Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту. 35+15; 50 15; Сабақтың мақсаты: Қосу және азайтуды орындау тәсілдерін түсіндіру



Дата14.06.2016
өлшемі20.91 Kb.
#135873
түріСабақ

Қосу мен азайту. 35+15; 50 – 15;


Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту. 35+15; 50 – 15;
Сабақтың мақсаты: Қосу және азайтуды орындау тәсілдерін түсіндіру.

1. Білімділік міндеті: Екі таңбалы санды қосуды және азайтуды орындау дағдысын қалыптастыру. Есептер шығаруға жаттығу. Өрнек құру және оның мәнін табуға жаттығу.


2. Дамытушылық міндеті: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызша есептеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік міндеті: қатесіз, шапшаң есептеуге,ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Оқыту жабдықтары: плакаттар, суретттер, ойындар,үлестірмелер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: сөздік әдісі, өз бетімен жұмыс, логикалық
әдіс, топтастыру, таңдап алу сауалнамасы.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.


Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, плакаттар, суреттер.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

Өзіміз туған,көбелек қуған.

Өлкеде өсіп, туамыз,

Жалықпай оқып,Көңілге тоқып-

Білімді адам боламыз!
Оқушыларды көк және қызыл алма жемісімен екі топқа бөлу.

1-ші топ «Білімділер» қызыл алмалар

2-ші топ «Тапқырлар» көк алмалар

Топпен ақылдаса, бірлесе отырып есептің жауабын берсе сол топ жеңімпаз.

II. Өткен сабақты пысықтау сұрақтары.

Бәйге сұрақтары.

1.Ең кіші бірлік (1)

2.5онд.тікелей кейін келетін толық ондық сан (60)

3.Қосу компоненттерін ата.

4.Ең үлкен ондық (99)

5.2онд. 7онд арттыр (90)

6.6 бірліктің көршілері (5,7)

7.4 бірлік пен 3 бірліктің қосындысынан 5бірлікті кеміт (4+3-5)

8.1 сағатта неше минут бар? (60)


III. Жаңа сабақ:

Қосу және азайту. 35+15, 50 - 15.

35+15=(35+10)+5=50.

50-15=(50-10)-5=35


«Ой қозғау»


24+6 70-2 55+5 30-6 57+3 93+7 100-4
IV. Сергіту сәті.

«Қарлығаш» биі



V. «Ойлан тап!» Есепті дұрыс шығарсақ қазақтың ұлы ақыны шығады.

Тапқырлар тобы.

№1 а)55+25 60-24 62+28 80-39

55+20-5 60-20-4 62+20+8 80-30-9

Абай




Білімділер тобы.

ә) 73+17 37+23 35+55 24+36 80-17 60-23

80-45 90-46 70-13 90-14 90-36 50-23

34+26 28+12 36+44 13+77

Құнанбаев

VI. Дәптермен жұмыс


№2. Есептерді шығару. Екі топқа есеп беру.

а) 2 «А»сынып сыйлық-26 ә) 2 «А»сынып сыйлық-26

2 «Ә»сынып -4сыйлық артық 2 «Ә»сынып-4 артық

Барлық сыйлық қанша? 2 «Б»сыныбы 2 «Ә»қарағанда 6сыйлық кем


2 «Б»сынып қанша сыйлық дайындады?
Оқушылар есепті топпен ойланып тақтаға жазып шығарады.

№3. Теңдеу құру арқылы шығару.

а) Балалар қар лақтырысып ойнады. Бірінші командадағы балалар 15 қар кесегін,

ал екінші команда в қар кесегін жасады. Барлығы 20 қар кесегі болды.

Екінші команда неше қар кесегін жасады?

15+в=20
ә) Мұз айдынында 18 бала сырғанап жүр. Үйге а бала кетіп қалды. 9 бала қалды.

Неше бала үйге кетті?

18-а =9
VI.Сабақты қорытындылау: Кім жылдам?

9+6 8+6 14-9 16-8 13-5 5+9 8+4 6+9

11-4 4+7 15-7 15-9


VII. Үйге тапсырма:№4

VIII. Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет