Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
І нұсқа
Оқу мақсаты:
10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау
10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Бағалау критерийі
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратып, мәтін идеясымен байланысын анықтай алады;
қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазып, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі;
Тыңдалым.Аудиомәтінді тыңдап,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. (5 балл).
Тыңдалым -5 балл
Мақсаты: 10.1.4.1- прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыаазаматтық мәселені айқындау.
Тапсырма. Мәтінді тыңдап, тапсырманы орында.
Бүгін біз нарық заманында өмір сүріп отырмыз. Отандық өніміміз сатылмаса, кіріс те болмайды. Бұл талап барлық салаға тән. Өнеркәсіпке де, ауыл шаруашылығына да, бизнеске де қатысты. Нақты нәтиже болып, өнім сатылса, табыс түссе, жалақы да, әлеуметтік көмек те көтеріледі. Кіріс болмаса, түсім де болмайды. Мінсіз әрі еркін экономика, шындығында, мүлдем жоқ. Бірақ нарықты реттеушілер бар. Оны қазіргі күні әр ел өз мүддесіне қарай қолдануда. Әрбір дамыған ел өзінің өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, бизнесін тікелей қолдауда. Олар шетелдік өнімдерге тыйым салуда. Қазақстан өзінің тауарларын 4%-ға, Франция 25%-ға, ал америкалықтар одан да көп пайызға қолдайды. Қолдамау деген – өзіміздің ауыл шаруашылық тауарларымыздың бәсекелестікке қабілеттілігін төмендету деген сөз. Біз шетелден тауар ала береміз, ал өзіміздің өндіріс тоқтап қалады. Міне, еркін нарықтық экономика деген осы. Өзіміздің өнімге өгейлік танытпай, қолдау білдіру – әрбір азаматтың ұстанымы болса, игі.
Достарыңызбен бөлісу: |