Сабақтың тақырыбы: Жедел бронхит. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру



Дата15.05.2024
өлшемі19.09 Kb.
#501233
түріСабақ
Дәріс № 2 Жедел бронхит


І – тарау. Тыныс алу жүйесінің аурулары
Дәріс № 1
Сабақтың тақырыбы: Жедел бронхит. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан басқа- ауатамыр мен өкпенің қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б жатады. Өкпенің қабынуы-аурудың кең тараған түрі. Организмге ауру, тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе қабынады. Өкпе қабынғанда дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтріледі, жөтел пайда болады, бүйрі шаншиды. Адам жөтелгенде , түшкіргенде шашу күшейеді, жиі-жиі тыныс алып, ентігеді. Мұндайда адамның екі беті қызарып, несептің түсі сарғыштанып, аз бөледі. Ауа тамырдың қабынуы баяу басталады, оның белгілері бірден сезіле қоймайды. Науқас сирек жөтеледі, қақырық көкшіл тартады, аздап дененің қызуы көтеріледі. Ауру өршіп, ұзаққа созылуы да мүмкін.


БРОНХИТ- бронхтардың жедел және созылмалы кабынуы.
Жедел бронхит – дегеніміз бронхтың кілегей қабығының жедел жайылма қабынуы (жедел эндобронхит), сирегірек жағдайда бронхтың басқа да қабықтарының қабынуы. Кейде бронх қабығы түгел қабынады.(пан-бронхит).
Жедел бронхиолит-диаметрі 2мм аспайтын ұсақ бронхтардың қабынуы.
Қабынудың даму механизміне байланысты ауру түрлерінің жіктелуі:

Зақымдану деңгейіне байланысты жіктелуі:

  • Төменгі тыныс жолдарының бронхиты (трахеобронхит, бронхиолит және

бронхит, ортаңғы калибр бронхтарын зақымдайды);

  • Кең таралған бронхит;

  • Сегментарлы бронхит.

Бөлінетін қақырық түріне қарай бронхит жіктелуі:

  • Шырышты;

  • Іріңді;

  • Катаралды;

  • Аралас.



Этиологиясы. Бронхиттің негізгі себептері микробтар – пневмококктер, стрептококктер, стафиллококктер, вирустар т.б. Жедел бронхитке мұрын-көмей инфекциясымен (гайморит, ринит, тонзиллит) ауыратын адамдар бейім болады. Жедел бронхит механикалық және химиялық тітіркендіргіштердің (көмір, цемент, әктің шаңы, булар және дәрілер) әсерінен де пайда болады. Оның ішінде кәсіби факторлардың маңызы өте зор. Жедел бронхиттің дамуына организмнің бейімділігін тудыратын факторлардың (салқын тию, шаршау, темекі және ішімдік) да ролі үлкен.
Патогенезі (басты механизмдері)
1.Тыныс жолдарындағы мукоцилиарлық тасымалдың бұзылуы.
2.Бронх секретінің өзгеруі.
3.Тыныс жолдарының сүзгі, қызуды реттеу және ауаны ылғалдандыру функцияларының бұзылуы.
4.Тамырлар өзгерісі (микроциркуляцияның бұзылуы). Нервті трофикалық және функционалдық өзгерістер.
Жедел бронхит симптомдары бірдей болмайды, байланысты:

  • ауру себебі;

  • ауру мінездемесі;

  • қабынудың таралуы және дәрежесі;

  • бронхтардың зақымдалу деңгейіне.

Клиникасы (асты синдромдар).
1.Жалпы қабыну синдромы: құрғақ жөтел, қақырықты жөтел, кеуденің ауруы, визикула тынысының күшеюі, құрғақ сырылдар, ЭТЖ шамалы өсуі, орташа дәрежелі лейкоцитоз, С-реактивті белок, сиал қышқылдары мен альфа -2- глобулиндердің көбеюі, рентгенограм мада өкпе суретінің күшеюі.
2.Улану синдромы: қызба, қалтырап тоңу, бас ауруы, делсалдық, әлсіздік,
дененің сырқырап ауруы.
3.Бронх бітелуі (обструкциясы) синдромы: құрғақ жөтел, экспиратолық демікпе, кейде тұншығу, көбіне демді сыртқа шығарғанда естілетін жайылма құрғақ сырылдар.
4.Тыныс жетіспеушілігі синдромы: әр дәрежелі демікпе, орташа дәрежелі тахикардия, сыртқы тыныс функциясы көрсеткіштерінің өзгеруі.
Ауру сатылары:

  • өршу;

  • интоксикация;

  • жазылу.

Асқынулары:
1.Бронхопневмания
2.Жедел тыныс жетіспеушілігі
3.Созылмалы бронхитқа айналуы (сирек кездеседі)
Емі:
Катаральдық бронхитте: ацетасалицил қышқылы (тамақтан кейін 0,5 күнге 3 рет), индометации не метиндол беруге болады (тамақтан кейін 0,025 күнге 3) аскорбин қышқылы (тәулігіне 0,3-0,5 рет), витамин А (ретинол 1-2 дражеден күнге 2-3 рет). Сұйықтық көп ішу (лимонмен, таңқурай қайнатпасымен шай ішу).
Бактериялық инфекция қосылған жағдайда (іріңді қақырық), антибактериялық дәрілер беріледі: эритромицин (тәулігіне 0,5 4 рет), ампицилин (0,5 4 рет) 5-7 күн бойында, мукалитиктер. Обструктивті белгілері болса 2,4% эуфиллиннің 5-10мл венаға егеді.
Қыша қағаз,оңқа салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет