Мақал -мәтел жаттайық!
Отан отбасынан (басталады).
Отан үшін отқа түс, (күймейсің).
Отан - елдің анасы, (Ел - ердің анасы).
Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
Балалар, мынау не? (Ағаш)
Бұл жай ағаш емес алма ағашы екен. Осы алма ағашына алмаларын ілсек өте әдемі болар еді. Ол үшін сендер Тәуелсіз Қазақстанның болашағының қандай болуын қалайтындарың туралы өз арман -тілектеріңді жазуларың керек.
|
Топтастыру жасайды.
Ұжымдық талдауға қатысады.
Сұрақтарға жауап береді. Мемлекеттік рәміздер туралы деректермен, рәміздердің авторларымен танысады.
Мемлекеттік рәміздерге байланысты толықтыру тестін орындайды.
Мақалдарды толықтырады, мағынасын түсіндіреді.
Арман- тілектерін жазып, алма ағашына іледі.
|
Сабақтың соңы
|
Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізді ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз.Қазақстанның болашағы өз қолымызда. Қазақ елі мәңгі жасай берсін!
|
|
|