Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жағымды ахуал қалыптастыру.
Үй тапсырмасын еске түсіру. «Ашық және жабық сұрақтар» қою арқылы өткен тарауды қорытындылайды.
І. Қызығушылықты ояту
Қасқыр. Табиғат .Адамзат.
Осы үш тірек сөзді байланыстырып, өз пікірін білдіреді. Сабақ тақырыбын анықтайды.
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің тақырыбын таңдап алуының бір себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алады: «Бірде мен қабырға күнтізбесін (1929 жылдың) сатып алдым. Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр. Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін есіне түсірген болуы керек, енді міне, күн сайын көз алдынан осы суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын», — дейді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
ІІ. Мағынаны тану«Тірі кітап» әдісі
М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер таратылады. Оқушылар оқып, танысып, «Идеялар тақатасына» алған мәліметтерін түсіреді.
Идеялар тақтасы
Дескриптор:
|