«Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:
|
Сынып сағаты
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Едай Айдана Нұрлыбайқызы
|
Күні
|
11.12.2023ж
|
Сынып: 1 «Ж»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағаны:
|
Құндылық
|
Ұлттық мүдде құндылығы
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ұлттық рух – Тәуелсіздік тірегі
|
Саабақтың мақсаты
|
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін, Отанының мүдделерін қорғау, азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру
Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін - өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға, тірі адамға сол қайғы, деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жандар. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, Тәуелсіз еліміз, мерекеміз бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Бүгінгі сабақта
Бүгінгі сынып сағаты Тәуелсіздік күніне арналады.
«Тәуелсіз елім Қазақстан» бейнефильмін назарларыңа ұсынамын.
|
Өлеңді тыңдайды. Ұжымдық талдауға қатысады.
Бейнефильмді тамашалайды
|
Презентация
Фотосуреттер
Бейнефильм «Тәуелсіз елім Қазақстан»
Слайд 1
|
Сабақтың ортасы
|
Негізгі бөлім
Топтастыру жаса
1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан рәміздері- елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Әнұран, көгілдір Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Өлең не туралы?
Рәміздер туралы не білесіңдер?
1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - Ту, Елтаңба және Гимн. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері. Елтаңба авторлары - Шот Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Гимнің әнін жазған - композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
«Кім зерек?»
1. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленеді. ........... (Елтаңба)
2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мемлекеттік мекемелерде бар. ........... (Ту)
3. Республика, облыс, аудан көлеміндегі, мектептегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)
|
Достарыңызбен бөлісу: |