Сабақтың мақсаты: - тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау
- Ыңғайластық жалғаулықтарды атаңыз.
- Қарсылықты жалғаулықтарды атаңыз.
- Жаһандану қатар жүретін жағымды (және, әрі) жағымсыз әсерлі құбылыс
- Бүкіл әлемді ғаламдық (және, әрі) экологиялық мәселелер ойландырып отыр
- Далада жаңбыр жауды (бірақ, дегенімен) күн жылы,
Жаңа сөздер Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (Главные члены предложения) - Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады.
- Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
- Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.
- Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады
- Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады.
- Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.
- Бұл сөзге бәрі жамырай күлді.
- Дәмеш осы үйдің үлкені
- Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.
Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелерді тап - Білген адам білімді өмір бойы іздейді.
- Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
- Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
- Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
- Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |