Сабақтың тақырыбы: Растрлық суреттерді құру және редакциялау. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата15.11.2023
өлшемі83.5 Kb.
#483295
түріСабақ
5-11.11Растрлық кескін құру және редакциялау


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютерлік графика

Педагогтың аты-жөні

Абсадықова К.С.

Күні

6.11.2023

Сынып: 5

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Растрлық суреттерді құру және редакциялау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.2 -растрлық кескіндерді жасау және өңдеу

Сабақтың мақсаты:

-Растрлық және графикалық редакторларының жұмыс істеу ерекшеліктерін біледі;
-Paint.NET графикалық редакторында кесіндерді жасау барысында геометриялық фигураларды салу құралдарын қолданады;
-Paint.NET , Photo Brush программаларының интерфейсінің жақсы жақтарына мысалдар келтіреді;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
«Ынтымақтастық атмосферасын» құрып, тілек айтып «Жүзік салу» әдісімен 2 топқа бірігеді.
«Құпия ақпарат» әдісімен мимикалық сұрақтар қою
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Компьютер алғаш пайда болған кезден бастап онда әртүрлі графикалық объектілерді кескіндеу мүмкіндігі туды.Бастапқыда компьютерде суреттер векторлық графика әдісімен салынды. Экранда екі нүктенің орны анықталып, олар түзу сызықтармен біріктірілді. Компьютер техникасының дамуына байланысты графикалық объектілерді құрастырудың көптеген әдістері пайда болды.

1.Мұғаліммен амандасады.
Жүзік салынған оқушы жылдам шығып үлгермесе мимикалық сұраққа жауап береді.

2.Сабақтың мақсаттарымен танысады, тақырыбын дәптерге жазады.



Көңіл күй смайликтері арқылы бағалау


 -5 балл


 -4балл

Жүзік, слайд
смайликтер

Сабақтың ортасы

«Кинометафора» әдісі. Жаңа тақырыпты Интернет желісінен бейне сабақ көрсету арқылы түсіндіру.
Қосымша ақпаратпен толықтыру: Графикалық редактор-компьютерде графикалық кескіндерді, суреттер мен фотосуреттерді өңдеуге арналған программа.
Векторлық графикада суретті түзу және қисық сызықтардың көмегімен координаталар арқылы салады.
Растрлық графикада кескін торкөздерге пиксельдер арқылы салынады.
Қазіргі таңда растрлық және векторлық суреттерді салып өңдеуге арналған графикалық редактор көп. Растрлық және векторлық графикалық редакторлардың жұмысын түсіну үшін Paint.NET растрлық және Photo Brush векторлық графикалық редакторымен танысайық.
Көрсетілім. Paint.NET графикалық редакторының терезесі. Paint.NET графикалық редакторының жұмыс істеу ерекшеліктері.
Көрсетілім. Photo Brush векторлық графикалық редакторының терезесі. . Photo Brush векторлық графикалық редакторының жұмыс істеу ерекшеліктері.

Растрлық суреттерді құру және редакциялау.


Растрлық суреттерді құру және өңдеуді үйрену үшін Paint.NET графикалық редакторында жұмыс істеу жолдарымен танысайық.


1-тапсырма.Топтық жұмыс. «Талдау» әдісі.
Екі программаның терезелерін ашып, құрылысын салыстырыңдар. Олардың терезе құрылысында, құралдарының орналасуында қандай айырмашылық пен ұқсастықтың барын анықтаңдар. Қай программаның интерфейсі ұнады? Несімен ұнады? Дәлелді мысалдар келтіріндер.



Дескриптор:

-Paint.NET және Photo Brush терезелерінің құрылысын салыстырады;
-құралдарының орналасуында айырмашылық пен ұқсастықтың барын анықтайды;

ҚБ: смайликтер

Сергіту сәті. «Топ-топ алақан, қолыңды соқ балақан» жаттығуы




2-тапсырма. Жеке жұмыс. Практикум
Оқулық §8, 38-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы.

Дескриптор:

- Paint.NET графикалық редакторды іске қосады;
-геометриялық фигураларды салу құралдарын қолданады.

ҚБ: смайликтер

Мұғалімді тыңдайды.
Бейне сабақты көреді, түсінгендерін талқылайды

1-тапсырманы орындайды, талдайды, салыстырады, мысалдар келтіреді


Бейне жаттығумен бірге баяу, жылдам,орта қимылмен жарыса орындайды
2-тапсырмасын Paint.NET бағдарламасында геометриялық кескіндерді салады



Смайлик
 -5 балл


 -4балл

Смайлик
 -5 балл


 -4балл
Жылы лебіздер
Смайлик
 -5 балл
 -4балл

Интербелсенді тақта/


Компьютер
www.Youtube. Каналы

кескіндер

Таратпа материалдар

Бейне жаттығу


Оқулық 38-бет

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Ауа райы» әдісі
барлығын түсіндім
Бір нәрсе түсінемін, бірақ
бәрін емес
Түсінбедім, қайталап қарау қажет

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 8
Геометриялық фигураларды пайдаланып, өз қиялындағы жаңа ою-өрнектің жобасын қағазға түсір.











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет