Сабақтың тақырыбы Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы



бет1/4
Дата17.04.2024
өлшемі76.47 Kb.
#499019
түріСабақ
  1   2   3   4
Ашық сабақ 8 сынып Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы



8.4.Көбею

Мектеп: Мерей ЖОББ мектебі

Күні: 6 ақпан 2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Туысов Рамир Серикович

Сынып:

Қатысушылар саны: 16

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.2.2.1 тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

  • тірі ағзалар тіршілігіндегі митоз және мейоздың маңызын анықтау;

  • митоз және мейоздың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау;

  • митоз және мейоз үдерістерінің биологиялық маңызын сипаттау(репродуктивті денсаулық).

Бағалау критерийлері

  • тірі ағзалар тіршілігіндегі митоз және мейоздың маңызын сипаттайды;

  • митоз және мейоздың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді;

  • митоз және мейоз үдерістерінің биологиялық маңызын анықтайды(репродуктивті денсаулық).

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттары
Оқушылар:

  • жасушаның митоз және мейоз арқылы бөліну жолдарының маңызын;

  • жануарлардың жыныссыз және жынысты көбею жолдарын тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша түрде сипаттай алады.

  • споралы өсімдіктердің ұрпақтарын сызбада атап көрсетіп жаза алады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Митоз, мейоз, еншілес хроматидтер, жасушаның тіршілік циклі, гаметалар, диплоидты, гаплоидты хромосома жиынтығы.


Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Митоз (мейоз) –бұл ...жасушаның бөлінуі, осы кезде ...
Митоздың(мейоз) нәтижесінде...жасуша пайда болады.
Митоздың (мейоз) нәтижесінде ...
Митоздың (мейоз) биологиялық маңызы ...



Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.
Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.
Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.
Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет