануды қамтамасыз ету,жеке құрамды қорғау,қарсыласты жою құралдарын,техникасын, материалдық заттарын қорғау және келу жолдарын жарылғыш және жарылмайтын бөгеттермен бой тасалау.Блокпостта командалық бақылау пункті,бөлмшелер оқпанасы ,бақылау ғимараттары,жабылған саңылаулар,жертөлелер мен құрамға арналған паналар болады.Соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстар тәжірибесі көрсеткендей блокпосттың негігі міндеттерінің бірі – көліктің негізгі жол бағыты бойынша өтуіне бақылау жасау және қажет жағдайда тоқтату.Осыған байланысты көліктің қозғалыс эылдамдығын бәсеңдету үшін жолдың жүріс бөлігіне шахмат тәртібімен әр 10-15м жерге кедергілер қойылады.Кедергілер ретінде бетон іргетас блоктары,сым бөгеттер немесе метал бөшкелер қолданылуы мүмкін.Блокпост шекарасына екі жағынан шлагбаум жаалады,оың жанына тексерушілер үшін оқпана қазылады.Кезекшілерді атыспен бой тасалату үшн жолдың екі жағына да жабық типтег пулеметі бар ғимараттар орнатқан жөн.



в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  • Арнайы әскри іс-қимылдар неден тұрады ?

  • Арнайы әскри іс-қимылдардың мақсаты не ?

  • АӘҚ міндетті орныдауының негізгі тәсілі не ?

  • Барлау-соққы беру қандай кезде қолданылады?

  • Торуыл дегеніміз не?

  • Тірек пункттерін инженерлік жарақтандыру неден тұрады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет