Қазақ әдебиеті 6-сынып Бөлім: «МЕН БАЛАҢ ЖАРЫҚ КҮНДЕ СӘУЛЕ ҚУҒАН...» САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаясы Әзірлеген: Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу ОҚУ МАҚСАТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
*Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын
отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;
*Әдеби эссе жазады.
1-тапсырма Сурет бойынша отбасы құндылығы туралы ойыңызды топтастырыңыз
Дескриптор:
- Сурет бойынша отбасылық құндылық туралы ойын жинақтайды;
- Құндылықтарды топтастырып жазады.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
Татулық
Үлкенді құрметтеу
Ауызбіршілік
Отбасылық құндылықтар
Сыйластық
Мейірімділік
Бауырмашылдық
Аянның басынан өткен жағдайлар - Ата-анасынан айырылып, ауылдағы нағашы әжесінің қолына келді
- Ана мейірімін көрген жоқ
- Ауылдың қиын өміріне бейімделді
- Ауыл балаларымен төбелесуіне тура келді
- Тобығын шығарып алды
- Әжесі қайтыс болды
- Аяғының жарақатынан балалармен еркін ойнай алмады
- Бапай шалдың үйінде жағдайы дұрыс болған жоқ
- Ауыл бригадирінің соққысына ұшырады
- Соғыстағы ағасынан қара қағаз келді
- Балалар үйіне кетті
2-тапсырма 2-тапсырма
«Еркін жазу» әдісі бойынша шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, «Аянның тағдыры неге ауыр болды?» тақырыбына әдеби эссе жазыңыздар. Сөз көлемі 50-60 сөз.
2-тапсырма
Дескриптор:
- Шығармадағы кейіпкерлердің қарым-қатынасын
отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;
- Аянның тағдыры туралы эссе жазады.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
Аянның тағдыры неге ауыр болды?
Шығармада Аянның тағдыры аянышты. Оның ата-анасы қайтыс болып, бала жетімдіктің ащы дәмін ерте татты. Жалғыз туысы анасының ауылдағы шешесінің қолына баруына тура келді.
Баланың жалғыз жанашыры мен туысы, әжесі, қайтыс болады. Ауыл балалары – оның жалғыз алданышы. Олар Аянның ертегісін тыңдау үшін ғана жүрген сияқты. Олардың шанасымен ойнау үшін, күнде бір ертегі ойластырады. Аяғын мертіктіріп алуы да оған ауыртпалық әкелді. Еркін ойнай да алмайды. Әжесі қайтыс болғаннан кейін, Бапай шалдың үйінде жағдайы жаман болды. Үміттеніп күтіп жүрген ағасынан да соғыстың кесірінен айырылып қалды. Балалық бақытты шақ Аянда болған жоқ.
Егер де Аянның отбасы аман болғанда, оның тағдыры осыншалық ауыр болмас еді. Отбасының бала өміріндегі орны маңызды екенін осы шығарма дәлелдеп отыр.
https://youtu.be/AyJWQceZgzk Сілтеме арқылы Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинақтап, хронологиялық кесте толтырып жазыңыз
ОҚУ ТАПСЫРМАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |