Сабақтың тақырыбы: «Өлкенің жарық жұлдызы атанған Жаржанның Жармағанбетов»



Дата25.02.2016
өлшемі32.47 Kb.
#21144
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:

«Өлкенің жарық жұлдызы атанған Жаржанның Жармағанбетов»

Мақсаты: Өлкеміздің біртуар тұлғасы Жаржан Жармағамбетовтың өнегелі өмірін насихаттау.

Білімділігі: оқушының өз өлкесі туралы білімділік танымын кеңейту.

Тәрбиелілігі: өз туып- өскен өлкесін сүйіп, қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы:оқушылардың туып өскен еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліктер:

Шалқардың тарихы туралы стенд, өлкеміздің ақын-жазушыларының суреттері,шығармалары, презентация, видео- ролик, туған өлке электронды каталогы, кітапша, өлкетану картотекасы.



Кітапханашы:

Талай дарындылардың, тума талантылар мен ақын-жазушылардың мекені атанған Шалқар топырағы киелі. Балалар назарларыңыздағы (интерактивті батыр І.Үргенішбаевтың, классик жазушы Т.Ахтанов, Т.Мәндібай, сәулетші Төлеу Бәсеновтің суреттері тақтадан көрсетіледі)

Осы киелі, абыройы асқан, дәулеті тасқан құт мекеніміз - Шалқар ауданына биыл 80 жыл. Осы өлкеміз туралы жарық көрген Шалқар анықтамалығынан қане, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өлкенің жарық жұлдызы атанған Жаржанның жарқын бейнесі» жарық жұлдызы атанған Жаржан атамыз туралы деректі тауып алайық та өмірдерегіне көз жүгіртейік.

Қане, балалар, бүгінгі сабаққа ынта-ықыласпен қатысу үшін бәріміз: «Туған өлкемізді сүйеміз! Құт мекенімізді көркейтеміз!

Шалқар шаһарының тұлғалы азаматы боп өсеміз! » -деп хормен айтамыз.

Кітапханашы:

Өлкемізді көркейтуге сүбелі үлес қосқан, саналы ғұмырын елі, халқы үшін сарп еткен өз өлкеміздің іргетасын қалаған, көркейтуге үлес қосқан туған өлкеміздің тұлғасы, жарық жұлдыздарының бірі Жаржан Жармағамбетов.

Бүгінгі танымдық сабағымыздың тақырыбы «Өлкенің жарық жұлдызы атанған Жаржанның жарқын бейнесі»

1оқушы: Өмірбаянын айтады.

(20.02.1919-09.08.1975)

Жармағамбетов Жаржан 1919 жылдың 20 ақпан күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданының №17 ауылында дүниеге келген. 1928 жылға дейін ата-анасының қарамағында тәрбиеленген. 1928 жылы Қарашоқат бастауыш мектебіне келіп 4 кластық білім алып, Шалқар орта мектебінен 10-шы класты бітірген 1937-1939 жылы Ақтөбенің мұғалімдер институтының студенті болған.1939 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылып, 1941 жылдың маусымынан 1945 жылдың мамырына дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың қаңтарында Комунистік Партия мүшесі. 1946-1954 жылдар аралығында партия істерін насихаумен бірге жастарға патриоттық тәрбие берген.
2оқушы:

1954 жылы мамыр айынан 1955 жылы Аудандық мәдинет бөлімінің меңгерушісі болған.

1955 жылдан 1963 жылға дейін Шалқар аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

1963 жылдың ақпанынан 1965 жылдың тамызына дейін Шалқар мал семірту пунктінің директоры, 1965 жылдың тамызынан 1968 жылдың 15 сәуіріне дейін (Южный) совхозында партком хатшысы болған.

1957 жылдан 1971 жылға дейін Шалқар қалалық және аудандық кеңесінің депутаты болып сайланған.

3оқушы: Соғыстан кейін қызмет атқарған кездерінде 1957 жылы (Тың жерлерді игергені үшін) медалімен (№653618) (еңбектегі ерлігі) медалімен (586836) 1969 жылы (Совет Әскеріне 50жыл) 1970 жылы (Еңбектегі ерлігі үшін) медалімен (№991700) 1975 жылы (Ұлы жеңіске 30 жыл) медалімен марапатталған.

1968 жылдан 1975 жылға яғни өмірінің соңына дейін Шалқар қалалық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланған.



4оқушы: Жармағамбетов Ж. 1968-1975 жылдары Шалқар қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарған кезде қаланы көркейтудің бас жоспарын бір жүйеге келтірді, көптеген ғимараттар салынды, көшелер асфальтталынды және сол жылдары (Бухара-Орал) газ құбырын жүргізген кезде мемлекеттік тұрғын үй, өндірісі обьектілерін салу мәселелерін шешу үшін Мәскеудегі СССР газ өнеркәсібі министрлігімен тікелей байланысқа шығып, қаладағы өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді газбен жылыту мәселесін түбегейлі шешті.

Өлкеміздің адал перзенті Ұлы Отан соғыс ардагері











Туған жердің Халқымыздың парасатты



зиялы азаматы тұлғасы
Сабақты қорыта келе Жаржан кім, өлкемізді көркейтуге қандай үлес қосты?

Кітапханашы:

Аудандық мұражайдан алынған мына картада Жаржан атамыздың әскери өмір жолы, жүріп өткен ізі өз қолымен жазылған, ал бейбіт күндегі өткізген саналы ғұмыры туралы хронологиялық дерек түрінде ғана айтылуда, оны зерттеп, кітап жазу бүгінгі жас сіздерге аманат, сондықтан ізденіп осы мәліметтерге сүйене отырып, ғылыми жоба қорғаңыздар. Сонда ғана «өлкетану картотекасына» тағы бір туынды қосылмақ.(Картотеканы көрсету)

Ел дамуы үшін ел азаматтары болады. Өнегелі өмірдерегі бар ұлы адамдардың өткелдері бізге әрдайымда үлгі болады. Болашақта сіздер де ел игілігі үшін қызмет ететін азаматтар болып өсіңіздер!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет