Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер түрінің сан алуандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға білім тереңдету мақсатында қосмекенділер, олардың тіршілік етуі, қосмекенділердің түрлері жайында мағлұмат беру
Тәрбиелілігі: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдықты ояту. Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Экологиялық сауаттылықтарын аша отырып, қоршаған ортадағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасай білуге баулу.
Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерін қолдана білу (мәтін, сурет,
жинақтамалар, слайд және электронды оқулықтар). Оқушылардың ойлау, есте ақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қосымша оқулықтар, интерактивті тақта
Басқа пәндермен байланысы: география, информатика
Сабақтың барысы:
І. «Көпір» кезеңі ( 5 – 7 мин )
І. 1 Ұйымдастыру сәті
І. 2 Алдыңғы тақырыптың тапсырмаларын үйден аяқтап келгендерін тексеру;
І. 3 «Көпір» тапсырмалары
Класс неліктен қосмекенділер деп аталған?
Космекенділердің балықтардан айырмашылығы неде?
Құрбақа қалай тыныс алады?
Қосмекенділердің қанайналымы қалай жүзеге асады?
Балық қанқасының құрбақа қанқасынан айырмашылығы бар ма?
Құрбақаның қандай сезім мүшелері бар?
Құрбақада бүйір сызығы болама?
Құрбақаның ішкі құрылысының ерекшеліктеріне мына кестені толтырыңдар
Асқорыту жүйесі
|
Тыныс алу
|
Қанайналымы
|
Зәр шығару жүйесі
|
Жүйке жүйесі
Сезім мүшелері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ кезең ( топтық жұмыс )
Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
А) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды. ( )
Ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды ( )
Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теория бойынша «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қашан? Қандай? Не істеді?)
Қосмекенділер отряды
|
Тұқымдасы
|
Мекен ету ортасы
|
|
|
|
|
|
|
“Кім жылдам?”
● Қосмекенділер қандай отрядтарға бөлінеді?
● Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады?
● Қосмекенділердің қан тарату жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?
● Қазақстанда мекендейтін құрбақаларды ата?
● Жетісулық бақатістің дене тұрқы қанша см?
● Қосмекенділер қос жынысты ма, дара жынысты ма?
● Қосмекенділердің ұрықтануы қалай жүреді?
Слайд арқылы суреттерге қарап отырып, сұрақтарға жауап беру.
Теория бойынша: «Түсіну»
(неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)
● Неліктен қосмекенділер деп аталады?
● Не себепті қосмекенділер терісі арқылы тыныс алады?
● Қосмекенділердің пайдасын түсіндіріңдер
Теория бойынша: «Талдау»
Қосмекенділер ------------- Ерекшеліктері ---------------- Ұқсастықтары
Құйрықты
Құйрықыз
Аяқсыз
Қосмекенділердің отрядтарын ата және берілген жануарларды отрядтарға бөл
(Тритон, шөп бақа, жасыл құрбақа, жетісулық бақатіс, саламандра, құртпошым, көл бақа, цейлондық жыланбалық )
Қосмекенділер отряды ------------------- Жануарлар
«Биологиялық диктант»
● Қосмекенділердің терісі......,....... және...... болып келеді.
● Қосмекенділерде алғаш рет.................. пайда болған.
● Қомекенділер........... жынысты жануарлар.
● Қосмекенділер ежелгі..................................... пайда болған.
● Аяқсыз қосмекенділерде..... де,................................ болмайды.
● Құйрықсыз қосмекенділердің................... түрлері бар.
●.............. құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Теория бойынша: «Жинақтау»
(қорытынды шығаруға бағытталған мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кете, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек )
Сызықтық диктант
Дұрыс жауап – ●
Қате жауап – ○
1. Бақаның тыныс алу мүшесі – өкпе.
2. Жүзбеқанат – болады
3. Миы 5 бөліктен тұрады.
4. Бақаның жүрегі – 3 бөлікті.
5. зәр шығару мүшесі – екі бүйрек
6. Бақалар – қос жынысты омыртқалы.
7. Аталықбез – шоғал.
8. Бақаның даму сатысы – уылдырық, дернәсіл, шабақ, балық.
9. Бақаларда сезім мүшесі дамымаған.
10. Бақаларда арнайы сезім мүшесі – бүйір сызығы
Сұрақтарға жауап бере отырып, қосмекенділерге тән белгілерді сызбаға түсіріңдер
Қосмекенділерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
o Олардың тіршілік ететін ортасы не?
o Денелері немен қапталған?
o Аузындағы тілінің қандай ерекшелігі бар?
o Тыныс алу мүшелеріне не жатады?
o Қанайналым жүйесінің ерекшелігі неде?
o Бас миының құрылысы қандай?
o Бақалардың есту мүшесінің ерекшелігі?
Үйге тапсырма: Оқу түсінік айту Сұрақтарға жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |