Ортасы
30 мин
Жаңа сабақ
4-мин
Жұптық жұмыс
5-мин
5-мин
Сергіту сәті
Соңы
Үй тапсырмасы:
|
Оқушылар суреттен не байқап тұрсыздар?
Бұл суретке қарап бүгінгі тақырыпты қалай болжаймыз?
Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай?
Жарайсыңдар оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Т. Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңі.Ендеше өлеңді оқымас бұрын автормен танысып алайық. Автор туралы
Темірхан Медетбек ақын, коғам кайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. 1945 жылы 6 наурызда Түркістан облысының Амангелді ауылында дүниеге келген. Ақын қазақ поэзиясын өршіл рухты жаңашыл туындыларымен байытты. Алғашқы жыр жинағы "Жанымнын кұрағы" деген атпен жарық көрді.
1. Ақын Темірхан Медетбек туралы не білдіңдер?
2. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар енді өлеңді мәнерлеп оқимыз.
Ақын өлеңі қандай оқиғаға арналған?
Өлең неліктен «Тәуелсізбін» деп аталған?
1-тапсырма. Өлең үзінделерінен көркемдегіш құралдарды тауып жазыңыздар.
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін.
Келді, міне, азаттығым, теңдігім. Бостандықта бойлығым мен ендігім,
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!
Жаным менің, Қаным менің тәуелсіз! Арым менің, Жарым менің тәуелсіз! Заным менің. Бағым менің тәуелсіз! Әнім менің, Дэнім менің тәуелсіз!
Қалай жүрмін құламай!
Қазды менің түбімді.
Сөз айтып ем шыдамай!
Қырқын алды тілімді.
Кеуделерді тарылтпастан кек кызын, Кетеді одан өр далама өрт түсіп… Құска айналып кеудемдегі жүрегім, Сүйіншілеп келер күнге кетті ұшып.
Дескриптор:
-өлеңнен көркемдегіш құралдарды (метафора, кейіптеу, ауыспалы мағынадағы сөздер т. б) табады.
2-тапсырма.
1. Шығарманың басты идеясы, негізгіі түйін кандай?
2. Венн диаграммасы. Тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстан мен бүгінгі Қазақстанды салыстырыңдар.
Дескриптор:
-шығарманың басты идеясын табады;
-негізгі түйінін табады;
-тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды диаграммаға сызып, салыстырады.
«Менің қалпағым» əдісі арқылы сергіту сəті.Бұл баланың шаршағанын басуға көмектеседі.
Random group платформасы арқылы 3 топқа бөлемін:
Топ
Топ
Топ
1 топ- «Тәуелсіздік» тақырыбына постер қорғау.
2 топ- «Тәуелсіздік» ұғымына тек қасиеттерді топтастыру сызбасы арқылы корсетіңдер.
3 топ-«Тауелсіздік» сөзімен үш сөзжұмбақ құрастырыңдар.
Дескриптор:
Топқа берілген тапсырмаларды орындайды.
Ал оқушылар сабағымызды қорытындылайық.
Бүгін біз қандай тақырып өттік?
Кері байланыс берейік.
Тәуелсізбін өлеңін жаттау (5 шумақ)
|
Ықтимал жауап:
Суреттен туымызды көріп тұрмыз т. Б
Бүгінгі тақырып егеменді ел немесе тәуелсіздік туралы болуы мүмкін.
Ықтимал жауаптар: 1. Темірхан Медетбек ақын қоғам қайраткері. Түркістан облысы Амангелді ауылында дүниеге келген. Медетбек Темірхан көптеген кітаптардың авторы. Оның «Жанымның жапырақтары», «Сапар алдында», «Алыс шақырымдар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар», «Дауыс», «Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын»деген кітаптары бар.
2.Тәуелсіз ел дегеніміз көп нәрсеге құқылы ел. Тәуелсіз елдердің өздеріне тән тілі, діні, ділі және өз заңдары болады. Тәуелсіз ел ешкімнің басқаруымен жүрмейді, тек өз елінің президенттерімен ғана.
Ықтимал жауаптар:
Ақын: сол бір кездердегі халқының қаншама қорлықтан, кұл болудан қаншама соғыстан кейінгі еш алаңсыз бейбіт, тәуелсіз өмір сүруді өлең жолдарымен жеткізді.
Ықтимал жауаптар:
Бойлығым мен ендігім метафора, елім, мемлекетім деген мағынада жұмсалып тұр.
Шешіл енді-тілге қаратылып айтылып тұр кейіптеу, себебі тіл байланбайды.
Шерлі-эпитет үннің ерекшелігі көрсетілген.
Жаным-метонимыня-бүтіннің болшегі Қаным, Арым, Жарым, Бағым, Әнім, Дәнім метафора, ойткені адам, келешек, ұрпақ, отбасы деген ұғыммен алмастырылып берілген сөздерімен. Бұл жерде, бұл сөздер ауыспалы мағынада қолданылып тұр.
Түбімді-метафора ұлт деген ұғымда алынып тұр. Қырқып алу-кейіптеу тіл, біздің ана тілімізге қаратылып айтылған
Өрт метафра, ел арасындағы жанжал деген мағынада жұмсалаған. Метафора ауыспалы мағыналы суреттеме Құска айналу кейіптеу, ойткені журек құсқа айнала алмайды. Кетті ұшып кейіптеу, жүрек ұта алмайды. Жансыз парсеге жан бітіріп тұр кейіптеу болады
Ықтимал жауаптар: Негізгі идеясы:«Тәуелсізбін»өлеңінде кең байтақ тәуелсіз елде тыныш,бақытты тәуелсіз өмірсүріп жатқандығын зор қуанышпен, асқақ мақтанышпен жырлайды.Қазақ елі тәуелсіздікті сан ғасырлар бойы армандады.Сол арманға жету жолындай талай сынақтардан өтті.
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға шүкір ету керек т.б.
3 топқа бөлінеді
Ортаға шығып, топпен берілген тапсырмаларды қорғайды.
Ықтимал жауаптар:
Біз бүгін Темірхан Медетбекпен танысып,«Тәуелсізбін» өлеңін оқыдық.
|
|
Интербелсенді тақта
Дəптер, қалам, кітап
Кітап
Дәптер, қалам
Дәптер, қалам
А4 қағазы түрлі түсті қарандаштар
|