«Жамбыл атындағы орта мектеп»КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қорытынды сабақ.Жолда жүру ережесі
2 « З» сынып
мамыр айы
Сынып жетекшісі: Хайруллаева Г.А.
2022-2023ж
Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге үйрету, көшеде дұрыс жүруін ескерту;
Тәрбиелік: оқушыларды жол ережесін сақтауға, көшеде дұрыс жүруге, жол белгілерін жатқа білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сана- сезімін, өзін-өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын дамыту;
Көрнекілігі: бағдаршам, машина суреттері, тыйым салынатын ескерту белгілері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе:
Жұмбақтар:
Жоқ өзінде бас та, ауыз, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
( Бағдаршам)
жүргізуші: Ирек-ирек көшелер,
Көше деген мың ирек
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
2 жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей қүліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жолда жүру ережесін білмей тұрып.
Біздің қаламызда, еліміздің барлық қала, ауылдарына-бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
1-жүргізуші: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегенің
Сырын жақсы біліп ал.
Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Бағдаршамның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
2-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі- заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбірі біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын « Жолда жүру ережесін» мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Сонымен, оқушылар, қандай бала жол ережесін бұзбайды?
1-жүргізуші: Ей, балалар, балалар,
Кәне, бері қараңдар.
Тәрбие сағатын біз бастайық,
Тапсырманы қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
Біз үш топқа бөлінейік
Қызыл, сары, жасыл боп.
Жауаптарын дәл тауып
Жарыстан біз озайық.
Енді, балалар, қазір біз « Бағдаршам» атты сайысымызды бастайық. ( Оқушылар сайыстың тақырыбына байланысты бағдаршамның үш көзіне сай бөлінеді: «Қызыл» тобы, «Сары» тобы,Жасыл» тобы )
2. Жүргізуші: «Бағдаршам» атты сайысымыздың шартын түсіндіріп өтейік.
1.) «Сұрақ-жауап» топбасшылар сайысы
2 .) Сурет салу
3. ) «Кім жылдам»
« Қызыл» топ
1. ) Жүргізуші деген кім?
Жауап. Көлік жүргізуші адам
2.)Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?
Жауап. Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз.
3.) Бағдаршамда неше көз бар?
Жауап. Үш көз бар: қызыл,сары,жасыл
« Сары» топ
3) Бағдаршамның «Жасыл» көзі не дейді?
Жауап. «Жүр» дейді.
4.) «Жолаушылар» деген кім?
Жауап. Кез-келген көлікке мінетін адамдар.
5 .) Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?
Жауап. Оң бұрылыстың жарығы жанады.
«Жасыл» топ
Бағдаршамның «Қызыл» көзі не дейді?
Жауап. «Тоқта» дейді.
Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық қалай аталады?
Жауап. Ақжолақ
Автобус, троллейбус тоқтайтын жер қалай аталады?
Жауап. Аялдама
1-жүргізуші: Енді «Қылқалам» сайысына кезек береміз. (Оқушылар уақыт бойынша сурет салады.)
2-жүргізуші: Балалар « Кім жылдам?» сайысында әр топқа берілген жұмбақтар шешеміз.
20+20
Ақжолаққа ұқсас жануар
Су көлігі
Ұзын өзен ,суы жоқ
4+4
Жолаушы таситын көлік
Жыртқыш құс
Үй құсы
1.Мектепте оқитын кім?
2. Автобус тоқтайтын орын
3. Бағдаршам не үшін керек?
4. Дайындықты білдіретін бағдаршам көзі
Қорытынды:
1-жүргізуші: Балалар, енді кезек қазылар алқасында.
Оқушылар, біз бүгін қандай тақырып өттік? Не білдік? Оның маңызы қандай екен?
2-жүргізуші: Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Бүгінгі мағұлматтарыңызды ұмытпай өз керектеріңе жаратыңдар, естеріңде сақтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |