Сабақтың басы
Ұйымдастыру-ынталандыру:
5 мин
|
Сәлеметсіздер ме?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Масса және денелердің массасын өлшеу.Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу.
Бүгінгі сабақта: Масса және денелердің массасын өлшей алады.Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеді үйренеді.
Сенің білетінің:Әр түрлі денелердің массалары мен көлемдерін есептер шығарады.
Сенің меңгеретінің: Әр түрлі денелердің массалары мен көлемдерін есептеп біледі.
|
Амандасып, оқу құралдарын дайындайды.
Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тақырыпты жазады.
|
|
|
Сабақтың ортасы
Теориялық-практикалық:
35 мин
|
Үй таразылары (серіппелі таразы).
Сұрақ: Бұл зат күнделікті өмірде не үшін қолданылады? Біз оның көмегімен нені білеміз? Осындай таразылардың көмегімен массаны қалай анықтайды?
Денелердің бірінің массасын білу арқылы екіншісінің массасы туралы болжам жасауға болады:
Егер әрекеттесу нәтижесінде денелер жылдамдықтары бірдей шамаға өзгерген болса, ол денелердің массасы бірдей.
Егер жылдамдықтар әр түрлі шамаға өзгерген болса, екінші дененің массасын осы денелердің жылдамдықтарының қатынасы арқылы табуға болады.
ХБЖ массасның бірлігі ретінде 1 кг қабылданған. Массаның эталоны Франциядағы Севр қаласында сақтаулы
Көлем (volume) - зат немесе денемен кеңістіктегі алатын орнының сандық сипаттамасы.
Тапсырмалар
1.Массасы 145 г болатын алманың массасын иіндікті таразымен өлшеу керек. Қандай массадағы гирлерді қолданып алманың массасын өлшеуге болады? Жауаптың бірнеше нұсқасын ұсыныңыз. Жиынтықта 100 г, 50г, 50 г, 20 г, 20 г, 10 г, 10 г, 5 г массадағы гирлер бар.
2. Бүгін апай дүкеннен 200 г ірімшік, 350 г кәмпит, массасы 1 кг 150 г болатын бір торт және 600 г шұжық сатып алды. Сатылып алынған барлық тағамның массасын анықтаңыз
3.Фанерадан өлшемдері 40 см, 20 см, 15 см болатын параллелипипед пішініндегі ашық жәшік жасау керек. Жәшікті жасау үшін қанша фанера жұмсалады? Оның сыйымдылығы қандай?
4. Сызғыштың көмегімен қораптың көлемін анықтаңыз.
|
Бейнероликпен танысып шығады.
Оқу материалы жұмыс жасай отырып (43-бет) тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор_:_-_механикалық_құбылысты_біледі,_-_электрлік_құбылысты_біледі,_-_дыбыстық_құбылысты_біледі.___Дескриптор'>Дескриптор:
- механикалық құбылысты біледі,
- электрлік құбылысты біледі,
- дыбыстық құбылысты біледі.
Дескриптор:
-Иіндік таразы көмегімен алманың массасын өлшей алады.
.
Дескриптор:
-Сатып алынған барлық тауардың массасын анықтай алады.
Дескриптор:
-
Дескриптор:
- Фанердің көлемін өлшей алады.
- сызғыштың көмегімен қорап көлемін анықтай алады..
|
https://www.youtube.com/watch?v=UlAutNU4yNY
|