Поэмасы М.Әуезов «Көксерек»



Дата15.02.2024
өлшемі16.28 Kb.
#491776
түріПоэма
7-сн. әдеб 3-тоқсан БЖБ №1


7-сынып Әдебиет № 1 БЖБ 08.02.24ж
«Балалар мен үлкендер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқылатын шығарма: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Оқу мақсаты: 7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі: Білім алушы
- Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды
- Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды
- Кейіпкер бейнесін ашады;
Ойлау дағдыларының деңгейі : Жоғары деңгей дағдылары
Уақыты: 20 минут


1-тапсырма . Көркемдегіш құралдарды сәйкестендіріңіз 5 балл



1

Жастықта жалынданып сүйген қандай! 
Баладай өксіп жылап, күйген қандай!

А

Синекдоха

2

Баянның інісі бар он бес жаста –
Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.

Ә

эпифора

3

Қалың қол ортасында Батыр Баян
Баянның батырлығы алашқа аян.
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен
Аузынан көбік болып бұрқырап қан.

Б

ассонанс

4

Еліне сол сұлуды, естен танбай.
Ер Баян жас сұлуды алып келген,

В

Риторикалық сұрақ

5

Еріксіз тамырларға у тарамай ма?!
Анттасып, айрылмасқа сөз байласып,
Бастық деп Арсыға адым санамай ма?

Г

аллетерация


2-тапсырма. Берілген жүйе бойынша Көксерек бейнесін жазыңыз
1. Көксерек пен қара ала төбет...
2. Себебі Көксерек...
3. Мысалы: Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. Бұны талап жатқанын көріп, өзге иттер де келіп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды. Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта «қыңқ» етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.


Бағалау критерийі



дескриптор

Балл

Көркемдегіш құралдарды табады

1

Синекдоханы табады

1

Эпифораны табады

1

Ассонансты табады

1

Риторикалық сұрақты табады

1

Аллетерацияны табады

1

Көксерек бейнесін талдайды



2

Берілген эпизодтардағы Көксеректің әрекетін таниды

1

«Көксеректің» өзіне тән ерекшелігін ажыратады

1

-оқиға желісін қолданады

1

- өз көзқарасын білдіреді.

1

Орфографиялық норманы сақтайды

1










10


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет