Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік

бет4/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#139524
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап

  1. Аңыз дегеніміз не?

  2. Аңыз қалай пайда болған?

  3. Аңыз – әңгіме неден құралады?

  4. Аңыз – әңгіме бізге қалай жеткен?

  5. Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?

  6. Асан Қайғы қайда қайтыс болған?

Жошы ханның жас баласы қалай қайтыс болған?

Жошы қаһарын қалай төкті?

Жошы не деп жарлық шығарды?

Жошыға баласының өлгенін кім және қалай естіртті?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ақсақ құлан Жошы хан

Жошы ханның ашамайға мінгізген жас баласы аңшылармен бірге жүріп, бір жерде қашып бара жатқан ақсақ құленды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жүйіткіп бара жатқан бір топ құланға қосылыпты.Баланың астындағы еріккен тұлпар елігіп құландарға қосылады. Құланның әңгісі баланы шайнап өлтіреді. Жошы аңшыларға қаһарын төгіп: «баламды тауып бер» деп қалың кісіге іздетеді.

Баламды өлді деп естірткен адамның құлағына қорғасын құямын деп жарлық қылады. Енді ешкім баласының өлгенін Жошы ханға айта алмайды. Ақыры көпшілік ордада отырып, бір домбырашыға күймен айтқызады.

VІ. Сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.

  • Аңыздың оқулықта келтіріліп отырған екі нұсқасын да ой сала, мәнерлеп оқып шығыңдар.

  • Кет Бұға күйшіге оқулықтағы суретті пайдалана отырып, мінездеме беріңдер.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.

Асан Қайғының Жерұйықты іздегені, Ақсақ құлан, Жошы хан аңыздарын оқып келу.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5 «Ә»

3. Күні, айы, жылы: 12.11.2014

4. Тоқсан: ІI

5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу аңыз әңгімелер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Жиренше шешен туралы аңыздаздармен таныстыру, түсінік беру,

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Аңыздың фолклорлық нұсқасы мен белгілі жазушы Мұхтар Мағауин жазған әдеби үлгісін салыстырып, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ұқсастығы мен айырмашылығына зер салыңдар.

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

Жошы ханның жас баласы қалай қайтыс болған?

Жошы қаһарын қалай төкті?

Жошы не деп жарлық шығарды?

Жошыға баласының өлгенін кім және қалай естіртті?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу

Қарагөз ханым өлгеннен соң Жиренше үйленбей көп жүріпті. Сөйтіп жүргенде жолда бір жігіт кездесіп жолдас болыпты. Жиренше жігітке қара: 1) «жол қысқартайық»дейді, 2) «ағаш қазан қайнатайық» дейді. 3) «мынау бір бейбастақ үйдің жұрты екен» дейді жігіт үндемейді. Сонымен екеуі бір елге жақындағанда, жаңбыр жауып кетеді. Тезек теріп жүрген қыздар ауылға қарай жүріреді. Тек бір қыз сырт киімін шешіп, қапқа жауып отырып қалады. Жиренше отырып қалған қызға келеді. Жиреншеге қыздың көркі ұнайды. Ақылы қандай екен деп сынау үшін: «Сен неге қыздардан бөлініп жалғыз қалдың?» - дейді Жиренше. «Бұл өткінші жаңбыр, аз жауып ашылады. Мен отыныма шапанымды жаптым, отынымның ығына өзім отырдым. Менің су болған жалғыз ақ шапаным. Үйге барғанда отынымды жағып шапанымды кептіріп аламын» - дейді қыз. Қыздың көркіне ақылы сай екеніне көзі жетіп, Жиренше сұлуға ғашық болып қалады.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

Жиренше неге үйленбей көп жүреді?

Жиренше жолаушыға не дейді?

Жиреншеге кезіккен қандай қыз еді?

Жиренше қызға неге ғашық болып қалады?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Шығарманы оқып шығып, оның аңыз – әңгімеге жақын екенін айтыңдар.

  • Бұл аңыз – әңгімеде Жиренше мен қыздың тапқырлығына баға бере отырып, оның жетесіздік пен пайымсыздыққа қарама – қарсы қойылуын аңғарып, баяндап беріңдер.

  • Аңыз неге іштей екі бөлімге бөлінген деп ойлайсыздар?

  • Аңызды өздерің білетін сұлу сөздермен әңгімелеуге тырысыңдар.

VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы әңгімелеу.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5 «Ә»

3. Күні, айы, жылы: 13.11.2014

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: «Жиреншенің хан сынағына түскені» аңызы туралы
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Жиренше шешен туралы аңыздаздармен таныстыру, түсінік беру,

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы әңгімелеу.

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

Жиренше неге үйленбей көп жүреді?

Жиренше жолаушыға не дейді?

Жиреншеге кезіккен қандай қыз еді?

Жиренше қызға неге ғашық болып қалады?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жиреншенің хан сынағына түскені

Бір күні хан Жиреншені шақырып алып оған қырық сиыр беріпті.

-осы сиырлардың ішек – қарынын тірідей тазалап әкел. Сойғанда ішінен бір түйірде қылтан шықпасын!-депті.

Жиренше сиырларды Қарашашқа әкелді

Қарашаш:

-Қорықпа! Сиырларды ащы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналдыра қуа бер; әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жын аралас су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер, - депті.

Жиренше Қарашаштың барлық айтқандарын істеген екен, оның айтқандарының барлығы да дұрыс келіпті. Сөйтіп қырық сиырдың барлығының да ішін тазалап, ханға алып келіпті. Хан сиырларды шетінен сойғыза бастапты. Сөйтіп ешбіреуінің ішінен қылтан таба алмай, аң – таң болған екен.
VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

Хан Жиреншеге қырық сиыр беріп қалай сынады?

Хан Жиреншеге: «Біздікіне келгенде жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін» - деген сөзіне қалай жауап берді?

Хан Жиреншеге сексен еркек қой бері : «Көктемде қой қоздағанда осы қойларды қоздатып кел» - деген сөзіне қандай айла тапты?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтіннен қазақ халқының ақыл иесі әйелдерді қадірлейтінін аңғарыңдар.

  • Ханның аталы сөзден жеңілгендігін мойындаған жерін тауып оқыңдар

  • Аңыздан қандай тәлімдік өнеге алуға болады?

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.

1. Жиреншенің хан сынағына түскені туралы аңызды әңгімелеу.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5 «Ә»

3. Күні, айы, жылы: 19.11.2014

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөзер.

Тайкелтірдің төрелігі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Шешендік сөздер туралы түсінік беру, Тайкелтірдің төрелігі шешендік сөздерімен таныстыру, түсінік беру,

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жиреншенің хан сынағына түскені туралы аңызды әңгімелеу.

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

Хан Жиреншеге қырық сиыр беріп қалай сынады?

Хан Жиреншеге: «Біздікіне келгенде жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін» - деген сөзіне қалай жауап берді?

Хан Жиреншеге сексен еркек қой бері : «Көктемде қой қоздағанда осы қойларды қоздатып кел» - деген сөзіне қандай айла тапты?
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Шешендік сөздер

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер – елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тақпыр сөздері. Ол сөздер мәйекті, өткір болғандықтан елге тез тарап, ауыздан – ауызға көшіп сақталып отырған. Шешендік сөздер әдетте екі адамның белгілі бір талас мәселені шашудегі сөз жарысында туып, елге жайылып кетеді. Ондай дауды негізінен билер шешіп отырған. Сондықтан да шешендік сөздерді айтушылар көбіне билер мен шешендер болып келеді.

Шешендік сөздер дау- тартыстардағы айтылған айтыстармен шектелмеген. Көпті көрген өнегелі адамдардың бата – тілек, насихат – нақыл сөздері түріндеде айтылып отырған. Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл – ойы, арман – тілегі бейнелегеді, тілінің байлығы, оралымдылығы байқалады.

Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке ,татулыққа, сыйластыққа шақырады.

Тайкелтірдің төрелігі

Төле би Тайкелтірдің болашағын болжайды. Төле би атқосшы жігітін шақырып:

-Қонақ үйдегі екі кісіні таласып жүрген ертұрманымен осында әкелші!

-Иә, балам Тайкелтір, осы ертұрманға мына екеуі талас. Бұлар тоқтарлық бітім айтып екеуінде риза етші! –дейді Төле би.

Тайкелтір кереге ілулі тұрған Төле бидің қамшысын қолына алып, ортадағы ерге жақындап барып қамшымен тартып жібередіде есік алдында тұрған Төле бидің жігітіне ерді береді. Дауласып жүрген екі кісі ердің Төле бидің атқозшысына берілгеніне ризалығын білдірді.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

Шешендік сөздер деген не?

Шешендік сөздер қандай сөздерден жасалады?

Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні неде?

Төле би Тайкелтірді қалай сынады?

Тайкелтір даукестерге қандай төрелік сөз айтты?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Тайкелтірдің тапқыр сөзін оқып бер

  • Өздерің білетін Төле бидің төрелік сөзінен мысал келтір.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Шешендік сөзер. Тайкелтірдің төрелігі туралы мазмұндау.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5 «Ә»

3. Күні, айы, жылы: 20.11.2014

3. Күні, айы, жылы: 14.11.2014

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: Байдалы бидің көңіл айтуы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Байдалы бидің көңіл айтуы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

1.Шешендік сөздер деген не?

2.Шешендік сөздер қандай сөздерден жасалады?

3.Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні неде?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Байдалы бидің көңіл айтуы

Шоқанның атасы Уәлихан қайтыс болғанда астында аты, үстінде тоны болмағандықтан Байдалы би жаназаға бара алмапты. Бір күндері Байдалы Уәлиханның бәйбішесі Айғанымға келеді. Өкпелі Айғаным шешенді аттан түсіріп алуға шыға қоймады. Сондағы Байдалы бидің айтқаны:

-Ер қартайды, мал тайды

Екеуледі, ей, ханым!

Қатын жалқау, ұл ынжық,

Төртеуледі, ей, ханым!

Келін қатал кер болды,

Ағайын жат ел болды,

Алтаулады, ей, ханым!

Кәрілік пен кедейлік,

Егіз келді, ей, ханым!

Мұның бәрін санасаң,

Сегіз болды, ей, ханым!

Қайсаған жақ, иек бар,

Саудыраған сүйек бар,

Ауыл алыс жер болды,

Тоқсан темір жер болды,

Оннан асты , ей, ханым!

Шығар жолды осыдан

Өзің тапшы, ей, ханым!

Құла бие құлындап,

Келе алмадым, ей, ханым!

Келдім енді кетемін,

Ықылассыз ордаға,

Ене алмадым, ей, ханым!

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

1.Байдалы бидің жаназаға бара алмау себебі неде?

2.Уәлиханның бәйбішесі Айғаным Байдалы биге неге өкпеледі?

3.Айғанымға Байдалы биге айтқан сөзі?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Байдалы би Шоқанның атасы Уәлиханның үйіне неге келді?

  • Шоқан Уәлиханов кім?

  • Айғаным ханым қалай қарсы алады?

  • Байдалы би не деді?

  • Байдалы бидің көңіл айтқан шешендік сөзін тап.

  • Айғаным ханым өкпе – назын қандай сөзбен білдірді?

  • Би қалай жауап берді? Түсініп, оқып бер.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Байдалы бидің көңіл айтуы туралы мазмұндау.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 18 қараша

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері туралы түсінік беру, оқушылардың білім көзқарасын жинақтап қорыту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру.

3. Дамытушылық: мәтінмен жұмыс істей отырып, баланың ойына қозғау салу, өз бетінше салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Байдалы бидің көңіл айтуы туралы мазмұндау.

ІІІ. Білім тексеру: Сұрақ жауап

1.Қаз дауысты Қазыбек би дегеніміз кім?

2.Қазыбек би қай ханның тұсында өмір сүрді?

3.Қаз дауысты Қазыбек би деп аталуының себебі неде?

4.«Ұят пен ар қымбат» тақырыбында ойтолғау жазу.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. «Қазбек пен Бұқар» мәтінінің мазмұнымен таныстыру.

Сонымен Қазыбек би қалай жауап берген екен?

Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман

Екі дененіміз – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніміз - үш бұтақты шедірден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніміз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.

Алты дегеніміз – аймағын билете алмаған адам жаман.

Жеті дегеніміз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегшеніміз – серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніміз – тойғаның.

Он дегеніміз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты.

2.Сөздік жұмысын жүргізу.

Үш бұтақты шедір – аттың алдыңғы екі аяғымен артқы бір аяғын қосып салынатын тұсау. Шедір үш аяққа бірдей салынады.

Төскей – таудың қия беткейі, биіктеу баурайы.

3.«Бірлігі кеткен ел жаман» мәтінінің мазмұнымен оқушылардың өздері танысып шығады.

VІ. Түсінік тексеру: Сұрақ жауап

Бұқар жырау «бірден онға дейін санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады? Оның мағынасы қалай екен?

Қазыбек би шешен тілімен қалай жауап берді?

Мәтінмен жұмыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет