Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлі қандай Сабақ мақсаты



Дата18.11.2022
өлшемі0.99 Mb.
#465195
түріСабақ
9 сын 2 апта құқ (2)


Бөлім тақырыбы:
9.2 Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы
Сабақтың тақырыбы:
Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлі қандай
Сабақ мақсаты:
  • Сайлау – сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға адам таңдау науқаны. Азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны болып табылады.
  • Сайлау жүйесі – Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі.
  • Сайлау құқығы – Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады.
  • Сайлау комисиясы – сайлауды ұйымдастырып, өткізуші алқалы орган

Тірек сөздер
1-тапсырма. Кестені толтыр
(4 ұпай)

Сайлау құқығы қағидаттары

Жалпыға бірдей сайлау

Тең сайлау

Төте сайлау құқығы

Жасырын дауыс беру

 




2-деңгейлі тапсырма. (3 ұпай)
Сайлау күні көп адамдар сайлау бөлімшелеріне кәмелетке толмаған баалармен келеді. Ата аналары дауыс беру кабинасында баласының қолына қалам беріп, қай жерді белгілеу керек екенін көрсетіп, содан кейін бала дауыс беру жәшігіне бюлетеньді салады.Аталған жағдайда дауыс беру қағидаттары бұзылды деп ойлайсыңдарма (бізде сайлау жалпы, тікелей, тең түрде, жасырын дауыс берумен өтеді)?
2-деңгейлі тапсырма. (3 ұпай)
Е деген 19 жастағы студент өз университетінің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Ол түрлі патриоттық іс шаралар, экологиялық акциялар өткізіп, университеттегі басқа студенттердің арасында беделді болды. Студенттер оған Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты болу үшін сйлауға қатысуды ұсынды.
Е. ҚР Мәжілісінің депутаты бола алама? Қай жастан бастап депутат бола алады? Депутат болу үшін оған тағы не істеу керек?
Оқу тапсырмасы
Сайлау деген не? Демократия құруда сайлау қандай рөл атқарады? деген сұраққа жауап беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет