І. Тыңдалым. С. «Жылдың төрт мезгілі» ертегісі тыңдалады.
1. Алдыңғы суретке тоқталу. (Сұрақтар қойылады, оқушылардың жауаптары тыңдалады. «күз, қыс, көктем, жаз»деген жауаптар).
2. -Алдарыңда қандай суреттер жатыр?
-Тыңдалымнан қандай таныс сөздер кездесті?
-Жыл атаның неше қызы және ұлы болған екен?
ҚБ оқушылардың жауабы «Отшашу» әдісімен бағаланады.
ІІ. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді мұғалім оқып шығады. Содан соң әр топ, мұғалімнің артынан қайталайды.
Жыл-год
Мезгіл –сезон
Тәулік-сутки
Ай-месяц
Сағат -часы
Т.Ж Оқылым дағдысы. 2-тапсырманы тізбектеп оқыту, аударту.
«5-5-1» әдісі Осы оқылған мәтіннен 5 сөйлем табыңдар.
-Бірінші сөйлем- Бір жылда төрт мезгіл бар.
-Екінші сөйлем –Олар: қыс, көктем, жаз, күз.
-Үшінші сөйлем-Бір жылда он екі ай бар.
-Төртінші сөйлем-Бір жылда 365 күн бар.
-Бесінші сөйлем –Бір тәулікте 24 сағат бар.
Оқушылар бес сөйлемді теріп айтады.
Енді балалар, осы 5 сөйлемнен, 5-сөз теріп айтамыз.
-Бірінші сөз- мезгіл
-Екінші сөз –тәулік
-Үшінші сөз-ай
-Төртінші сөз-сағат
-Бесінші сөз–апта
Жақсы, балалар. Неше сөз шықты? (сөздерді айтады)
-Енді осыны бір сөзбен не дейміз? (Уақыт)
-ҚБ. Оқушылардың жауаптары «Бағдаршам» әдісімен бағаланады.
Сергіту сәті. (дөңгелене отырған оқушылар бір-бірінің арқаларына саусақ ұшымен сурет салады, келесі оқушы оның қандай сурет салғанын табады).
ІІІ. Ж. Жазу дәптерімен жұмыс. 2-тапсырма.
1. Сұрақтар.
-Қай мезгілде тудың?
-Сол мезгілді сипаттап бер.
-Әр мезгілдің табиғатын сипаттап бер.
Дескриптор
-өз туған күнінің мезгілін айтады;
-әр мезгілдің табиғатын сипаттап жазады:
-қай мезгілдің ұнайтынын айтады.
ІV. Ж.Ж Сөйлемдерді аудармасына сәйкестендіру.
Бір жыл- в течение сутки
Бір тәулік ішінде- семь дней
Жеті күн- один год
Тәулік бойы круглые сутки
Жылдың төрт мезгілі- один раз за сутки
Тәулігіне бір рет- четыре времени года
ҚБ. «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.
|