Практикалық тапсырма
. Мысалы: көз - түрлі түсті қарындашпен, мұрын - қарындашпен, ерінді - борлармен, құлақты - қаламсаппен.
Сұрақтар қою
1. Графика жасау техникаларына не жатады?
2. Графика өнері дегеніміз не?
3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?
4. Қандай графика өнермен таныс болдық? –
|
Оқушылар материалдармен эксперимент жүргізеді. Топтарда штрих, нүктелі және т.б. сурет салады.
А3 альбомын оқушылар 4 бөлікке бөледі. Әр бөлігінде әртүрлі материалдармен оқушылар адамның бет әлпетінің суретін салады
|
графика техникалары және материалдарымен эксперимент орындау;
портретті салу үшін техника мен материалдарды анықтау.
|
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия. «Жетістік баспалдағы»
Сұрақтарға жауап беру.
|
|
Бағалау
Оқушылар кішігірім көрме ұйымдастырады. Бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды
|
|
Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII - XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған.
Сабақ : № 1Бөлім :Визуалды өнер
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |