Сабақтың тақырыбы: «Жол жүру және өмір қауіпсіздігі»



бет1/2
Дата15.01.2023
өлшемі28.98 Kb.
#468426
түріСабақ
  1   2
Ашық тәрбие 2022 Жол


Абай облысы білім басқармасының


Жарма ауданы білім бөлімінің
“Салқынтөбе негізгі мектебі”КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жол жүру қауіпсіздігі»

Сынып жетекшісі: Мухамеджанова М.С.


Салқынтөбе ауылы, 2022 жыл




Сабақтың тақырыбы: «Жол жүру және өмір қауіпсіздігі»
Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдық-ақпараттық бағытта
Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, викториналық сұрақтар шешу, жұмбақтар шешу, сурет арқылы әңгіме құрастыру, постер құру, практикалық жұмыс орындау.
Сабақтың өтілу формасы: жеке, топтық жұмыс..
Көрнекіліктер: Интербелдсенді тақта, бағдаршам, жол белгілері, бейне материалдар, гүл шоқтары, стикерлер мен шарлар, ватман, маркерлер, үлестірмелі материалдар .
Тәрбие сағатының кезеңдері.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Кіріспе.

  3. «Жол белгілері туралы білесің бе?» видеокөрсетілім.

  4. «Саналы жүргіншілер» ойыны.

  5. «Суреттер сөйлейді?» әдісі.

  6. Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны.

  7. «Мен - жол реттеушісімін» ойыны.

  8. Постер құру әдісі.

  9. Бейне материал көрсету.

  10. Қортынды.

  11. Рефлексия.

Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Тәрбие сағатын бастамас бұрын, көңіл- күйіміз жақсы болу үшін ең алдымен бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.  Сосын әрқайсысымыз қолымызға бір шоқ гүлдерді ұстап, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.
2. Кіріспе. Видеоролик «Жол – көлік оқиғасы»

  1. Балалар, видеодан не байқадыңыздар?

  2. Осы оқиғаның орын алуына не себеп деп ойлайсыңдар?

  3. Бұл оқиғадан қандай ой түйдіңдер?

  4. Осы оқиғаның алдын алуға боатын ба еді, қалай ойлайсыңдар?

  5. Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек. Неге ?

Осы сұрақтарды қою арқылы тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Мұғалім : Ендеше «Жол жүру және өмір қауіпсіздігі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. (Осы жерде жол полициясының сиреналық белгісінің дауысы қосылады)
3. «Жол белгілері туралы білесің бе?» видеокөрсетілім.
4. «Саналы жүргіншілер» ойыны. Викториналық сұрақтар беріледі:
1. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
( Жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң,
оң жаққа мойныңды бұр)
2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?
(Жиекжолдың оң жақ шетімен)
3.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
(Жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)
4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?
(Аялдамада)
5.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?
(14 жастан)
6.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
(Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді)
7.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?
(Жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін
жазып алу керек)
8.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?
(Ішімдік ішкен жағдайда)
9.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? (Иә, міндетті)
10.МАИ деген сөзді талдап бер. (Мемлекеттік автоинспекция)
5. «Суреттер сөйлейді?» әдісі. Берілген суреттерге қарай отырып оқушылар топ ішінде оларды талқылап, соңында әрқайсысы жеке-жеке бір-бір суретті сынып алдында түсіндіріп, қорғап шығады.
6. Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны. Жалпы сыныпқа жұмбақтар жасырылады, оқушылар шешу керек.
1.Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта, жүр» дейді.
Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
2.Екі аяқты, бір ізді
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің
Аяғымды жүргізді. (Велосипед)
3. Үлкен- үлкен қалаларда жүреді,
Табаны темір, төбесінде жүрегі. (Трамвай)
4. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
5. Ала таяқ ұстаған, жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, ысқырығы күшті адам. (Жол сақшысы)
7. «Мен - жол реттеушісімін» ойыны. Бұл жерде оқушылар жол реттеушінің іс-әрекетін қимылмен көрсете отырып, талдап берулері қажет болады.
8. Постер құру әдісі. Бұл жерде оқушылар ұсынылған ватман қағазға сабақтан алған білім-білік дағдыларын пайдалана отырып, мектеп маңында болуы керек
жол белгілерін суретке салып көрсетеді және тапсырманы топ болып орындайды.

9. Бейне материал көрсету. Оқушылардың назарына ҚР бойынша балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы туралы статистикалық мәліметтер айтылған видеоролик ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет