Сабақтың тақырыбы: Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет1/2
Дата06.02.2024
өлшемі330.76 Kb.
#490957
түріСабақ
  1   2
4 такырып


Білім беру ұйымының атауы

№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы

Пәні:

Құқық негіздері

Бөлім:

Жеке құқық
Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары

Педагогтің аты-жөні:

Айкашова К.

Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.1.7 - мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымын және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру;
10.3.1.8 - құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру;Құқықтық жағдаятты талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру

Құндылықтарға баулу

Руханижаңғыру, «Мәңгілік ел» бағдарламасы. Өзарасыйластық пен басқаныңқұқығынсыйлауға баулу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Ой салу

«Менің автокөлігім» «Менің үйім» «Менің затым»
Меншік деген ұғым бойынша ой толықыны әдісін қолдану арқылы сыныптың түсініктерін тексеріңіз

Сабаққа ынталанады.
Жағымды ахуал туады.
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Тақырып
тық суреттер

Жаңа білім



1 тапсырма.Мағынаны ашу
-Сіздің отбасыңыз қандай меншік иеленетіндігі туралы ойланыңыз. Мысалы, үй секілді ірі жеке меншік, киім-кешек сияқты ұсақ заттарды қоса алғанда 10 затты таңдатыңыз. Келесі сұрақтарды қойыңыз:
-Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз?
-Біз осы меншікті иеленуге заңды құқықты қалай аламыз (иелену, пайдалану, билік ету)?
Оқушыларға меншік иеленуді құқықтық құжаттар көмегімен куәләндірудің түрлі жолдары туралы қосымша түсіндіре кетіңіз.
Оқушылар меншікке алған заттарды және оны растайтын құжаттарды тізіп, кестеге жазуларын сұраңыз және бұл тізімге киім - кешек сияқты ұсақ заттан бастап, автокөлік немесе жер учаскесі секілді заттар енгізілуі керек екенін ескертіңіз.
Тапсырманы қорытындылау ретінде оқушылардан кез-келген адамның меншік иелігін растайтын арнайы құжатты қажет ететін заттарды атауын сұраңыз.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Меншік дегеніміз не? Ол қандай өкілеттіліктерден тұрады?
2. Меншіктік лауазым дегеніміз не және ол қалай көрініс табады?
3. Қазақстанда меншік формасының қандай түрлері бар? Оларға анықтама беріңдер.
4. Жалпы меншік құқығы дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңдар.

2 тапсырма. Ақиқат жалған



Меншік құқығының тоқтатылуының 3 түрі бар




Жер учаскесін басқа тұлғаға сату-меншік иесінің еркінен тыс меншік құқығының тоқтатылуына жатады




Мүлік иесінен мәжбүрлі түрде алу жағдайы-тәркілеу




Мүлікті өндіріп алу-сот тәртібімен жүзеге асады







Оқушылар меншікке алған заттарды және оны растайтын құжаттарды тізіп, кестеге жазады және бұл тізімге киім - кешек сияқты ұсақ заттан бастап, автокөлік немесе жер учаскесі секілді заттар енгізеді.
Дескриптор:
Меншік құқығын анықтайды;
Қазақстанда меншік формасының қандай түрлері атайды;

Оқушылар берілген мәтіннің ақиқат немесе жалған екенін ажыратып жазады





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет