Сабақтың ортасы
|
«Ата – ана», «ататек» жалпы ұғымы қандай?
«Ата – ана», «ататек» - бір – біріне мағынасы жақын сөздер. Олар «ата» сөзінен тарайды. «Атадан» отбасының бірнеше тегі өрбиді. Оны ұрпақ деп атайды.
Суретке қараңдар. Ағайынды Арман мен Дәуреннің әкесі мен анасы жағынан туыстарын атап бер.
Анасы жағынан туыстарын нағашы деп атайды екен. Суреттегі анасының жағындағы кісілер нағашылары.
Кез келген адам өзінің ататегін білу қажет. Біз – өз ата – бабамыздан тараған ұрпақпыз. Жас ұрпақ үлкендердің берген тәлім тәрбиесін бойына сіңіріп өседі.
Сендер жақсы істеріңмен, өнер – білімдеріңмен ата – әжелеріңді, ата – аналарыңды қуанта аласыңдар. Ол қандай іс болуы мүмкін?
Дескриптор:
Өзінің ататегін, шежіресін, руын біледі.
Жеті атаға кімдер жататынын атап бере алады.
|
Оқушылар өз ойларын айтады.
«Ата – ана», «ататек» сөздерінің мағынасын түсінеді.
Әкесі және анасы жағынан туыстарын атап шығады.
Нағашы атасы мен әжесін атап береді. Жиен, бөле дегеннің кім екенін біледі.
Өздері жақындарын қалай қуанта алатыны туралы айтып береді.
Суретке қарап отыр жеті атаны атап береді.
|
Қол шапалақтау әдісі арқылы бағаланады.
Бағдаршам әдісі бойынша бағалайды.
|
Кітаптар
Бағдаршам суреті.
|